«Кіндігіңді көрсетпеші, қарындас!» немесе «Сені сыйлаймын қазақ қызы!»

Тарих беттеріне көз жүгіртер болсақ,қазақ қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.Аялы алақанына салып еркелетіп,мәпелеп өсірген.Киген киіміне,өрілген қос бұрымына да ерекше күтім жасап,тәрбиенің ең бастысын да осы қыздарымызға беріп отырған.Шариғатымызға сай жабық киіндіріп,тәнінің саулығы мен жанының тазалығына да ерекше мән берген.Құтты жеріне қонғанша қадірлеп,құрмет көрсеткен.Болашақ аяулы жар,асыл ана болар аруды бүкіл елінің мақтанышына,абыройына,намысына балаған.Сөйлеген сөзі мен жүрген жүрісіне дейін мән беріп,қате тұстарын дер кезінде жөнге салып отырған. Қысқасы,аруларды ар-ұяттың символы ретінде мақтан тұтқан. Өкінішке орай,сол заманның тектілігінің үлгісі бүгінгі күннің аңыз ғып қана айтар ертегісіне айналғандай.Әр ғасырлық жойқын жаһанданудың салдары аруларымызды ақыр аяғы ашық-шашық,жартылай жалаңаштануға алып келді. Аяулы бойжеткен де,отбасының үміті- жігіт де жаһанданудың садағына ілінді.Нашақорлық көбейді,түнгі клубтарға бару жиіледі.Кіндігін көрсетіп,темекі түтініне улана бастады бойжеткен.Бозбала да жастығын жақсылыққа жаратпады сол кезде.Мұның кесірі «көкек» ана мен әкенің, жетімдер үйін паналаған тастанды баланың көбеюіне әкеп соқты.Сол арқылы адам өзі құрған өз қоғамына зардабын тигізді.Үлкендер дабыл қақты,қарсы болы,жаһандану дегенін жасады.

 

Тіршіліктің тамырымен тамырлас,
Мәңгіліктің сарынымен сарындас
Біз білмейтін құпияның кілтіндей,
Кіндігіңді көрсетпеші,қарындас.
Енді іздесең қайта айналып табылмас,
Жабам десең алақанмен жабылмас.
Абыройдың күзетшісі секілді,
Кіндігіңді көрсетпеші,қарындас.
Адам азбай заман текке арымас,
Азар ұрпақ,сақтамаса арын жас.
Тәңір басқан мөр секілді дөңгелек,
Кіндігіңді көрсетпеші,қарындас!

Ақын ағалар осылай өлеңімен ақыл айтты жас буынға.Түсінген адамның жанына батар жыр еді бұл.Алайда...
Ал қазіргі күннің «көзімен» қарап,Аллаға сансыз шүкірлік айтасың.Еліміз еңсесін тіктеп,етек-жеңін жинады. Бұрынғы зардаптардың залалы әлі де баршылық болса да,жастардың қазіргі беталысы жаман емес.Дәстүрлі дініміз жастарымызды жайлап жөнге салып жатқандай.Мешітке баратын жастар қатары көбейіп жатқанын естігенде,орамал тағып,тәнін жапқан аруларымызды көргенде кәдімгідей қуанып қалатынымыз жасырын емес.Дәстүріміз де жаңарып қалғандай.Иманымыз тіктеліп келеді!!!
Иә,иә біз өз дәстүрімізге қайта оралып келе жатқан сияқтымыз!

Шариғат баққаның үшін
Тура жол тапқаның үшін
Орамал таққаның үшін
Елемей ессіздің ісін,
Ашудан қашқаның үшін
Сездірмей садақа беріп,
Ақшаны шашқаның үшін
Біліммен асқаның үшін

Бақыты басқаның үшін,
Ақ есік ашқаның үшін

СЕНІ СЫЙЛАЙМЫН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ!!!

Арулар осылайша жігіттердің мақтанышына айнала бастады бүгінде.
Кейде қарап отырып,қоғамның гүлденіп,жақсылықтың салтанат құруы да,болмаса бүлініп,жамандықтың жайылуы да осы тікелей әйел затына байланысты ма дейсің.Қазақтың кемеңгерлігі осында жатыр гой,қыз баланы тәрбиелеудегі ерекше қағидасының астары тұнып тұрған философия демеске амал жоқ.Отбасының ұйытқысы,баласының тәрбиелеушісі,жарының бағы-бұл сенсің қазақ қызы!

Осы орайда жастардың да пікірін біліп көрмекке бекіндік.Жігіттерге мынандай ортақ сауалдар тастаған едік:
1.Қазақ қыздарының бүгінгі заманғы келбетіне көңілің тола ма?
2.Батысқа еліктеп жартылай жалаңаш киінген аруларға жігіттік көзқараспен қандай ой айтар едің?
3.Сенің арманыңдағы арудың бейнесі
4.Дәстүрін қадір тұтқан халықпыз ғой.Бұрынғы қазақ қызы мен бүгінгі қазақ қызын салыстырып көрші.Қай бейнені үлгі тұтар едің?
5.Жігіт ретінде айтар аруларға пікірің?

Арқалық Серік:Қазақ қызының бүгінгі келбеті кімді де болсын ойлантады.Еліктеймін деп, «артық қылам деп,тыртық қылудың» қажеті жоқ негізі.Менің арманымдағы ару бұрымды,ибалы қыз.Дәстүрін дәріптеген аналарға басымды иемін.Заманның жаңа бейнедегі аруларына көңілім толмайды.Қолдарында бір-бір темекі.Зиян екенін біле тұра жарысып тартады.Аллаға жақпайтын қылықты қазақ қыздары жасамаса екен.
Мейіржан Жылқыбай:Қазір кіндік көрсетіп,ашық-шашық киінгендер емес,хиджаб кигендер қаптап кеткен.Ондай қыздар бар,бірақ бұрынғыдай көп емес.Сондықтан барды бар,жоқты жоқ деп айту керек.Арине иманды қызды қалар едім.
Ерік Қанат:Бәрі дей алмаймын,жеке өз басым қыздарды екі топқа бөлемін.Алғашқысы қазақтығын жоғалтпаған,тәрбие көрген.Келесілері,дүние,мансап қуған,еліктеушілігі жоғары,біреуден озсам дейтіндер.Арманымдағы аруды бірінші топтан іздер едім.Еліктегіш қыздарды қолдамаймын.Оның соңы жақсылыққа апармас.Адамның сыртқы келбеті мен ішкі жан дүниесі уйлесіп тұрғанға не жетсін?!Ол адамды тануға мүмкіндік береді.Ал темекі тартатындарына мүлде қарсымын.Ол қыз балаға жарасатын қылық есес.Нәзіктілігін жоғалтпаса екен арулар.Бақытымды иманды жаннан тапқым келеді.
Ержігіт Атамқұлов:Қазақ қыздарының бүгінгі келбетіне көңілім толады.Ал еліктеушілікке келер болсақ,ол иманының азайып,өз ұлтының тамырына балта шапқандық.Қарпайым қазақ қызын үлгі тұтамын.Менің болашақ жарым ақылды,иманды болса деймін.Аруларға ең бірінші иманды келбет тілеймін.
Нұрлан Ақперов: Жалпы, иә. Бiлмеймiн, әйтеуiр өз өңiрiм - Жетiсулық қыздарды көрсем, көңiлiм толады. Барлығына жуық әдемi, сыпайы, бугiнгi заманға сай эстетикалық нормалардан асып туспейді. Батысқа еліктеп кіндігін көрсетіп,қала берді сырга илген дұрыс емес.
Ондайлар бiз жақта өте аз, сонда да қарсымын.Арманымдағы аруды көз алдыма елестетсем,
Кыз Жiбектiң образы көз алдыма келедi де тұрады. Дәстурдi кұрмет тұтам,әрине. Бірақ та, бәрi өзгередi ғой, қыздар да, коғам да, Кыз Жiбектей қыздарды кездестiру деген бiр ғанибет. Еліктеушілікті қою керек.Өздерiңе жақсы болса, жүрiңдер солай, қоғамның сынына түсiп!
Міне жігіттерден бойжеткендер туралы пікірін білдік.Барлығы иманды,ақылды,адал қызды армандайды.Арулардың қазіргі бейнесі жігіттердің журегіндегі бейнеге сай болса деп тілейміз біз де.

Р.S.Мынандай бір сөз бар ғой қазақта:Алған жарың Фатимадай болсын десең,алдымен өзің Әлидей бол» деген.Жігіттердің жүрегі де иман нұрына толы болсын ендеше.

Гүлім ЕРКІНБЕК

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30