Тек және тектілік

Бір ұлттың тұтас тұлғасын әйгілейтін бірден-бір өлшем – рухани сапа, мейлі ол көшпенді немесе отырықты ел болсын, тарихы алыс-жақын болсын, заттың сапасы туралы талғамы болып, даму жөнінде айқын көзқараста болған халықты рухани күйінде өзгеден ерекше екенін түсіндереді. Ал заттардың дамуы мен тарауы заңдылық деп, тіршіліктерді құбылыстарды көруге бар. Оның қасиетіне жетіп, дамуына түрткі болмайтын халық қашан да жүнін сыртына қампайтқанымен арықтығын әшкерелемей қоймайды.

Ендеше, біздің қазақ ұлты ше? Тағы да жүйеге түспеген, ғылыми дәлел тапқан заңдылықтарды айтсаң, көпірмешілдік болар. Ал шынайылыққа тоқтасаң, қазақтардың тек сапа жөніндегі идеясы дамыған ұлттардан да ерте оянып, ерте қолға алғанын байқаймыз. Америка, Англия елдері басылымдарындағы деректерге қарасаңыз, 1700 жылдардан бастап адам сапасы дегенге мән бергенін байқаймыз. Ал бір бөлім өзіміздің төңірегімізде бірге жасап отырған ұлттар адам сапасы  жөнінде енді ауызға алып, кейбірі әлі ойланып та қоймағанын көреміз.

 

Қазақтардың тек және тектік жағында ұлттың рухына сіңіруі ең әуелі румен басталады. Адам ұрығының сапасыздануы қандастықтың неке қатынасынан қорытады. Егер қандастар қосылады екен, одан туған ұрпақтың кем-кетік, шала болатындығын түсініп жетіп, мұндай сапасыз ұрпақ көрудің бірден-бір шектемесі жеті ата (жеті ұрпақ) бір-бірінен қыз алыспауды барынша дәріптеп келді. Міне, бұл ататек пен ұрпақ арасында пішін, құрылыс және физиологиялық қызметі жақтан үнемі ұқсастық болатындығына көзі жеткендігін аңғартады. Яғни ата тұқым қуалаушы  заттың негізі тасушысы – хромосома. Бұл тұқымды жалғасты түрде кейінгі ұрпаққа өткізіп жеткізіп, кейінгі ұрпақтың алдыңғы ұрпақпен ұқсастыққа ие болуы да килатқа жіпшелі бөлінуі, сананың кеміп бөлінуі есебінен. Организмдердің ұрпақ қалдыруы барысында белгілі тұрақтылықты және жалғастылықты сақтап отыратындығын аңғарып, осы хромосома тұқым қуалауда қалай да жетінші ұрпаққа дейін молекулалық құрылымы тұрақты, өзін-өзі қайта құрып жалғастылықты сақтай алатындығы, тұқым қуалау өзгешелігі жетінші ұрпақтан кейін әлсірейтіндігін, сондықтан жетінші ұрпақтан соң қыз алысуға болатындығын танып жетті.

Қазақтар мұндай танымды тек бес-он жыл ішінде емес, ұлт болып қалыыптасып, тайпалық бөлістерден соң-ақ бастап кетсе керек.  Сондықтан қазақтар ішінде кем-кетік адамдар аз кезігеді.

Қазақтардың тектілікті дәріптеудегі енді бір ортақ борыштылығына айналған бұлжымас қағида -  жастардың некелену барысында тегіне қарау. Мұнда ежелден, мейлі ұл жақ немесе қыз жағы болсын, балалары мақұлдасудың алдында тегін анықтайды. Ол қандай жердің балалары, әкесі, арғы тегі қандай деп қудалайды. Міне, мұндай тектілікті дәріптеу XVII ғасырдағы оқырманға әйгілі Қарабай және Сарыбай жайындағы аңыз бен  IX ғасырда өр Алтайда өмір сүрген Бөстек деген салдың Алтай өңіріне барып Мәмидің қызына құдаласып келгенде басқалар оған: «Өр Алтайда қыз құрығандай, келінді төменгі Алтайдан іздегеніңіз не?» - дегенде Бөстек: «Текті атаның баласынан текті ұрпақ көремін деп отырмын», - деп жауап берген екен. Ал анау арғын, найман болып тұрғанда Нұредин деген адам немересінің әрекетін бажайлап қарап отырып, бір оңашада келініне: «Қарағым, мына бала біздің тұқымнан емес қой, құлынында үйірін тапса, құнанында көндігіп кетер. Басың аман болса, тағы ұрпақ  көрерсің, иесіне тапсыр!» деген екен дейтін аңыз бар. Иә, мұнда ешқандай жаңсақтық жоқ. Өйткені әзірдің өзінде ата-аналар құдаласқан жердің қандай адамдар екінін тектеп жатады. Кей қариялар қыздың не ұлдың әкесіне көңіліне толмаса, оның арғы атасында тектілік болса болды деп, «тұлпардың тұяғы, сұңқардың  қияғы екен ғой, жаман болмас.  Түбі тектіден түңілмейік» деп ризалық берген. Клетка ядросындағы хромосома ақыры тұқым қуалауда өз рөлін сәулелендіретіндігіне сенеді.

Қазақ тарихында тегі асылзадаларының тұқымына таласатын жағдайлар болды. Мысалы, Қыз Жібектің алдынан қанша азаматтар өз құдіреттерін әйгілеп өтіп жатты. Ал Төлеген алдынан өткен арулардың арасынан Қыз Жібектің айрықша көрінуі – мұның бір дәлелі. Мұндай тектілерге «малды, жанымды садақа» деп кірісетіндер молынан кезігеді. Әсіресе,  халқымыз араб мәдение яғни ислам дінінің ықпалы болғалы мың жылға аяқ басса да, ислам дініндегі шариғаттың «немерені қосатын» қағидасын қазақтар ешқашан қабылдамай, бас тартып, жеті ата аралап үйлену қағидасынан бұлжымады. Міне, бұлардың барлығына таза қандылықтан өрбитін гендік қасиеттің оның жоғары санасын жаулап алғанын аңғаруға болады. Бұдан қазақтардың тектілік жөніндегі көзқарасының өте ерте оянғандығын аңғаруға болады.

Бұл күнде қазақтардың құдандаласуы өзгере бастағанымен әлі сол тегіне қарау заңдылығы молынан кезігеді. «Құдам тізерлесіп, тетелесіп сөйлесе алатын болса екен, жамбастап жатып жарасып тіл табысып, шалқалап күлісе алатын адам ба екен» деуінің төркіні – осы тектілікті қудалағандығында. Әйткенмен дәл қазір кейбір адамдар «бай ма екен» деп келісетінді де тапты. Мұнысы ата салтын аттап, «байдың кедейлесіп, кедейдің байыйтын» тұрмыс заңдылығынан алшақтауы, сондықтан бүгінгі дамыған техника мен ғылым заманында сапалы ұрпақ көруді дәріптеп отырған кезде қазақтарың өзінің байырғы са\тындағы тек пен тектілік жайындағы түсінігі ұлт санасының тағдыры мен тамырластығын  мойындауға әрі дәріптеуге татиды. 

Б. Жұмабай

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30