Мақсатымыз – қазақтың музыка аспаптарын әлемдік деңгейге шығару

дейді «Шертер» ұжымының шеберханасы

 Тәуелсіздік таңы атқан соң, ұмыт бола жаздаған ұлттық  құндылықтарымызды қайта жаңғарту,  жарыққа басты міндеттеріміздің бірі болды. Сондай игі істерге бірден ден қойып, перзенттік парызым деп білген азаматтарда аз болмады. Солардың бірі 30 жылдан астам тәжірбиесі бар ұстаз, шебер Сапарбек Ділманов еді. Ол 1989 жылы «ХРУ-Шертер» кәсіпорнын ашты. 1992 жылы «Шертер» ЖШС болып қайта құрылып, ұлттық аспаптар шығарумен айналысты. 2003 жылдың тамызына дейін кәсіпорынға басшылық жүргізіп келді. «Шертер» шеберлер орталығына Кеңес дәуірінен қазақтың ұлттық аспаптарын зерттеп, ұмыт қалғандарын қайта жаңғыртып жүрген этнограф Болат Сарыбаев кеңесшілік жасады. Сапарбек Әліұлының бастамасымен шеберлер домбыра, қобыздан бастап, шертпелі, ыспалы, үрмелі аспаптарды бірінен кейін бірін жаңғыртып жасай берді. Қатарлары қолынан неше түрлі іс келетін шебер азаматтармен толысып, шәкірт тәрбиелеу жолына да ерекше көңіл бөлді. Ең бастысы, өнімдердің сапасы төмендемеуін қадағалады.

«Шертер» ЖШС Қазақстандағы алғашқы ұлттық саз аспаптарды кәсіби түрде жасайтын алғашқы кәсіпорын. 2005 жылдары саз аспаптарының 15-20 түрі ғана жасалса, қазіргі таңда 50-ден астам саз аспаптары, барлық аспаптарға қораптар мен қаптар, кәдесый бұйымдары мен ұлттық нақыштағы сандық, бесік, үстелдер шығарды. Көп жылдық тәжірбиенің нәтижесі болса керек, саз аспаптары көпетеген білікті кәсіби мамандардың талабын қанағаттандыруда. Кәсіпорын арнайы экспортпен айналыспаса да, шетелдік және отандық компаниялардың сұранысы өте  жоғары. Ақын Қадыр Мырза Әлидің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деген жалынды сөзін негізге ала отырып, фирма өзіндік стилі ретінде негізгі ұранын да қалыптастырып алған. «Әр қазақ шаңырағына – бір домбыра, сандық, қамшы, бесік!» Әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген қазақтың төріне бір-бірден домбыра, қамшы сандық, бесік жетпейінше Шертер өз жұмысын тоқтатпақ емес.

«Шертер»  кәсіпорны төрт түрлі музыкалық аспаптар (домбыра, бас домбыра, шертер, жетіген, адырна), ыспалы саз аспаптар (нар, қобыз, қыл қобыз, прима қобыз, ыспалы контробас), ұрпалы саз аспаптар (дауылпаз, кепшік, даңғыра, тай-тұяқ, асатаяқ, сақпан, зырылдауық, сылдырмақ, дабыл), үрмелі аспаптар (сазсырнай, шаңқобыз, сыбызғы, қамыс сырнай, қурай). Өнімдердің сапасына келсек, саз аспаптарды қара ағаш, жиде, үйеңкі, жаңғақ, шырша емен, қайың және тағы басқа да қатты ағаштардан жасайды. Аспап жасауда барлық технологиялар сақталады, адам ағзасына зиянды қоспаларсыз, экологиялық таза ағаштардан дайындалады. Ағаштар арнайы кептіру камераларында кебу уақыты жеткенше, яғни 7-8 пайызға дейін сақталады, табиғи жолмен де кептіруге болады. Аспапқа қажетті ағаштар тығыздығына қарай тағайындалады. Тығыз ағаштар аспаптың шанағы, мойыны, басы, тиек, құлағына пайдаланылады. Шырша ағашынан аспаптың бет қақпағы жасалады. Себебі, ішекті қағып ойнағанда, шыршадан жасалған қақпақ шанаққа берілген дыбыс ырғағынан тербеліске түсіп, аспапқа тембр беріп, дыбыстың жақсы шығуына жағдай жасайды.

Саз аспаптың қай-қайсысы болмасын, бет тақтайы шырша ағашынан жабылады. Өйткені, шырша ағашында май болмайды. Ал аспаптың шанағы қатты ағаштан жасалады. Аспаптың ішегі тартылғанда тербеліспен тиек арқылы бет тақтайға беріледі. Шанағы қатты ағаш болуы себебінен дыбыс жаңғырып, дыбыс тесігі арқылы сыртқа шығады. Әр аспапты жасаудың өз технологиясы болады. Мысалы, қобыз аспабын жасау үшін, бірінші мойнын дайындап алу керек. Қобыздың мойын басы бір ағаштан жасалады. Содан кейін шанағы құралып, бетіне жартылай терісі тартылып, бет тақтайы жабылады. Ал жетіген аспабында бірінші шанағын құрап, сосын бет тақтайын жабады.

Шауып жасайтын аспапты бірінші сыртқы пішінін келтіріп, содан кейін ортасын бұрғымен тесіп, сыртына желім жағып, 4-5 күн кептіріп қояды. Желімді ағаш жарылмас үшін жағады. Осылай кептіру әдісін бір аспап екі жарым, үш айда дайын болады. Республика көлемінде «Шертер» өнімдеріне деген сұраныс жоғары. Кәсіпорын айына 500-600 дана әр түрлі саз аспаптар жасалуда. Мемлекеттік таптырыстар бойынша айына 1000-1500 дана саз аспаптар жасауға мүмкіндік бар.

«Шертер» фирмасы 2011-2013  жылдары Алматы қаласындағы балабақшалардың 60 пайызын балаларға арналған саз аспаптармен қамтамасыз еткен.

Кәсіпорынның негізгі тұтынушылары: Қазақсатанның еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынбек Қоразбаев, Шәміл Әбілтаев, Мұрат Әбуғазы, Айгүл Үлкенбаева, Әлмырза Ноғайбаев, Алмас Алматов. Өнер ұжымдарынан С.Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория, «Алматы әуендері» МҚКК, «Отырар сазы» оркестрі, «Қазақ концерті» және «Гүлдер» ансамблі, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі, Шымкент қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филормония, Астана қаласындағы «Ақжауын» оркестрі және көптеген орта,  арнаулы оқу орындары болып табылады.

«Шертер»  ЖШС-і елімізбен бірге дамып келе жатқан кәсіпорын. Қазақстан көлемінде және жақын шетел мемлекеттеріндегі қандастырымызға танылып, тапсырыстарын орындап, көпшілік көңілінен шығып келеді.

«Шертер» кәсіпорынының 2008-2013 жылдарға арналған өндірісті дамыту бағдарламасы бойынша жаңадан 400 шаршы метр болатын ғимарат салынды. Шеберлердің жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында жаңадан станоктар алынды. 40 шаршы метр болатын жатахана салынды, шеберлерге арналған асхана жұмыс істейді. Ел игілігі үшін ашылған кәсіпорын көркейіп келеді. Шертерлік шеберлер қойған мақсат: «Экспо-2017ге» сапалы өнімдер шығарып, қазақтың музыка аспаптарын әлемдік деңгейге шығару.        

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30