https://www.cialissansordonnancefr24.com/cialis-en-ligne/

Құсбегі жабдықтары

Бүркіт аңшылығына арналған жабдықтардың бәрі де аса қажеттіліктен шыққандығын әркім біледі. Олардың неге керек болғандығын, неден жасалатынын және әрқайсысының атауларын білудің өзінде де үлкен мән бар. Бүркіт аңшылығына арналған жабдықтар көп. Біз айтқалы отырған жабдықтар аттары тек шығыс облыстарда қолданылады. Біз оны түгел қамтып отырғанымыз жоқ.

Батыс пен оңтүстік облыстарда бұған ұқсамайтын жабдықтар мен атаулар болуы әбден мүмкін. Оған шек қойып, тек біздікі десек үлкен ағаттық болар еді де шынайы шындығымызға ешкім нанбас та еді. Алға қарай тиісті орындардың көмегімен үш жүздің құс ұстау ерекшеліктерін жинақтасақ та әрине, үлкен мол қазына болар.

Томаға. Бүркіт сән үшін томағаланбайды. Дұрыс үйретіп, баптап баулау үшін оның бала-шағаға, малға, итке, құсқа, қызылға ұмтыла бермеуі үшін және шап беріп ұстап алу қауіпінен сақтау үшін томағалайды. Сондықтан қолдағы бүркіт өз төңірегіндегі қызылды-жасылдан өз ортасынан азда болса бөлектелінеді. Бүркіттің екі көзін саңлаусыз жауып тұратын бас киімді құсбегілер "томаға" деп атаған. Томаға құстың басын қыспайтын, қажымайтын, басынан өздігінен түсіп қалмайтын етіп жасалады. Томағаны осы шарттарды толық білетін пішуге тігуге машықтанған томағашылар ғана тігеді. Томағаның олпы-солпы болмай, мінсіз шығуы үшін қалың былғарының тегіс жерінен үлгі салып, ойып алады. Пішуші шебер өз қалағанынша біртұтас немесе екі-үш бөлек кейде төрт бөлік етіп ояды да құрастырады. Тамақ баумен кейде бірге, кейде бөлек ойылады. Томаға шарттары бойынша әрі нәзік, әрі сұлу тігілген былғарының өзінен әдемі ою-өрнек шығарып, безендірілген томағаларды қазақ құсбегілері бір бестіден кем бағалаған емес.

Жезтұяқ. Бүркіт қасқыр, түлкіге түскен кездегі арпалыста абайсыздан саусағын жыртқыштардың аузына түсіріп алады да, ызалы аң ауызына түскен саусақты қыршып тастайды. Бүркіттің осы кемтарлығын толықтыру мақсатымен шеберлер оған жезден немесе темірден тұяқ жасап кигізеді. Қолдан жасалған осы тұяқты құсбегілер "жезтұяқ" деп атаған. Жезтұяқтардың қозғалысы өз тұяғындай болмаса да аңды ұстағаннан кейінгі қысу қимылында кемтарлығы көп білінбейді.

 

Аяққап. Бүркіттің саусақтарын түлкі шайнап тастаудан сақтау үшін әр саусаққа жеке-жеке кигізілетін саусақ қапты құсбегілер "аяққап" деп атаған. Аяққап саусақтың үстін жабады, бауыры ашық болады. Бауырында екі жерден жіңішке таспамен жалғастырып қояды. Аяққап таутеке мен елік терілерінің иін қандыра жұмсартылған қалың ұлпасынан ғана жасалады.

Сүзу. Құс әуелегісі келгенде өз құйрығының көмегімен тар аяда айналып, тез көтеріледі. Тез қашықтағысы келсе екі қанатын тең қағып, самғай жөнеледі. Сондықтар құсбегілер әлі етене бауыр баспаған құстардың тіленіп, ұшқанда қашып кетпеуінен сақтанып, кейде қанатын, кейде құйрығын сүзіп қояды. Қанат, құйрықтың табиғи әрекетін тосу үшін, сыңар шалғының түбінен жеңішке жіппен қатырып тастайды. Қолдан жасалған осы кемтарлықты - сүзу деп атайды.

Балақ бау. (Білезік) құстың екі жіліншігіне (балағына) бірдей тағылатын бау. Мұны құстың аяқ бауы деп атайды.

Балақ баудың іші жұмсақ киіз сырты былғары немесе жұмсақ иленген қайыс. Киізбен қайыс қабатталып тігіледі. Ен 2 елідей, ұзыны жіліншікті бір орап түйіліседі. Түйіліскен екі үшін біріктіріп, шолық аяқ бау тағылады. Демек құс аяғынан әр жіліншігіне балақ бау мен шолақ аяқ бау екеуі бірдей тағылады.

Шолақ аяқ бау. Бүркіттің жіліншігіне тағылған балақ бауды - бау деп атағанымен онда қолға ұсталатын ештеңе жоқ, тұлдыр білезік. Ал қолға ұстау үшін балақ бауға жалғанған екінші бөлігін шолақ аяқ бау деп атайды. Шолақ аяқ бау құсты қолға қондырғанда, жем тартылғанда, әсіресе ат үстінде алып жүргенде құс аяғын еркін қозғалтуынағ құсбегілердің аяқ баудан ұстап отыруына мүммкіндік береді. Құс аңға ұшқанда да осы шолақ аяқ баумен кетеді. Құсқа қол аяғының байлауы екін ұдайы сездеретін де балақ бау мен шолақ аяқ бау. Өйткені бұл екі бау аяғынан мәңгі түспейді.

Шолақ аяқ баудың ұзындығы бір қарыс болады. Оны жұмсақ иленген теріден түлеп алады. немесе ішкі терісінің таспасынан өреді, ширатады. Шолақ аяқ баудың бірі ұшы балақ бауға бекітіледі. Ал екінші ұшында металлдан, не қайыстан жасалған шығырық болады.

Ірге бау. Бүркіттің аяқтарына тағылған балақ бауда, шолақ аяқ бауда аты бау болғанымен олар құсты байлауға келмейтін баулар. Құсбегілердің құсты бір орынға қондырып байлағысы келсе немесе бірер жағдайда аяқ бауды ұзартып ұстағысы келсе, шолақ аяқ баудан екі ұшындағы шығыршықтан құлаштай қайыс өткізіп ұзартады.  Ол қайысты бірде күрмеп, бірде шешіп, жатудың қолайсыздығын білетін құсбегілер қайыстың бір басына тиек бекітеді. бір басында тиегі бар құлаштай қайысты қаласа тез суырып қалады, қаласа шығырықтан өткізе салады. Шолақ аяқ бауды ұзартуға арналған, бір басында тобыршығы бар осы қайысты құсбегілер ірге бау дейді.

Тобыршық. Ұзындығы бармақ елідей ағаш тиектің ортасы қыналып, ірге баудың бір ұшына тігіледі. Құсбегілер осы тиекті тобыршық деп атайды.

Шыжым. Жаңа үйретіліп жүрген құсты шырға тартып, баулығанда шолақ аяқ баудың ұшындағы шығырыққа ұзындығы бес, алты құлаштай жіңішке арқан жалғанады. Бұл арқанды түйе, ешкі жүнінен еседі. Құстың қашып кетпеуі үшін тағылатын осы арқанды құсбегілер шыжым деп атайды.

Биялай. Бүркітшінің оң қолына киетін қолғап. Бүркітті қолға қондырғанда алып жүргенде бүркіт тұяғы қолды зақымдамау үшін және бүркіттің де қолды мықты қысып, орнықты отыруы үшін лайықты жасалған. Оның іші киіз, сырты жұмсақ иленген тау ешкі, елік терісінің қалың мойнағынанн алынған қолғапты бас бармағы бар да, қалған төрт саусағы тұтас тұйықталған. Жеңінің сыртынан сұға салатын болғандықтан жеңі әрі кең, әрі ұзын жасалады.

Балдақ. Құстың үстінде алып жүруге арналған құстың салмағынан талмауы үшін оң қолдың білегін сүйеп, отыратын ашасында жұмсақ төсеніші бар тіреу. Төсеніші былғарыдан не қайыстан жасалады. Ол балдақ ашасының ішіне түсіп тұрады. Балдақ таяғының екінші басы бүлдіргелі, ердің қамшылар жақ алдындағы қапталындағы шөттікке бекітіледі.

Ат пен құйындата шапқанда балдақ көп толқымауы үшін балдақ таяғының орта шеңінен жеңішке қайыс бау өткізіп, ердің алдыңғы қасынан маңдайындағы бұжыралы шығырыққа байланады. Балдақ ағаштан не тау текенің мүйізінен жасалады.

Тұғыр.  Құсты қондырып қоятын орын. Көшпелі тұрмысқа лайық жасалады. Тұғырдың ұзыны екі қарыс сынық сүйемдей. Көлденеңі сүйемдей жұмыр ағашқа үш не  төрт талтақ сирақ бекітіледі. Биіктігі екі сүйемдей орнықты әрі жатаған келеді.

Жем саптыаяқ. Бүркітке жем беретін ыдыс. Оны кейде құс аяғы, жем тостағаны, құс саптыаяқ деп те атайды. Ағаштан ойып жасалады. Бұл ыдыстың сыйымы екі-үш литрден кем болмайды. Бір жағы құс тұмсықтау сопақ келеді. Бір жағында тұтамдай бабы болады. Сабына қайыс бүлдірге өткізіледі, ол байлап қоюға, салбурында қанжығалауға лайықталған.

Жем қалта. Аңға шыққанда құстың шақыру жемін салатын қалта. Тіленіп ұшқан құс кейде әр жағдаймен аңға түспей бір қиырға барып қонып қалады. Кейде құсты, аңды өзі қағып, өз алуға үйретілген бүркіттің иесінен шалғайлап ұшатын кездері де кездесіп тұрады. Осындай жағдайда құстың дереу қолға қондыру керек болса, жем қалтада алынып жүрген "қызылды" көрсету арқылы ғана шақырылады. Сондықтан жем қалтада қашанда қойдың таларсық еті, қоянның бөксесі, кекілік, үйрек әйтеуір шақыру үшін арналған қол басындай қызыл жем қалтада әр кезде де болғаны жөн. Құс аңшылығы көбіне қыс маусымында болатындықтан аязда "қызылдың" қатпауын еске алып, жем қалта киізден жасалады. Киіздің қыл қыбыры "қызылға" жұқпауы үшін қалтаның іші шүберекпен астарланған, әдемілік, сәнділік, талғамды да ескерген құсбегілер қалтаның сыртын оюлатып, зерлетеді. Жем қалта көлемі жағынан ұзын 25-30 ам, көлденеңі 20 сам мөлшерінде болады. Қалтаның бір жақ ішкі қырында түтік қыстыратын орын жасалған. Қалтада белбеуге ілетін бау бар.

Түтік. Бұл құстың ішіне су және басқа сұйықтық құюға арналып, әдейі жасалған аспап. Құсбегілер қалыңдығы саусақтай  тал таяқшаны жарып, оның ішін ояды да қайта қапсырып, түтік жасайды. Ұзындығы 25-30 см. Түтікшені немесе ұзын сирек құстардың жіліншігінен пайдаланады. Түтік құстың көмейіне жүгіртілетін болғандықтан оның ұшы мен сырты өте майда, жып-жылтыр әрі жұп-жұмыр келеді.

Ырғақ. Түзден түскен асау құсты алғашқы аптығын басып, біршама ырыққа көндіруге арналған орнықсыз тұғыр. Ырғақтың түрі көп. Ал оның көбірек пайдаланылатын түрлерінің бірі - қажетіне қарай екі ұшын екі жағына шығара қалдырып, шумақталған арқан. Ұқыпты шумақталған арқанның екі жағындағы артық екі ұшін шумақтың екі басынан бір жергеп шалып, тартады да арнайы қағылған (құстың құйрыңы жерге тимейтіндей) екі қазыққа немесе қолайлы деп тапқан орынға керіп байлайды. Егер арқанның орнына ағашты пайдаланғанда бүркіттің шеңгеліне толарлықтай таяқшаның (ұзындығы 4-5 қарыс) екі басынан жіп байлап, арқан ырғақ сияқты оны да керіп тастайды. Бұл тәсілмен жасалған ырғақтар (тұғырлар) өте мазасыз қалтқы секілді қалтылдақ келеді.

Оңды-солды бұлтылдап ойнақшыған ырғақта отырған асау құс жығылып түсуден сескенеді де тұяғымен шеңгелден қармап, бойын ұдайы теңеп ұстауға тырысады. Құс ұйқыдан қалжырап жығылып түскен кезінде оны күндіз-түні аңдып отырған құсбегі дереу орнына қайта қондырып қояды. Осылай басталған мазасыз ырғақ күн озған сайын құсты ұйқыдан қылдырып, тез қажытып, қолға тез көндігеді.

Қоя. Ит пен құста болатын ішкі кінараттың бір түрі. Жыртқыш аң мен жыртқыш құстар өз қорегін қыл-қыбырмен қылғи салады да содан ішке дерт байланады. Іште жиналған осы ласты хайуанаттар өзін-өзі табиғи емделу жолымен алды-артының бірінен сыртқа шығарып тастайды. Соны қазақ тілінде қоя дейді. Құсбегілер бүркіт пен тазының қоясын қолдан тастатады. Ал қоя тастату үшін салынған не берілген заттың өзін де қоя деп атаған.

Қоя салу. Құсбегілер құс бабын жан-жақты іздегенде құстың жалпы қоңына еті мен майына, қауырсыны мен жүніне, мінез-құлқына, көңіл-күйі, ажарына, ертелі-кеш шабытына, ұйқысы мен қалғуына, дауыс-дыбысы мен шақыруына, қанат қағуы мен желпінуіне, айнуы мен шүйіліне, аңды алу мен басуына, жемге ашқарақтығы мен тоқмейілдігіне, тағы да басқаларына қарай құстың бабын бақылап біледі.

Мұндай күрделі жұмысты бақылаудың өзі өте қырағылықты, жалықпауды талап етеді. Құс бабына келген келмегенін, әбден бабына түскен түспегенін, егер құс бабына жетпеген болса, несі жетпей тұрғанын, бабы бұзылған болса неден бұзылғанын егжей-тегжейлі білудің сыртында бабын табудың ендігі шарасын іздеп табуды да білу керек. Мұндай сәттерде мол тәжірбиелі білгір құсбегідер ғана баб шарасын дөп айта алады. Ал осыған орай айтқнда құстың кейбірін бабына келтірудегі көп істердің бір түрі - қоя салу.

Бүркіт қоясы. Құста болатын ішкі кінаратқа қарай бүркітке салатын қояның түрі көп. Төменде соның бірнешеуін атауға болады.

Киіз қоя. Бүркіт ішінде қыл-қыбыр бар деп шешіліп, құсқа қоя салғанда ол құсқанда өзіне көптеген қыл-қыбырды жабыстырып ала шықса, онда қоя өз міндетін орындағаны. Киіз қояның жебесі бір тұтам. Еттілігі бас бармақтай. Оны таза киізден жұмырлап тігіп жасайды да, сыртын әбден сыптығырлайды.

Тал қоя. Бүркіттің ішкі кінаратына қарай талдан да жасап салады. Тал қояның да ұзындығы бір тұтам, жуандығы бас бармақтай. Бірақ тал қояның сыртын таза ақ шүберекпен орап, тігіп тастайды.

Сүйек қоя. Бүркіт іші майлы деп болжаған құсбегілер ол құсқа сүйек қоя жұтқызады. Сүйек қояның құсқа зияны көптеу. Сондықтан оны  өте сирек және салмаса болмайды деген кезде пайдалана алады.

Бұл қояны жасағанда алдымен сүйекті отқа күйдіріп, оны үгітіп, ұсақтап таза ақ шүберекке жымырлап, үш-төрт қабат етіп орайды да тігеді. Оның да өлшемі жоғары да айтылған қоялар тәрізді.

Зерде. Кейде құс аңға түспей айнымалы бола берсе, оған зерде салады. Зерде дегеніміз, түйенің шуласына орап құсқа салған түз. Түз бен шула бүркітті дереу құстырады. Ішін айдайды. Бұл құстың ішін тазалаудың бір тәсілі.

Томыртқа. Құстың күнделікті бабына тән өлшеп берілетін жемнен сәл артық кетсе, құстың шабыт бабы дереу бұзылады. Ал сол күні бапты қайта қалпына келтіру үшін, уақытша болса да құсқа томартқа береді.

Томыртқа дегеніміз күртік қарды қолымен сығымдап, мұзға айналдыру. Бүркіттің әліне қарай осы мұз сықпадан бір екісін немесе бірнешеуін құсқа асатып жібереді. Кейде томыртқаға қант та бүркеді.

Мұсатір салу. Кейде құсбегілер бүркіт ішін мұсатір мен ғана тазалауды қосады. Мұсатір дегеніміз халық тұрмыста пайдаланып жүрген химиялық ерітінді. Содан белгілі мөлшерде суға салады да сол суды түтік арқылы құс аузына құяды.

Мұсатір құсты дереу құстырады. Ішін айдайды. Бүркіт ішін тазалаудың бұл да бір түрі. Жалпы алғанда бүркіт ішін тазартудың түрі аз емес. Бірақ мұның қай-қайсысы болса да құстағы кінаратқа және құстың күйіне қарай салынады.

Егер қоя, мұсатір, зерде, томыртқа сияқтылар дұрыс қолданылмаса, құстың бабын мүлдем бұзып жіберуі мүмкін. Мәселен еті өте ояң құстың қояны көтере алмауы да мүмкін. Ал өте семіз құсқа салған қоя оны "майын бөліп" жіберуі де мүмкін жәйт. Майы бөлінген құстың сол жылы бапқа келетіні де, келмейтіні де болады.

Сондықтан да қоя, зерде, мұсатір,  томыртқаларды қай құсқа салу керек қай құсқа салмау керектігін ажырата білген жөн демекпіз. Құсқа қояны білгір сыншылар мен құсбегілер ғана бере алады. Бұл іске тәжірбиесіз адамдар қатыстырылмайды. Қояны өз мөлшерінде бермей құсты өлтіріп немесе мүгедек етіп алғандар да өмірде бар. Бұл іске өте сақ болғанымыз жөн. Есте мұқият сақтайтын бір жәйт - тазалауға отырғызылатын құс қашан құлантаза бабына келгенше аңға салынбайды.

Мақалыны "Дәстүр" журналына арнайы дайындаған: М. Баяболда,

ОММ-ның жеке тектік мұрағаттармен және тарихи-құжаттық топтамалармен жұмыс бөлімінің жоғары деңгейдегі білікті маманы, мұрағатшы. 

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Now I suggest going to the site ( FreePornHq.Net ) and have a good time you'll find, of course, in the meantime, to please you even more you offer different language options, for example, for German ( Freier Porno ) you may come to the address. But, of course, not just German Portuguese service offer like as T ( Pornografia Grátis ) that the point is to provide enjoyment and to enjoy our page we enjoy doing anyway. Of course, you also we haven't forgotten about that Russian in Russia ( бесплатно порно ) address of our service you can get. In the meantime, our industry is important one of the visitors, we haven't forgotten them either, we have prepared a pretty nice area for the Japanese in this field we hope you'll be glad you our in the Japanese ( 無料ポルノ ) connection using the Japanese, you will be able to get service. We don't have the blog in your opinion? Of course, there's our blog that details more clearly with our content we aim to achieve so to achieve this, se ( Hd Porn ) a snapshot of all the content we have added to our site address address address and are constantly changing as this is given we hope that you'll enjoy our blog. Finally, I want to pass our address to your plurk to address this, we have also updated the snapshot if you want to reach ( Free Porn ) and click the link contact us at the address you instant content update, as well as quality that you can continuously Follow us and a world-renowned social networking plurk to encourage our followers at we hope you will be pleased with all the services. Hopefully you'll have a nice time.