Ырымдар

Ырым - халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Ырымның жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы,  "шешен болсын" деп аузына түкіру, "отаншыл болсын" деп туған жерге аунату, "ер жүрек болсын" деп батырдың сарқытын жеткізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Өмірде, тұрмыста, салтта жасалатын ырымдар саны көп және оны қолайлы сәтінде халық ұмытпай қолданған, әлі де қолданып келеді. Кейде халқымыз "қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді" десе, екіншісінде "анасы иткөйлекті перзент көрмей жүрген жанға ырымдап берген кезде бір шетінен кішкене кесіп алып қалады" деп те айтады.

Ырымның ең басты ерекшелігі - алдан кездесер кесір-бәлекетті тымсалдап, ишаралап білдіріп, сақтандыру басым болып келеді.

 

Бұл әдетте жақсылық жағдайда, игілікті іске байланысты жасалатын ырым. Мысалы, сараң адам жомарттық жасаса, естіген адам "мынау бір шөп басын сындыратын іс екен" деп жерден шөп алып сындырады.

Келін түскенде, келіншек босанғанда, жас отау шаңырағы көтерілгенде жасалатын жақсы ырымдардың бірі - отқа май тамызу.

От - халық зердесінде қасиетті ұғым. "От ана", "отың өшпесін", "ошақтан от кетпесін" деген ұғымдармен қатар "Отпен аластау" да ертеден келе жатқан ырым.

Жаңа үйге көшіп кірерде үйдің босағасына май жағады. Бұл - осы үй берекелі, майдай жұғымды, адам көп келетін үй болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде берілуі керек деп ырымдайды.

Ақындарға, әншілерге, палуандарға, тағы да басқа елге белгілі, қадірлі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп немесе сарқытын жегізіп, оның отырған орнына аунатып алады. Бұл - "сәби сол адамдардай өнер қонған белгілі кісі болсын" деген ізгі ниеттен туған жақсы ырым.

Біреуден бала асырап алса, асырап алушы ата-анасы ер балаға - асықты жілік, қыз балаға тоқпан жілік ұстатып, көпшілікті бұған куә етеді.

Қалы үлкейіп кетпесін деп қалмен туған балаға Қалдыбай, Қалдыгүл деп ат қояды.

Сәбиге көз тимей ержүрек болып өсуі үшін әрі сәби шошымасын деп бесігінің басына пышақ, қайрақ, қамшы қояды, немесе үкінің қауырсынын, тоғыз көз моншақ, кірпінің терісін, жыланның бас сүйегін тағады.

Көп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп бөліп алады.

Жас әйел жеңіл босануы үшін ол толғатқан кезде оған тиісті сандықтардың бетін ашып қояды.

Жаңа айды көргенде "Ай көрдім - аман көрдім. Бұрынғыдай заман көрдім. Ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқай гөр" деп бата жасап ырымдайды.

Таңғы дастархан үстіне келген адамға дәм ауыз тигізеді.

Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, "көз тиеді" деп түкіртеді.

Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балтаны пайдаланбай сақтап қояды.

Ер баланың кіндігін "үй күшік болмасын" деп қырдан асырып лақтырады да, ал қыз баланың кіндігін "үйдің құты болсын" деп ошақ түбіне көмеді.

Торға түсіп немесе үйге қамалып қалған құсты ұстаған соң, "бар пәлекет осы құспен бірге ұшып кетсін" деп басыңнан үш мәрте айналдырып, босатып жіберу керек.

"Пәле, жаладан аулақ болсын" деп жаңа үйленген жастардың төсегін адыраспанмен, кейбір жерлерде арша түтінімен аластайды.

Қазақта жаңа киген киімге байғазы береді, түйме тағады. Онысы - түйме артынан түйе келеді деген ырым.

Көрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.

Жатарда басты батысқа қаратып, төсек салдырады.

Дәретханаға "бойымдағы ауыртпалықтың бәрі осында қалсын" деп сол аяқпен кіріп, "жақсылықтың бәрі алдымнан жолықсын" деп оң аяқпен шығады.

Сәбидің тілі мезгілінде шықпаса, нағашысының үйіне апарып, бір қой сойып, соның кеңірдегімен буындырып тұрып, пышақпен кеңірдекті кесіп жібереді.    

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30