Қазақ молалары мен жалпы көне ескерткіштері

Қайтқан адамды жерлеу рәсімі ұлттық салт-дәстүріміздің бір саласына жатады. Көнеден келе жатқан қазақ халқының бұл тұрғыда өзіндік жөн-жобасы, дәстүрі бар. Атақты жиһанкез, ғұлама ғалым, қазақ ғылымынң негізін салушылардың бірі де бірегейі Шохан Уалиханов халқымыздың әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына жіті көңіл бөліп, көптеген құнды еңбектер жазғаны белгілі. Қазақ аспанның көгінде құйрықты жұлдызымыздай жарқырап өте шыққан ғалымның "Қазақ молаларымен жалпы көне ескерткіштері жөнінде" аты баға жетпес сүбелі туындысынан үзінді жариялауды жөн көріп отырмыз.

 

Ш. Уәлиханов

Сахараның өн бойында көптеген көне әрі жаңа молалар, қорғандар мен үйінділер және тағы басқалары бытырап жатыр. Қазақ тұрмысының бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан  гөрі географиялық жағынан анағұрлым маңызды, себебі жерлеген адамдар аттары ел аузында мәңгілік сақталып қалды да, қазақ өзінің жол бағдарын осы молалардың тұсына қарап айқындайды.

Мола - айқын атау емес, бұл атпен көнеде, жаңада бейіттерді араластырып айта береді, бірақ көбінесе мола деп қарапайым, сүреңсіз төпешікті, ұсақ тас үйіндісін немесе балшықтан соғылған тұрпайы ескерткішті айтады. Осы жұпынылығы, қарапайымдылығы арқылы жаңа бейіттер ескілерінен айрықша көрінеді, тек бұл қатардан, мысалы, Құлан хан бейіті, Сүйік пен Әбілқайыр хан (Кіші орданың) бейіттері сияқты кейбіреулерін шығарып тастаған жөн.

Ташкент жағынан шаққан мола қазақтардың салығынан басқа, мола соғуға жұмсалатын материалда айтуға тұрарлық. Қазақ моласымен оның төңірегінен қазақтың бар мәнер талғамы, архитектурадағы өнері, оны оюмен бейнелеу салты байқалады.

Жаңа бейіттердің басты екі түрі бар; ол жеке-дара және қорған тәріздес түрлері мұның соңғы жағдайында биік ташкенттік типтес ықшамды қорған түрінде, яғни Батысқа қараған кішігірім есіктері бар, сырт жағы жалмен бекітілген бекініс сияқты болып келеді.

Жалпы бұл бейіт жан-жағы 30 сажынға, биіктілігі 6-7 аршынға, ал қабырғасының қалыңдығы 8 вершокқа теңелетін шаршы түрінде болады, бірақ олардың кейбіреуінінің кеңдігі сондай, ішіне жүз  шақты адам шабылудан жасырына алады. Бұл қорғандардың Ташкент бекіністерімен мықтылығы жағынан да ұқсастығын тұжырымдай келіп оларды шала қазақтар тұрғызған деуге болады.

Бұл түрі қазаққа басқаларынан гөрі көбірек ұнайды. Өйткені ол үшін зәулімдік - заттың сәулетті болуының бірінші шарты және бейіттің осы тектес түрі көрнекті әрі бай қазақтардың басына орнатылады. Осыған ұқсас бейіттер Семейдегі татар зиратында бар, ал қырда олар Үлкен ордада қос Алатаудың етегінде ұшырасады.

Үлкен Орда Шу өзенінің арғы жағында көшіп-қонып жүреді де, Ташкентпен күшті байланыста болады, ал сондықтан бұл түрі Ташкент үлгісімен жасалған және алғашында оларды салу үшін шеберлер сол жақтың өзінен шақырылып отырған.

Үлкен ордада өзін кездестірген осы тектес бейіттердің ішіндегі ең үлкені Құлан хан үшін керуен жолындағы Талғар өзенінде салынғаны. Бұл бейіт екі бөлімнен: қоршауы мен қәбірдің өзінен тұрады. Қоршауы бұрыштарында кішкене мұнаралары, ал есіктердің үстінде жай ғана қарпайым өрнегі бар қорған (қамал) сияқты екен. Мазары қоршаудың ішінде түр және сырт пішіні жан-жағы бірдей тұғырға орнатылған күмбез түрінде салынған.  Бұл бейіттің кеңдегі сондай, оған бүкіл хан әулеті сиып кетер еді.

Маңызы төмендеу молалар тұтас күйінде конус, төрт бұрышты пирамида түрлерінде соғылды да, кейде үстіне шошайған қосымша бұтақ қойылды. Немесе пирамида сатылана салынды да, ирек жалмен әшекейленді. Әйтеуір бұл молалардың түрлері көп-ақ.

Барлық жердің құрылысқа қолданатын материал -топырақ. Бұл тұста оны көбірек пайдаланатын материал ретінде айтуға болар еді. Көптеген бейіттердің алғашқы түрі топырақтан соғылып, тек сырт жағы ғана саз балшықпен ұстатылған не сыланған немесе айнала шикі кірпіштен қаланған. Қазақтардың бұл өнерді қайдан алғаны белгісіз. Бірақ бір құптарлық нәрсе, күйдірілген кірпіш жалпы таңсық нәрсе деп айтуға боолмайды. Көне құрылыстарда жиі кездеседі.

Қазақ кірпіші қатты және тегіс етіп өнделмеген, ол өте жұқа және қажетіне қарай әр түрлі қалыпта: дөңгелек (құралыста) үшін - дөңес, пирамидалар үшін төрт бұрышты және тік болады. Сұлтан Сүйіктің құлап жатқан моласы жанында мен Ташкент жағынан шыққан біреудің қолымен салған кірпіш күйдіретін пешті көрдік. Бұл пештер орыс пештерінен әсте кем түспейді.

Қорған тектес молалар Ташкентегі нағыз қорған сияқты саз балшықтан соғылмайды, әрдайым шикі кірпіштен қаланады деуге болады. Жабайы таспен, ұсақ құм таспен тек кішкене және қосалқы молалар қаланады, мысалы, Сүйік бейітінің айналасында қираған мазар басып қалған бірнеше қабір жатыр, олар тек топырақтан үйіліп үстіңгі жағына ұсақ тас қаланған. Қозы Көрпеш төңірегінде осындай молалар көп. Олардың қатарына аты кішкене өзен мен бекініске берілген Қапал батырдың бейіті жатады. Ағаштан салынған бейіттер өте сирек кездеседі. Мен ондайда тек біреуінен ғана көрдім, ол жұқа теректен өріліп, жоғары жағы жіңішкертіле салынған. Үлкен ордадағы Сүйік моласын (Абылайдың ұлы) жоғары да айтылғандай, Ташкенттің шала қазағы салған. Төрт қабырғасы тең бөлмені шіркеу күмбезі жауып тұрмақ екен. Бөлменің биікті 15 аршын болған, бірақ шала қазақ тек күмбездің қалай қаланып жатқанын ғана көрсе керек, және оны бекітіп үлгермей, бүкіл құрылыс құлап түсіп оның өзін және тоғыз жұмысшы қазақты басып қалған. Сүйіктің ұлы Барақ зорға құтқарылған. 1853 жылы құлап қалған бұл жаңа бейіттің қираған қалдығы Қаратал өзенінен солтүстікке қарай он шақырым жерде, Бораной тауының етегінде жатыр. Абылай хан Әзірет сұлтанға жерленген.

Әбілқайыр ханның (Кіші орда) моласы Торғайға он жақтан құйылатын Ұлқояқ өзенінің бойында жатыр. Ол 1771 жылы қалмақтардың қашқан кезінде Әбілқайырды өз көзімен көрген. Рычковтың еңбегінде сипатталды. Оның сипатын энциклопедиялық сөздіктен алдық. (1 том, 54-б): "Әбілқайыр ескерткіші сұр кірпіштен қаланып, дөңестеу (жарты шар) етіліп жабылған. Кесілген конус тәрізді. Оның биіктігі - 4 аршын, көлденеңі - төменгі жағынан 3 аршын шамасында. Жарты шардың төбесінде әдеттегіше найза шұншылып, оған неше түрлі жыртыс, қасық, кесе, аттың қылы мен сөк салынған түйіншектер ілінген".

Осы моланың сипатталғандай мен Үлкен ордада соған ұқсас, ең болмағанда сырт пішіні ұқсас екеуін көрдім. Олар - Аташ батырмен Байғазы бейіттері. Екеуінің де куб тәрізді тұғырына готикалық қалыптағы жарты шарлар қойылған, жарты шар іші қуыс және бүйірлерінде саңлаулары бар: ең үлкені - іргесінде, кішкентай біреуі терезе орнына жасалған, күмбезге көтерілу үшін бір жақ бүйірінен баспалдақ салынған. Оңтүстік жағынан негізгі құрылысқа жанамалай аласалу қабырғамен қоршалған жеке орын жалғасады. Ол, шынында да, осы батырлардың өздерімен бірге жерленген туыстарына арналады. Бейғазы бейіттің куб тәрізді тұғыры іш жағынан қуыс, ал ескерткішті айнала қыштан соғылған қабырғамен қоршалған. Молаға ормансыз алқапты жасыл желегі көз тартатын тал ағаштары егілген. Екеуінің де күмбездерінің төбесіне аттың қылы тағылған қысқа найзалар қадалынған.

Молалар әрқашан қырат жерлерге, керуен немесе көш жолдарына және өзен мен көл бойында орналасады. Бұл "жүргінші адам өлеңдердің басына ерекше аят (бата) оқып кетсін" деген мақсатпен жасалынады.

Қабір басына орнатылған көне ескерткіштер олардың түрлерінің әрқилы көп болуымен пайдаланған материалдардың тәуір өңделуімен, берік күмбездер қолданылуымен және қосымша өрнек ретінде ою салынумен көзге түседі. Саяхатшы жол-жөнекей өз жазбаларында "бұл құрылыстар жабайы адамдардың емес, білімпаз адамдардың қолынан шыққан" деп атай кетеді. Бірақ осы құлазыған далада ағартушылық қай азанда гүлденіп тұрды екен? Бұл үсті тарихи шындық мүмкіндігі мұрсат бергенге дейін айқындық дәрежесіне (жеткізуге) тырысып көрейін.

Ең алдымен, көне молалар өз құрылысының қарапыйымдығы мен салыну шеберлігі жағынан екі топқа - халық молалары (үйінділер) және құрметтілер молалары (сарайлар) болып бөлінуі керектігін еске алған жөн.

Бұл елді, біздің сахарамызды, тарихтың моңғол кезеңіне дейін тұрғылықты түріктер мекендеген. Оғыз ханды өзінің әкесінен қорғауға қатынасқан төрт тайпа - ұйғыр, қалаш, қаңлы және қарлұқ Түрік одағының негізінен салған.  Шығу тегі жағынан басқа ұрпаққа жататын, бірақ түрік тілімен түрік әдет-ғұрпына бағынған халықтарда болған. Бұлғарлар,  хазарлар, башқұрттар, мадиярлар және басқалары. Моңғолдар шапқыншылығы бұл елдің халқын мүлдем өзгертіп жіберді, тайпалардың кәнігі аттары жоғалып кетті де тек кейбіреулері ғана қазақ руларының есімдері ретінде қалып қойды. Сөз жоқ, бұрынғы халық жаңа халықпен қосылып кетті де, осы тұста моңғол заңдары бойынша Алтын және Еділ ордаларынан бөлек ордалар пайда болып отырды. Олар - Оралдағы Ноғай немесе Маңғыт ордасы, Сейхунға дейінгі Көк орда және Шейбанилер  тұқымына жататын Түмен ордасы. Осы ордалардың хандарының бәрі өздерін  сахараның түкпіріне жерлеуге өсиет етсе керек. Мәселен, осы әскербасының атымен аталатын Ұлытау шыңдарының бірінен Маңғыт ордасының негізін қалаушы Едіге моласын таптық. Оның моласы - жай ғана ұсақтас үйіндісі, бұрын оның белігілі бір қалыбы болуы мүмкін, бірақ құлап қалған, оның құзыры өзі орналасқан тау қиясының бикітігімен сәтті ұштасып тұр. Сонымен, көне молалардың салынуын моңғол дәуірне жатқыза отырып, түріктер олардан гөрі анағұрлым білімдірек болғандықтан қалалары болып әрі оларда өздерінің отырықшылығы, байлығы және сауда-саттығы туралы ескерткіштерін қалдырғандықтан, моңғолдардан бұл тектес құрылыс өнерінде үлкен мәлімет беруін талап ету қажет.

Міне, мысалы, Қазаннан алпыс шақырымадай жердегі бұлғар астанасы- Бұлғары әлі күнге дейін қираған қалпында сақталып келеді. Түрік ордасының екінші қанатында ұйғырлар да білім жағынан кем қалған жоқ, оларда қалаларда өмір сүрді, өздерінің сауаты болды, тіптен хрестиан дінінің несториандық сектасына табынды. Осы екі халық моңғол билеп - төстеушілеріне көптеген тамаша шеберлер берген болуы керек. Итальяндық Плано-Капини Қарақорымдағы біреуінен қымыз атып тұрған төрт фонтаны бар қаған тағының әсемдігін сипаттап жазған еді.

Осыдан кейін сонау сахара түкпірінде, Ұлытау жанындағы Кеңгірде, өзінің құрылысымен таңғалдырар Қамар хан, Алаша хан, Домбауыл (әулие), Бұлған-Ана және басқа көптеген бейіттердің болуы ғажап емес. Олардың бәрі кірпіштен қаланып, сырты түрлі-түсті финифт баяуымен сырланған. Қаракеңгірдің сағасындағы Қаражарда тұрған Бұлған-Ана (мазары) ақ түсті, бұл - күмбезі бар кішігірім мазар, басқаларының да құрылысы осы тектес. Алаша хан (кесенесі) біршама өзгешелеу: оның күмбезінің кернеуі бейіттің өзінен кіші, сондықтан оның айналасы тегіс төбемен жабылған, бұрама баспалдақ арқылы шығатын балкон тізбесін жасайды.

Бұл ғимараттардағы аса бір тамаша нәрсе - күмбездерінің берік жасалып, кірпіштерінің қиғаш қалануы, кірпіштің бір қатары - оң жағымен, екіншісі - сол жағымен төмен қарата қаланған. Нұраның сағасына таяу жерде жатқан Ботағай моласын қоспағанда, бұл молалар бүкіл сахарада енді қайтып қайталанбайтын, сондай сирек нәрселер, оның (Ботағай бейітінің) құрылысы туралы менде құптарлық ештеңе жоқ.

Осы қалпымен (дами келе) көне мола пирамидаға, төбесі ашық галерияға және саңылауы бар тақталарға айнала отырып, жадағай бағанаға дейін жетеді.

Іші қуыс пирамида тектес бейіттер әдетте жабайы тастан қаланады, мұндай зират жерден қалана бастаған бетте пирамида қалпында түспейді, әуелде тік қабырғалары қаланып, содан кейін барып ол жіңішкере бастайды. Мен осындай тек үш моланы ғана білемін. Ол - Орынбор бойындағы Үй өзеніне құятын Тоғызақ өзеніне жақын жердегі Паллас сипаттап жазған Кашана. Аягөзден Қапалға баратын үлкен қара жолдағы Қарасу бекетінен 12 шақырым жерде, Ақсу мен Басқан өзендернің басталар аралығында жатқан Ордабай, оның іш жағында гранит тастан жасалған жансыз мүсін сүйеулі тұр. Ақырында, ең маңыздысы - Қозы Көрпеш. Ол Аягөз өзенінің жағасында, Аягөз бекінісінен 90 шақырым жерде тұр, олардың омырауларында   алқасы бар және әлдене бір кесек ұстаған қос қолдарын кеудеден төмен ұстап тұр. Бұл мүсіндер, елдің айтуынша, қазақ жыршылары ұзақ түндер бойы әңгімелейтін дастан кейіпкерлерін бейнелейді. Дастан кейіпкері бойынша мола да Қозы-Көрпеш деп аталады.

Аягөз бағытына қарай бір шақырым жерде мола құлыптасы бар, ол оның жанында Қозы-Көрпештің қарсыласы - Қодардың ұсқынсыз мүсініс тұр. Одан басқа жерге қадалған бағаналары бар. Олар Қызыларай тауының іргесінде жатыр. Олардың түр сипатын Қоқанға барған бір есаулдың жазбаларынан табуға болады. Бұл бағаналардың төбесі адам бейнесімен әшекейленген. Тура сол жерден ол саңылау тесіктері бар жанамалай қойылған тақталарды көреді, оның айтуынша, олар ортақ құрылыстың есіктері, не терезелері болса керек.

Қарқаралыдан Ақтауға барар жол бойында тіке және өзара сығылыстыра қойылған тақталардан құрастырылған, бір жағында есіктері бар көптеген бейіттер кездеседі. Оларға ұқсас галериясы Үлкен орда да бар.

Көне заманнан қалған барлық дүниені қазақтар "моңғол езгісінен кейін осында көшіп-қонып жүрген ноғайлардікі, басқалары (сахараның шығыс бөлігінде) - қалмақтардікі, батыс бөлігінде кейбір ескерткіш қалдықтарын башқұрттардікі немесе тиісінше ойласақ, сонымен тайпалас халықтардікі" деп жүр.

Осы ескіден қалған мұраға жататындары - қазір қаңырап бос қалған көне қазба кен орындары (Жезді Кеңгір жанындағы мыс кені), бос қалған егістіктер (Түндігүр қойнауында), тастап кеткен диірмен тастары (Алаты шатқалында) және жал сияқты ескі үйінділер.

Үлкен ордада төрт қабырғасы тең, айнала жал үйіліп, ор қазылған жекелеген бекініс орындарының қираған қалдықтары жиі кездеседі, дегенмен Кіші Алатаудағы Қора өзенінің жоғары жағынан Шу өзенінің басталар жеріне дейін қазылған жыра көне заманның ең тамаша мұрасы болып табылады. Бұл жыра таудың барлық биіктерін бойлай, жыраларын қуалай қазылып, ұзындығы 900 шақырымға жетіп те қалар, оның тереңдегі қазірдің өзінде бір жарым сажыннан кем емес. Бұл жыра туралы қазақтарда аңыз бар, онда бір ханның баласын тағы құландар ен далаға еліктіріп әкетіпті де, ол сонда хабарсыз жоғалып кетіпті. Құландарды кері қашқан кезінде тежеу үшін хан даланы көлбей жыра қазуға бұйырады. Бірақ бұл Темучин ұлыстарының шекарасы шығар-ау деп жорамалдауға болады. Қапал жағында, Бүйен өзенінде айнала граниттен жасалған діңгектері бар ескіден қалған кішігірім қамал тұр.

Аударған: Қайдар Алдажұманов. 

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30