Отандық өнімдердің бағасы неге шарықтап тұр?

Отан деген не деп сұраса, Л.Толстой: "Ол халықтың өткені, бүгінгісі, келешегі" деп жауап берген екен. Қазақ елінің кешегісі - қатпарлы тарихы болар. Бүгінгі - біз, келешегі - біздің иісі қазаққа тән болмысымыз,ұлттығымызды ұлықтауға жасалған игі істер. Тарих табыттай ауыр, тамырдай терең құбылыс. Сақалымызға сары шіркей ұялап, миымызға қара шыбын балалаған замандарда да рухын жоғалтпаған ұлттың XXI ғасырға абыройлы аяқ басуы - ән-күй, айтыс сынды ұлттық өнерімізді, тоқыма, құсбегілік сияқты бекзат өнердің заманмен бірге келуі болар. Қазақ халқы шынтуайтқан келгенде өнердің қай түрінен болса да мақрұм қалмаса керек.

Ендігі көкейде туындайтын сұрақ: төл өнерімізді қаншалықты игеріп, дәріптеп жүрміз? Осы сауалыма жауап таппаққа Елордамыздың ұлттық нақышта өнім сататын бірнеше дүкендерінің табалдырығын аттадым. Ұлттық киімдер бағасының ең арзаны 30000-40000 теңгенің айналасын құрайды. Ұлттық оюы бар әмиянға қол жеткізгіңіз келсе, әмияныңызда бес мыңнан кем емес қаражатыңыз болуы тиіс. Заманыңызға сай телефоныңызды да ұлттық өніммен қаптап алғыңыз келсе, тағы үш мыңнан жоғары. Шамасына қарай шанасы демекші, мен сияқты қарапайым студенттің қалтасын әжептәуір қағатын ақша. Ал менің ұлттық оюы бар көйлекті күнде кимесем де,әмиян, білезік, шолпы, самайлық сынды бұйымдарға қызығатыным бар. Азқолында алтын болғана, көп қолында темір болғаны мың мәрте артық емес пе еді?! Яғни, нарықтағы бағасының түсіп, қолжетімді бағаның орнатылуы-кез келген қалауы бар адамға ұлттық оюмен өрнектелген киім, әшекей - бұйымды сатып алуына, сол арқылы отандық өнімнің қолданыс аясын кеңейтіп, қадірін арттырарына үлес қосатыны айдан анық. Әрі өзіміздің қол өнеріміз бен дәстүріміздің насихатталуына көп үлесін қосар еді, әттең...

Айдана СЕРІК, Астана қаласы

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30