Қазақ неге қолда бар қазынасынан айырылып жатыр?

немесе әлемдік сахнаға ұлттық бренд қашан көтеріледі?

Қазақтың ұлттық ойыны - көкпарды қырғыз ағайындар, қымыз бен қазымызды немістер иеленді? Тіпті ең озық үлгідегі киіз үйлердің өзін Қытайлар жасап шығаруда. Киіз басу өнерінің өзін өзгелер өз меншігіне алмақшы. Поляктар қазақтың тазысына таласып жатыр? Ұлтымыздың үлгісі болар асыл мұрамызды иемденіп алуға, нақтысын айтқанда патенттеп алуға шетелдіктер неге құмар? Ал қазақ неге қол қусырып отыр? Жалпы патент деген не? Патент (лат. patents - ашылым) - мемлекеттің жеке адамға (фермаға) беретін және оның өнертапқыштықты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат. Патент заңы арқылы өнеркәсіптік меншік объектілерін жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүліктік, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі.

 

Яғни патенттеу арқылы өзгелердің өніміңді көшіріп істеуіне немесе жасауына шек қоя аласын. Рұқсат қағазы арқылы ғана пайдалануға болады. Нарыққа шығарып сату арқылы пайдаға молынан кенелуге болады. Шетелдіктердің біздің ұлттық мұраларымызға көз салып отырған себебінің алғашқысы осы.Кез келген елдің халықаралық дәрежеде келбетін  айқындайтын өзіндік символы болады. Мәселен ол - ұлттық киім, аспап, өнер, тағам, т.б. болуы мүмкін. Яғни  - БРЕНД. Ұлттық берндті құру арқылы елу бес әлемдік сахнада өзіндік орнын айқында алады. Десек те...

Қазақ ұлтының асыл қазыналарына көз тігушілер көбейді қазір. Еуропалықтар ерте заманда қазақтар ешбір дамыған технологиясыз-ақ адам денсаулығына пайдалы, тіршілігіне, тұрмысына қажетті дүниелерді шығарғанына қайран қалып отыр. Қымыздың қасиетін өткен мың жылдықта әлемге танымал зиялылар мойындап кеткен. Шұбаттың  қасиеті өз алдына, қысқасы біздің мұраларымыздың бағасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қазақстандық өнертпақыштар зерттеу институт мамандары жаңа заманға лайықтап ұлттық дүниелерімізден бренд жасауға талпынып-ақ жүр. Бірақ қаржының жоқтығы арманымызды алыстатып барады. Қолдау көрсетушілер аз, талаптанып жатқанымызбен...

Осы тақырыпта жас толқынның пікірін білмекке ортаға мынандай сауалдар тастаған едік: Қазақтың ұлттық бренді деп нені атар едің? Қазақ неге қолда бар қазынасынан айырылып жатыр (қымызды немістер патенттеді, т.с.с.)?

Жауаптардың біразы төмендегідей:

Айжан Қасымова: Қазақ дегенде, дереу ойға оралатын, бренд боларлық дүние жетіп артылады. Немістер патенттеп алған қымыз бен қырғыздар иеленшеген көкпарды қоспағанда, киіз үй, домбыра, қобыз, қыз қуу, тоғызқұмалық, бесік, ою-өрнектерімізді брендке айналдыруға болар еді. Тіпті, қырық жыл сақтасаң да бұзылмайтын құрттың өзі неге тұрарлық? Асық атып ойнаған америкалық не ағылшындық ұланды көріп пе едіңіз? "Қара жорға" биін билепте ұлтымыз ұтпаса ұтылмайтыны анық. Астанадағы "Бәйтерек" монументінде бәз біреулер брендке балап жүр? Жақында, "Ұлан" газетінен американдық Джон Пенеллонның домбыраны өз бетімен үйреніп жүргені жайлы мақала оқыдым. Домбырамыздың қоңыр дауысты үні мұхиттың арғы жағындағы азаматты бей-жай қалдырмағаны ғой. Тағы бір американдық ерлі-зайыптылардың  киіз үйді қолдан құрастырып, нан тауып жүргендерін жазды "Азаттық" радиосы". Ден Кигер мен Эмманың пікірінше үндістердің баспанасы - типимен киіз үйдің ұқсас тұстары көп және мұндай үйлер табиғат аясында дем  алғысы келгендер үшін таптырмас баспана екен. Бізге енді жайбарақат отыруға болмайды. Жаңа бренд ойлап табудың қажеті жоқ, ең басты - ата-баба аманат етіп қалдырған құндылықтарға ие болып қалу.

Гүлдана Жомартқызы: Менің пікірімше қазақ дейтін көшпелі халықттың ұлттық брендері жетерлік. Атап айтсақ ұлттық қаймағы бұзылмаған дәстүрлеріміз - ою-өрнектеріміз, ұлттық ойындарымыз барлығы - біздің рухани мұраларымыз ұлттық брендтеріміз. Оны өзгелерге меншіктеуге жол бермеуіміз керек. Қазақтың мұрасы тек қазақтікі болуы тиіс. Мысалы үшін біздің ең жақын бауырларымыз қырғыздар, яғни түп-тамырымыз тарихтан бастау алады. Көп деректерде "қырғыз-қайсақ" деген ұғымды көріп те, естіп те жүрміз. Ал олар біздің көкпарымызды иеленгісі келеді екен. Мүмкін олардың да ата-бабаларында осындай ұлттық ойын болған шығар кім білсін? Ал немістіктердікі артықтау, адам миына қонымсыз дүние. Қазақтың ежелден келе жатқан емдік қасиеті бар ұлттық сусыны қымыз бен ұлттық тағамы қазыны әлем мойындаған. Ал оны немістер иемденгісі келетіні бос, далбаса. Солай болатын күннің өзінде де қымыз бен қазыны әлемге ұлттық тағамдарымыз деп паш еткен - ол қазақ елі. Ол - қазақтың байлығы. Рухани байлықты құрдымға кетіру да, оны жандандыру да жас ұрпақ еншісінде. Сондықтан да қазыналы, рухани байлығымыздан айырылмау үшін жұдырықтай жұмылайық, достар! Рухани байлық  - халық қазынасы.

Серік Кантаев: Қазақта не көп, бренд көп. Сонау заманда салынған кесене, мазарларды атап айтқанда, Арыстан баба, Айша бибі сынды мазарлар мен осы заманда еліміздің әр өңірінен табылып жатқан "Алтын адамдар" нағыз бренд. Қазақтар неге басты брендтерінен айырылып отыр? Қазіргі таңда патенттеп алу пайда болды. Өзге елдің өзіне ғана тән қасиеттерін, салт-дәстүрін болмаса нағыз бренд деп көрсететін дүниесін ұрлап алып, өзінің бренді етіп көрсетіп, мәртебесін бір асырып алу. Ал немістердің жылқы ұстап, бие сауғаны бертін болмаса олардың тіршілктері басқа. Қазақтар ежелден осы іспен айналысып келеді. Бірақ патенттеу жөніне келгенде сараңдық танытамызда тұрамыз. Ол мол қаржы дейді біреулер, біреулер дәлел жеткілікті дейді шынымды айтсам, осындай ойлардан кейін, қалай патенттеу керектігінен жаңылып қалдым. Ойы сан-саққа жүрген қазақ патенттеймін деп жүргенде, өзге ел ұрлап алып жатыр.

Жанайдар Болатбекұлы: Иә, сұрағың өте орынды. Сол аталғандармен қатар тоғызқұмалық ойынын да қырғыздар бейресми иемденіп алыпты. Бұлай кете берсе арты жақсылыққа апармасы анық. Негізі мақтанатын нәрселеріміз өте көп. Солардың қатарына айтыс пен ат жарасын жатқызсақ болады. Бұлар ешбір халықта жоқ. Сондай-ақ көкпарды насихаттауды қолға алу керек. Жалпы бір сөзбен айтқанда қолда бар құндылықтарымызды орнымен қолдансақ деген тілек біздікі.

Руслан Абыл: Қазақ ұлтының бренді деп - құсбегілікті толығымен атап айта аламын.  Қазақ хандығы болмай тұрған кезде, сақ, түркі заманында құсбегілік пайда болған. Қазір бұсбегілікті осы күнге дейін ерекше сақтап келе жатқан - қазақтар. Қазақ қазынасынан айырылып жатқаны оңай жауап - әлсіздіктен. Әйтпесе,  ешкім келіп: "Сен көне дәстүріңді жаңғыртушы болма, мен не десем соны істейсің!" деп тұрған ешбір мемлекет жоқ.

Балнұр Қожакелді: Иә, рас. Біздер себебі демеуші болатын адамдар аз. Мәселен, қазақтың бір өнертапқышы жақсы бір дүние ойлап тапты. Бірақ оны ешкім, дамытып әлемдік саудаға шығаруға ниеті жоқ. Сол себепті олар өз жаңалықтарын шетелдіктерге сатуға мәжбүр. Ал көкпар мен қымызға келер болсақ, өзіміздің салғырттығымыздан. Көп жағдайда артынан бармақ тістеп қалып жатамыз. Қазақтың брендіне киіз үйді жатқызуға болады. Осыдан бір жылдай бұрын қазақ үй тәрізді ұлттық үлгідегі ғимараттардың макетін жасап, бірақ қаржы таппай жүрген бір ағамызды телеарнадан көзім шалып қалып еді. Көп нәрсеге бей-жай қарап жүріп тағы да қолымызды кеш сермеп жүрмесек игі еді.

Рыскелді Иемберген: Лицензия солардыың қолында, бірақ немістер қазақтар сияқты қымызды игере алмайды. Олар зерттеу институттарын ашып тастады. Біздің қолда бар қасиетті дүниелерімізді олар оп-оңай-ақ іліп алып кетті. Қазақтың брендіне - құсбегілік пен саясатшының жатқызар едім.

Бақытгұл Ерболатқызы: Домбыра, сәукеле, шапан және кіиз үйді, құртты қазақ брендіне лайық деп ойлаймын. "Қара жорға" биі де еліміздің мақтанышы.

Айзат Мұхтар: Басқалар не берсе де біздің бренд - қымыз, шұбат, домбыра. Тек өзіміз жалқауланбай тезірек іске кірісіп, ұлтымыздың кереметтерін қазақ ұлтының төл дүниелері екенін дәлелдеп шығуымыз керек. Бәріне тарих КУӘ!

Гүлім Зейнеш: Киіз үйді, ұлттық киімдерді, етті және "Қара жорғаны" қазақтың брендіне жатқызар едім. Тек аңғалдығымыздың кесірінен біздің мұра "Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында" кетпесе екен.

Алпамыс Файзолла: Бәріміз өзгені кінәлауға шеберміз. Қазақтың төл құндылықтарын бөтен біреулер иемденіп кетіп жатқанда, ең алдымен өзімізді кінәлау керекпіз. Біз қазақ жастары жегенге тоқ, ішкенге мас, түске дейін ұйықтағанға мәз болып жүрміз. Ал осы уақытта өзгелер бізге тиесілі нәрсені меншіктеуде. Қашанғы дейін осылай жүре бермекпіз? Неге әрбір жас қазақ бұл олқылықтың орнын өзі толтыруға тырыспайды. Ұлтымыздың төл құндылықтарын әлемдік аренаға шығаруға талпынбайды? Жоқ әлде біз дарынды жастардан мақұрымбыз ба?

Міне, пікір білдірген әрбір жастың ойы оқыған адамға ой салардай. Салмақты, өткір. Елінің еңсесінің тік болғанын кім қаламайды дейсің? Әрине, біздің еліміздің әрбір азаматы күрессе осы бедел үшін. Тек жалқаулығымыз бен немқұрайлылығымыз кесірін тигізіп жүрмесе болғаны. Еңбекқорлық пен ұлтқа деген сүйіспеншілік қана қолда бар қазынамызды сақтап қала алады!

Гүлім Еркінбек   

 

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30