Қазақ қолөнерінің шебері

 

Ұлттық бейнелеу өнеріндегі лактелген мөлтек жазу саласы бойынша жоғары білімді жалғыз маман – суретші –технолог Құрманғали Малаев туралы бір үзік сыр

Қазақтың қолөнері – әлемдегі теңдесі жоқ ғажайып шеберліктің үлгісі. Ақ шаңқан киіз үй, сырлы сандық, өрнекті кебеже, оюлы жүкаяқ, тағы да басқа қолөнер туындылары – бұл сөзіміздің толық дәлелі. Темірден түйін түйген халқымыз ісмерліктен алдына жан салған емес. Құрманғали Малаев – қазақ қолөнерін дамытуға зор үлесін қосып жүрген бірегей шеберлердің бірі. Ол қазақ бейнелеу өнеріндегі лактелген мөлтек жазу (лаковая миниатура) саласы бойынша кәсіби, жоғары білімді жалғыз маман, суретші-технолог.

 

Құрекеңнің қолынан шыққан бұйымдар еліміздегі мәртебелі көрмелердің сөрелерінен орын алып, көрермендердің лайықты бағасына ие болды. Оның туындылары елі асып, Германияда, Тәжікстанда, Арменияда, Украинада және Ресей қалаларында көрмелерге қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Құракеңнің шебер қолынан шыққан қазақтың күбілері мен тостағандары, әшекей бұйымдары көрерменді қайран қалдырып, халқымыздың мерейін тасытты.

Оның қолынан шыққан ұлттық бояумен айшықталған қолөнер бұйымдары Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мұражайдың алтын қорында сақтаулы тұр. Сонымен қатар, Офицерлер үйінің, Қонаев қорының, Астанадағы Президенттік Мәдениет орталығының мұражайларының төрінде де орын алған.

Жасыратыны жоқ, қолөнер шеберлері қазір елімізде саусақпен санарлықтай. Олардың көбі бұл күнде қоданыстан қалған күбі, келі мен келсап, әбдіре, сандық сияқты тұрмыстық және үй жиһаздарын  жасай бермейді. Сондай-ақ қыш құмыра, ыдыс-аяқ, ожау, қымыздық, шара, табақ, тостаған мен кесе секілді қазаққа ғана тән заттарды жасайтын шеберлерді іздеп таппайсың. Құрекең болса, бұл кәсібін бір сәт те тоқтатқан емес. Тұрмыстық заттарға қоса, алтын алқа, күміс сырға, сақина, жүзік, білезік, қапсырма, шашбау, тағы да басқа әшекейлі бұйымдарды қазақы нақышпен дәстүрімізге сай етіп, ұлттық үлгімен сабақтастырып, өрнектеп жүр. Қараған жанның көзінің жауын алады. Мұның өзі Құрманғали ағаның ұлтжандылығын, ата дәстүрге адалдығын, ғұрпымызға беріктігін танытса керек.

Құрекең сегіз қырлы, бір сырлы азаматтың нағыз өзі. Ол ұстаз да. Алматыдағы Н.Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде «көркем жазудан лактелген мөлтек жазу» атты арнайы бөлім ашып, шәкірт тәрбилееп келеді. Ондағы ойы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнеріміздің жалғасын табуына жолашу, өз септігін тигізу. Құрекең қазақы тұрмыстық заттардың түбінде қолданысқа қайта оралатынын, келешек ұрпақтың ұлттық құндылығымызға оң көзқараспен қарайтынына сенімді. Сондықтан да ұлт жанашыры жоғары оқу орындарында білікті ұлттық кадр дайындау мәселесін жиі-жиі көтеріп жүр. Бар арманы  мен мақсаты – қазақ дастарқанын ұлттық өнердің үлгілерімен ажарландыра түсу. Қазақы қалпымыздың сақталуына одан әрі жалғасуына мұрындық болу.

Жуырда Құрманғали Малаевтың «Сарқылмас сұлулық сыры» деген атпен кітабы жарық көрді. Кітапта қолөнер шеберінің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы бұйымдардың суреттері мен қазақтың танымал  азаматтарының бейнелері берілген. Құрманғали Мұхаметқалиұлы туралы әр кезде әртүрлі басылымдарда жарық көрген мақалалар да осы жинақтан орын алған. Ұлттық қолөнерді қастерлейтін және жақсы көретін оқырманға кітаптан қазақы құндылыққа қатысты көптеген мағлұмат алуға болады. 

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30