Қ.ТЕЛЖАНОВ КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР

Қанафия Телжанов қазақ кескіндеме өнерінің кеңестік тұлғаларының бірі. Кескіндемеші, қазақ монументті кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі, педагог, қоғам қайраткері ретінде танымал.

Қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бетбұрыс әкелген «Еңбек адамдарды» атты топтамасына «Атамекен», «Домбыра әуендері», екеуі де 1958 жылы кескінделсе, «Көкпар», 1960; «Тыныштық» 1964; «Кеңес», 1966. 1967 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы берілді. Төкеріс тақрыбындағы монумунтті полотнолардың «Қазақстан 1918 жылдары» 1980 – 81, «Бастау» 1967, «Қазан» 1970, «Бозаралдықтар» 1972 атты триптихтердің, тұрмыстық «Бүркіт салу», 1964; «Қыз қуу», 1966 және ұлттық «Абылай», «Бостандық үшін», 1990 тақырыптағы еңбектердің авторы. Телжанов жеке басқа табынушылық кезеңінің қасіретіне «Үйде», 1965 алғашқылардың бірі болып қылқалам тартқан суреткер. Телжановтың «Алғашқы рет» 1954, «Қарлығаш» 1958, «Күн сәулелі өлкеде» 1960,»Жеңіс» 1975, «Төңкеріс күзетінде – 11» 1988, т.б. туындыларынан лиризмге толы асқақ поэзия байқалады. Суретші кескіндемелік монументті картиналарымен қатар графикалық еңбектер «Венеция» графикалық топтамасы, 1961 жасаған.

 

Телжанов «Көкпар» және «Қыз қуу» атты туындыларында келешек ұрпаққа ұлттық ойын түрлерін дәріптейді. Ұлттық ойынға құштарлық арқылы ол күнді, сәулені, өмір шаттығын көрсетуге ұмтылады. Осыдан келіп шығарманың декоративті, түстердің кереғарлығы, көтеріңкі ашық бояу реңі туындайды. Ұлттық салт-сана туралы ой толғағанда  суретші халық ойындары мен әдет – ғұрыптарында ұлттық психологияның, үрдіс – дәстүрлердің, мінез құлықтың нышандары айқын байқалады. Сан ғасырлар бойына ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп келе жатқан халық ойындарында ұлттық сыйпаттың өзгешелігі, ерекшелігі мол көрініс тапқан. Автор осы сипаттарды аталмыш жұмыстарында ерекше жеткізе білген.

Ол кенепке ең күшті, ең епті салт аттының көкпарды қолға түсірсем, мәреге жанталаса ұмтылған тартысы сәтті көрсетеді. Көкпаршылардың бір-біріне дес бермей додаға түскен кездегі қызу қандылығы, құштарлығы, желік билеген дүлей күші суретші туындыларынан көрініс тапқан. Көкпардан айырылмауға күш салған ортадағы салт аттының кескін келбетінде, қимыл-қозғалысында,  қасарысқан қажырлы әрекет, ес шығара елтіре-еліктірген құштарлық көрініс тапқан.

Кең де тұңғиық панораманы айқара ашуға мүмкіндік берген алас көкжиек, көкке шапшыған немесе жүйітки шапқан аттардың қиялай ойқастауындағы екпін, салт аттар тұлғасындағы таңғажайып ракурстар – бәрі суреттегілірге шиыршақ атқан серпін беріп қана қоймай сонымен қатар драмалы шиеленісті де үдете түседі.

«Көкпар» ойнымен қатар «Қыз қуу» атты кескіндемесінен де дәл осы ерекшеліктерді көре аламыз. Туындыларда бейнеленген образдар типтендірілген, сонымен қатар оның әрқайсысының дербестілігіне көңіл бөлінген.

Қыз қуу – қазақ халқының өте көне ойындарының бірі. Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен некелесуге құқы болмаған. Ертедегі аңыз-ертегілерге қарағанда, қазақтарда тағы бір мынадай әдет-ғұрып болған. Осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түскен. Жігіттің жеңілуі оған салынатын айыппен қоса,  өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік атының жоқтығы үлкен кемістік болып табылған. Егер қыз жеңілген деп табылса, оның жағынан келісім бойынша, ешқандай қалыңсыз-ақ ол жеңген жігітке тұрмысқа шығады. Автордың туындысында осы ерекшеліктер айқын көрініс тапқан. Мысалы жігіттің намысы, ерлігі мен ержүректігін көре аламыз. 1966 жылы кескінделген бұл туындысынан еліміздің салт-дәстүрін, қазақ қыз-жігіттерінің болмысын танып білуге болады. Ұлт санасындағы ұлттылықты дәріптеп, өскелең  ұрпақтың жадында мәңгі сақталуына себепші болар туыңдылардың бірі.

Болашақта жастардың есіне салып, ұмыт қалдырмайтын жақұттар көбейе берсін демекпін.

Әйгерім Еспенова

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30