ҰМАЙ АНА

Қазақстанның қалыптасу тарихында мәдениеті мен қоса бейнелеу өнерінің тұрлері де аса маңызды орынға ие. Төл тарихымыздан бастау алатын қазақ бейнелеу өнерінің бір түрі - мүсін өнері. Ол - тәуелсіз Қазақстанмен бірге дамып, қатар өркендеп келді.

Мүсін өнерінің тарихы алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде тастан жасалған жауынгерлерді, балалы аналарды сомдағаннан бастап танымал бола бастады. Ерте заманнан бастап - ақ "Аңдық стилі" негізгі рөл атқарды. Кейіннен, мүсін өнері адам бейнелері мен мифологиялық кейіпкерлерге ескерткіш тұрғызу бағытында қарқынды дамыды. Осыған сәйкес Қазақстанда мүсін өнерінің пайда болу тарихы 3000 жылға созылды.

 

Қазақ дәстүрі бойынша ата - баба рухына сену, көне кезеңдегі жер, су, от иелеріне табыну(Көк Тәңірі, Жер - су иесі, Ұмай ана, балбал тас,т.б.) және құлпытас, қойтас, кесенелерде кездесетін бейнелер мүсін өнерінің көп түрлілігіне әкеліп соғады.

Қазақ халқы және іргелес жатқан түркі тілдес халықтарының мәдениеті мен өнері етене байланысып жатқандықтан, көне заманда "Ұмай ана" бейнесін мүсіндеу кең етек жайды. Тіпті бүгінгі уқытта да ол – өз мәнін жоғалтқан емес. Мұның бір дәлелі ретінде Қазақстан мүсіншілері ішінде «Ұмай ана» байнесін сомдаған Б.Әбішев, А.Есдәулет, Б.Құсайыновтардың қондырғылы мүсіндерін атауға болады. Дегенмен бұрынғы ұрпақтан мирас болып қалған тарихи – мәдени мұралардың бірі тас мүсіндер болып табылады. Негізгі кейіпкерлердің бірі мифологиялық бейне «Ұмай ана» көп кездеседі.

Ұмай ана – ертедегі Ұлы Даланы мекендеген түрік тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушысы, береке – молшылық тәңірі ретінде танылды. Ұмай анаға қазақтардан басқа хакастар, қырғыздар, алтайлықтар және түріктер табынған. Бұл жайындағы деректер Орхон – Енесей жазба ескерткіштерінде сақталған. Олар Ұмай ананы – ананың анасы, от басы мен бала шағаның қорғаушысы,  жебеушісі деп қадір тұтқан. Міне, осындай Ұмай ананың тасқа салынған мүсіні бізге  ғасырлар қойнауынан жетіп, шын мәнінде ғажайып әсер қалдырды. Тарихтын бізге беймәлім құпия сырлары Ұмай ана туралы мұралар арқылы жеткен. Өйткені қазақ халқының өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып табылады.

Ал қазіргі таңдағы мүсіншілердің «Ұмай ана» тақырыбындағы еңбектері өзіндік стильмен, жеке дара бөліктерімен айқындалды. Қазақстанның танымал мүсіншілері Бақыт Әбішев пен Асқар Есдәулеттің сомдаған туындыларындағы ортақ үндестік Ұмай ананы үш түлікті алтын тәжбен, жануардын үстіне екі қолың айқастыра отырған бейнесі. Мұңдай қос мүсіншінің өзіндік мәнері және негізгі материялы қоладан мүсінделген.

Асқар Есдәулеттің «Ұмай» (2009ж) атты мүсініңдегі өзгешелігі бас формасының тым өзгеше пішінде құралғаны және аузының бедерленбеуі. Ал Бақыт Әбішев мүсініңдегі «Ұмай» (1987ж) бейнесі нәзіктігімен ерекше. Демек, Асқар Есдәулет көбіне мифтік бейнеге сүйене отырып шомбал пішіндесе, Бақыт Әбішев тек қана қарапайым өмірдегі ана қасиетінің құдіретін құрметтеп, басты көрініске негіз еткен. Мифологиялық  бейнелі мүсінде ана бейнесі абстракциялық, шынайы туындыда әйел сұлулығы  ерекше көрінетіндей әсер береді. Бұл туындылардың әрқайсысына тән өзіндік мәнері айқындалғандықтан «Ұмай ана» мүсіні ерекше жетістіктерді танытты. Оның айғағы бұл туындылар бүгінгі таңға дейін өз мәнін жоғалтқан емес, дәстүрмен қалыптасып, мұра болып келеді және мүсін өнері арқылы көрермендер көзайымына айналып, тарих сахнасынан жоғалмай қазақ бейнелеу өнерінде сақталады.

Ғалия ӘЛИ

 

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30