Бата

Халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған және соншама уақыт жас ұрпақтың құлағына қорғасындай құйып, санасына сәуле төгіп келе жатқан асыл қазыналарының бірі – баталар. Баталар өзінің болмысы, құрылымы жағынан сан қырлы болып келеді. Бата немесе ақ тілектер барша елдің бәрінде де бар. Алайда дәл қазақтардікіндей поэтикалық, философиялық тұғырға көтерілгені кемде кем.

Бүгінгі көзі қарақты заман, оқымысты қоғам батаның не екенін бек жақсы біледі. Өйткені, сол батаны өз игілігіне жаратып отыр. 

Бата негізінен алғанда халықтық құбылыс. Батаны кейде аузы дуалы, білікті жандар, от ауызды, орақ тілді ақындар, тіпті сөзге шешен, бордай егіліп, судай төгілген ділмарлар да шығара берді.

Толығырақ: Бата

Қ.ТЕЛЖАНОВ КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР

Қанафия Телжанов қазақ кескіндеме өнерінің кеңестік тұлғаларының бірі. Кескіндемеші, қазақ монументті кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі, педагог, қоғам қайраткері ретінде танымал.

Қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бетбұрыс әкелген «Еңбек адамдарды» атты топтамасына «Атамекен», «Домбыра әуендері», екеуі де 1958 жылы кескінделсе, «Көкпар», 1960; «Тыныштық» 1964; «Кеңес», 1966. 1967 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы берілді. Төкеріс тақрыбындағы монумунтті полотнолардың «Қазақстан 1918 жылдары» 1980 – 81, «Бастау» 1967, «Қазан» 1970, «Бозаралдықтар» 1972 атты триптихтердің, тұрмыстық «Бүркіт салу», 1964; «Қыз қуу», 1966 және ұлттық «Абылай», «Бостандық үшін», 1990 тақырыптағы еңбектердің авторы. Телжанов жеке басқа табынушылық кезеңінің қасіретіне «Үйде», 1965 алғашқылардың бірі болып қылқалам тартқан суреткер. Телжановтың «Алғашқы рет» 1954, «Қарлығаш» 1958, «Күн сәулелі өлкеде» 1960,»Жеңіс» 1975, «Төңкеріс күзетінде – 11» 1988, т.б. туындыларынан лиризмге толы асқақ поэзия байқалады. Суретші кескіндемелік монументті картиналарымен қатар графикалық еңбектер «Венеция» графикалық топтамасы, 1961 жасаған.

Толығырақ: Қ.ТЕЛЖАНОВ КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР

Ырымдар

Ырым - халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Ырымның жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы,  "шешен болсын" деп аузына түкіру, "отаншыл болсын" деп туған жерге аунату, "ер жүрек болсын" деп батырдың сарқытын жеткізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Өмірде, тұрмыста, салтта жасалатын ырымдар саны көп және оны қолайлы сәтінде халық ұмытпай қолданған, әлі де қолданып келеді. Кейде халқымыз "қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді" десе, екіншісінде "анасы иткөйлекті перзент көрмей жүрген жанға ырымдап берген кезде бір шетінен кішкене кесіп алып қалады" деп те айтады.

Ырымның ең басты ерекшелігі - алдан кездесер кесір-бәлекетті тымсалдап, ишаралап білдіріп, сақтандыру басым болып келеді.

Толығырақ: Ырымдар

Қызайлардың қыз ұзату, келін түсіруге байланысты салттары

Қыз алу, құдаласу жағдайына қарай екі түрлі болады: біріншісі – екі жақтың келісімімен қалың мал төлеп құдаласу, екіншісі – орай құдаласу екінші сөзбен айтқанда қарсы құдалық.

  1. Іштен атастыру;
  2. Жастай құдаласу;
  3. Есейгенде құдаласу;
  4. Қолбала алу деп бөлінеді.

Мұндағы іштен құдаласу дегені, көңілі өте жақын, сыйлас, құрдас және замандастардың жұбайлары қатарынан екіқабат болса немесе тіпті үйленбей тұрып та «егер біріміздің әйеліміз ұл, бірі қыз туса құда боламыз деп уәделескен болса. Баяғы Қарабаймен Сарыбайларша  уәдесінде тұрмай қалмаса, қалайда құда болысады.

Толығырақ: Қызайлардың қыз ұзату, келін түсіруге байланысты салттары

Ас беру - көшпелі халықтардың ең көне салттарының бірі

Әлихан Бөкейханов:

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-публицист, қазақ топырағындағы ұлт-азаттық қозғалыстың негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың алғаш саяси партиясын ұйымдастырушысы, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың есімі мәңгілік ел  есінде. Әлихан Нұрмұхамедұлы - қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын зерттеген қазақ зиялыларының бірі. Журналымыздың бұл нөміріне ғалымның салт-дәстүрлер жайлы құнды пікірлерін ұсынбақпыз.

Толығырақ: Ас беру - көшпелі халықтардың ең көне салттарының бірі

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30