Ұлттық өнерді дәріптеген жас шебер

Керамикалық бұйымдар көптеген тарихымызды теңшелеуге септігін тигізді. Сан ғасырлық тарихты өз қойнауына саялата білген керамикалық бұйымның жасалу тәсілінің сыры да сан алуан болатындығынан болар. Бүгінгі таңда керамикалық бұйымдар қолданыстағы тұрмыстық зат болуымен қатар, сәндік бұйымдар ретінде қолданысқа шығуда. Бұл заман талабына сәйкес, бұйымды қолданысқа қосу ерекшеліктерінің бір болып табылады.

Көркем керамикалық туындылар бүгінгі бейнелеу өнерінде Э.Казарян, А.Қожахметов т.б. шеберлерінің шығармашылығымен жұртшылыққа танылып келеді. Шеберлер керамикалық бұйымдарды тұрмыстық деңгейінен көркемдік  деңгейіне көтеріп, оларды түрлендіре түсуде. Осы түрлену негіздері арқылы керамика саласына, соның ішіндегі керамиканың көркемдігіне көптеген жастарды өздеріне ынтықтыра білді.

 

Көркем керамикаға өзіндік талабын туындылары арқылы көрсетуге талпынған  бүгінде жас шебер суретші Бабашов Данияр туындылары өзіндік көркем мазмұндылығымен ерекшеленіп келеді. Жас керамист О.Таңсықбаев атындағы Алматы көркем сурет колледжінде "көркем керамика" мамандығы бойынша тәлім алуда. Жас шеберлердің туындыларында керамикалық бұйымдардың көркемдік ерекшелік негізіне алмасуы айрықша қолға алынып, олардың мүсіндік дүниеге айналуына көп ықпал жасалған.

Орта ғасырларда қыш ыдыстарды негізінен шарықта жасаған. Ыдыстарды шарықта жасау керамикалық бұйымдардың сапасын жақсартып, формаларын күрделендіреді. Ыдыстардың беттерін өңдеуге қолданылған екінші құрал - пышақ сияқты мыс (қола платина). Пластинаның бір жағы пышақтың ұшындай өткірлене келеді. Мұндай пышақ ыдыстың қабырғасын июге және оны түзулеп отыруға қолданылса керек. Керамикалық ыдыстарды өңдеуге кең түрде пайдаланылған  тағы бір құрал керамикалық төсше деп аталады. Аталмыш сайманды ыдыстардың іші-сыртын тегістеу үшін кәдеге асырған. Қыш ыдыстардың өне бойына ауыз жиегінің төменгі бөлігі тік және көлденеңінен айналдыра жабыстырылып және таңбаға ұқсас өрнектер мен қос қабатталған толқынды сызықтар салынатын. Көбіне өрнектер таяқшамен салынады. Керамикалық бұйымдарды жасаудың осындай технологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып бүгінгі көркем туындыларды жас мамандардың игеруге талпыныстары әрине жаныңа қуаныш ұялатады.  Себебі сан ғасырлық тарихы бар тәсілдік мәнер тек қана бойына технологиялық үдерістерді ғана саялата отырып оны жандандырып келеді. Бабашов Даниярдың ұсынған көркем туындыларының көркемдік ерекшелігі болып, туынды бойына сайын даланың бар болмысын саялата отырып оның көркем дүние ете білу негізі болып табылатындығында. Бозінгеннің өркешіне артқан жүгі іспеттес берілген құмыралар легі қазақ халқының көшпенді халық екендігін тағы да еске салып өтеді. Жай ғана тұрмыстық зат ретінде қарайтын құмыра көркем дүние болып сәндік өнердің сан қырын көрермендерге тағы да дәлелдеп тұрғандай.

Ұлттық қолданбалы өнеріміздің заман талабына сай заманауи үрдіспен көркемділікке ие болып жатқандығы бүгінгі жастардың тарихына көп көз жүгіртетіндігінен болса керек-ті. Жас шебер Бабашов Даниярдың өзіндік болмысы мен өзіндік өнерін көркем дүниелерінің бойына сыйдырып, оны тек қазақтың көрермені мен болашағына үлгі ретінде емес, барша әлемге паш ететін дүниелерді әлі де талай туындататынына сеніміміз мол. Жас өренге өнерің өрге жүзсін демекпіз.

Б. Қарабалаева

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30