Ұлдың баласы – немере! Қыздың баласы – жиен!

Ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты дәріптеуде орны ерекше «Дәстүр» журналының биылғы жылғы 1-саны белгілі бір себептермен қолымызға кеш тиіп қалып, сол сандағы «Немере жиен деген кім? Қазақта осындай атау болып па еді?» деген мақала қолымыға еріксіз қалам алдырды. Неге? Себебі, мақала «Ұрпағына ат қойып, айдар таққан қазақ халқы әрбір сөздің мән-мағынасына, аталуына ерекше мән берген (осы жерде және ары қарай қарайтқан біз – Ө.А.) деп басталып, «... дәстүрлі сөздерді өз орнымен қолданғанымыз абзал. Жүйелі сөз қашанда жүйесін табады. Әйтпесе, сөздің киесіне қалуымыз мүмкін» деп аяқталады.

Толығырақ: Ұлдың баласы – немере! Қыздың баласы – жиен!

ӘЗЕРБАЙЖАН ОТБАСЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҒҰРЫПТАР

Ерте дәуірлерден бері Әзербайжан елінде неке қатынасының бірнеше түрі болды. Б.э.д. 1 мыңжылдықта бұл жерде полигамиялық отбасы қалыптасты. Зороастризм дінінде қазіргі уақыттағыдай жақын туыстық неке қатынастар шектеулі болуы қызықтырады. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша қоғамда әйелдің орны құлдық дәрежеде болды. Ал ежелгі түркілерде тәңіршілдік кезеңде отбасында әйелдің орны біршама жоғары болды, яғни белгілі дәрежеде әйелдің еркі болып қоғамдық өмірге белсене араласа бастады. Кейінгі кезеңдерде әзербейжандарда неке және отбасы қатынастары көп жағдайда Исламның әсерінен қалыптасты десек болады.

Толығырақ: ӘЗЕРБАЙЖАН ОТБАСЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҒҰРЫПТАР

ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМДАРЫМЫЗДЫ жаңғыртатын КЕЗ КЕЛДІ

Суретші әрі әрлеуші Құрман-Ғали Малаев 1938 жылы наурыз айында Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі теміржолшы болғандықтан жұмысына байланысты көп жерлерге қоныс аударып жүрген. Содан Сарыөзекке көшіп келген. Балалық шағы да осы өлкеде өтіпті. Кішкентайынан сурет салуға бар ынтасымен ден қоятын баланы бейнелеу өнерінің мұғалімі ерекше бағалаған екен. Мектеп қабырғасында сурет салып қана қоймай, ағаштан ойып көптеген бұйымдар жасауды өз бетінше үйреніпті. Орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы өнер училищесінің студенті атанады. Бұрын Гоголь атындағы суретшілер училищесі, бүгінде Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі. Бірақ бір жылдан кейін Теміртауға жұмысқа кетуге мәжбүр болғандықтан оқуын тастайды. Алып донна пештерін салып, жұмыс жасап жүрсе де тоғыз жыл бойы сурет салуды, ағаш өңдеуді тастамаған. Облыстық, аудандық көрмелерге де қатысып тұрған. Алматыға қайта оралып, өзі оқуға түскен училищеге қайта келді.

Толығырақ: ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМДАРЫМЫЗДЫ жаңғыртатын КЕЗ КЕЛДІ

«Орбұлақ шайқасы» және улы түтінге ұрындыру

Дала заңының негізін қалаған – Жеті Жарғы жобасын Хан Тәуекелдің тұсында Маруанаhра Малдас билері мен Ескендір –Мұңшы, Достаба алым және басқа да қазақтың көптеген билері жасаған еді. Есім хан билік басына келген соң Жеті Жарғыны өзгертпекші болады. Мәселенің барлығын тек төре тұқымы – Хан шешуі керек деген тұжырымға иліктірмек әрекет жасайды. Оған дейін де билік ханда болғанымен халық жағдайы билер мен тектілердің, көсемдердің ұйғарым-ұсынысына орай жүргізілген еді.
Халық арасынан шыққан көсемдер мен хан арасындағы осы белең алған қарама-қайшылықты пайдаланған байырғы дұшпан Хото Батор Хонтажы бастаған ойрат-қалмақ елу мың қолмен қазақ елін жаулап алуға аттанады. Бұл жөнінде Салқам Жәңгір өз шолушыларынан мәлімет алады. Ойрат пен қазақтың тектілері Қарақан патшаның тұсында «Арамызды шаhар байласын, шаhар байламаса, заhар шайнасын» деп анттасқан көрінеді. Маруанаhр би «Орбұлақ тектілердің аттізгінін тартып тоқтаған жайлы жері еді. Ойраттар анттан аттады. Орбұлақтың бойында улы жебемен қарсы алыңдар. Бұл жерге қылыш көтеріп келгендер өз қанына өзі тұншығады. Ойраттар елу мың болса да 800 сарбазың жетеді. Қостоқты бастаған қолың Сүлеймен бастаған сексен мергенің бар, қия тұмсықты біз барғанша төтеп беріңдер" деп хабар жібереді.

Толығырақ: «Орбұлақ шайқасы» және улы түтінге ұрындыру

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ

Зерттеуші Мұхтар Мағауиннің «...Халықтың рухани өмірінде қазақ поэзиясының ең ауыр жүгін көтерген, сөз өнерінің жетекші өкілдері жыраулар болды. Қазақ жыраулары ХV-XVIII ғасырлар шегінде бүкіл әлемдік мәні бар аса құнды әдеби мұра жасады»,– деген пікірі жыраулар поэзиясы жайлы сөз қозғауымызға септігін тигізді [8.76б].
Шындығында, жырау кім? Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы» oқулығында жырау кім, жыраудың әлеуметтік тұлғасы, оның айтқаны мен айтпағы не, жыраудың міндеті жайлы жан-жақты сөз қозғап, ғылыми негіздер жасады.
«Жыраудың міндеті – елге басшылық істеп, басалқа айту. Ол – алдымен елдің ақылшы кемеңгері, заманының сыншысы, қырағысы. Өз елінің биі, батагөйі. Ел билеген хан мен бектің ақылшы уәзірі. Хан шеше алмаған түйінге шешу сөз айтқан төре. Тыныштық заманда қиюы қашып, арасы ашылған қарындасты табыстырушы бітімші би. Қысылшаң заманда жол табатын, бет нұсқайтын кемеңгер көреген. Көпке айтқан сөзі – ел мұңы, ел қамы. Сөздердің барлығы әлеуметтік сарынмен айтылады. Жырау – заман сыншысы. Ақылшы. Үгіт, насихат айтады»[1.92б].
Расында, жыраулар поэзиясы бізге, ең әуелі, қазақ халқының құралу дәуіріндегі қилы күйді жеткізеді. Асанның, Қазтуғанның, Шалкиіздің, Доспамбеттің жыр толғауларында сол бір алыста қалған аласапыран арпалыс шақтардың тірі суреттері жатыр.
Берке хан дүниеден қайтқан соң Алтын Орда хандары баянды билік құра алмаған. Сондай хандардың бірі Ұлығ Мұхаммед болса, Асан қайғы сол Ұлығ Мұхаммед ханға сөзін өткізетін билердің бірі болған. 1420 жылы Ұлығ Мұхаммед сарайдан қуылып, Қазанды паналағанда, Асан қайғы жасының егде тартқанына қарамастан, өз әміршісінің жанында болған. Бірақ бас сауғалау болмысына жат Асан көп кешікпей қайтып оралып, Әбілхайыр Ордасының тартысына тап болады. Ол Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған рулардың Әбілхайыр ұлысынан бөлініп шығуын қолдаушылардың бірі болады. Елдің ертеңін ойлап, ел болып еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен Асан қайғы Ордадан бөлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына, Ұлытау төңірегіне қоныстандыруға атсалысқаны тарихтан мәлім. Моғолстаннан жер алуы туралы ғалым Ә.Марғұлан былай деп жазды:
«Асан қайғының Жәнібек пен Керейді ертіп, Қытайға барып Моғолстаннан жер алуы – тарихта белгілі фактілердің бірі. Ол іздеген «Жерұйық» – шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаудан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы. Асан қайғы осы тарихи ойларын хандармен, сұлтандармен, билермен, әсіресе, Жәнібек ханмен араласып жүріп іске асырмақ болады. Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан қайғы деп атаған. Асан қайғы елінің сулы, нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы егіз төлдейтін, мамыражай, еркін өмір сүруін» аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады»[4.107б].

Толығырақ: ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30