Ұлттық музыканың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы

Аспаптық музыка сонау көне заманнан келе жатқан ұлтымыздың рухани мәдениетінің аса бір маңызды саласының бірі. Сол себептен ұрпағымызды аспаптық музыкаға арналған шығармалар және ұлттық аспаптарда орындалатын күй өнеріне баулу мәдениеті тәрбиелеудің бір бөлігі болып табылады.

Тарихи тәжірибелерге сүйене отырып, өзінің қалыптасқан мәдени-білімдік дәстүрлері мен ұстанымдары бар елдің даму қадамы білімнен басталуы керек. Музыка өнерінің мақсаты – өскелең ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер қазыналарына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы қатынасын орнату.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қоғам дамуындағы жалпы адамзат құндылықтарына деген, адамның өзіндік дара қасиетіне бағыттау болып табылады. Міне, осыған байланысты жасөспірімдердің музыкалық тәрбиесінің әлеуметтік маңызы арта түседі.
Оның маңыздылығы, әсіресе, жаңа педагогикалық ойдың тұжырымдамасы мен тәрбиедегі жүйелі көзқарас жалпы стратегияға және оқу-тәрбие процесіне ұйымдастыруға үлкен ықпалын беріп отыр. Осылайша, өзімнің педагогикалық тәжірибеме тоқтала кетсем.
Бүгінгі күні біз қазіргі заман талабына сай музыка сабақтарында сан түрлі инновациялар мен технологиялар пайдаланудамыз. Оның ішінде: дәстүрлі сабақтар, семинар, конференция, диалог, ойын, байқау, саяхат, сынақ, лекция-концерт, шығармашылық кештер.
Атап айтқанда, Абай ауылындағы М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің қабырғасында менің шәкіртім, Қазақ Ұлттық Құрманғазы атындағы консерваториясының түлегі Есбергенов Медет ұйымдастырған, елімізге танымал, қазақ халқының аспаптық музыкасын күллі әлемге танытып жүрген «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің қатысуымен музыка пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Бұл сабақ ерекше өтті деп айтуға болады. Себебі, негізгі мақсаттардың бірі – оқушыларды ұлттық өнеріміздің, халқымыздың төл музыкаларын насихаттап жүрген «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің шығармашылығымен және қазақ халық музыкалық аспаптарымен толығырақ таныстыру болып табылды.
Әуезді ән мен құйқылжыған күй төгілген бұл кездесу тікелей сұхбат-концерт түрінде өткізілді. Яғни, топ мүшелері мектеп оқушыларын өздерінің қоржындарындағы кең таралған халық аспаптарымен қатар, сирек кездесетін аспап түрлерімен таныстырды. Аталмыш сабақтың тағы бір ерекшелігі, мектеп қабырғасында осындай шаралар өскелең ұрпаққа ұлттық өнерді насихаттауды көздейтінін атап өткен жөн деп есептеймін.

Жайдар Жақып,
М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі
музыка пәнінің мұғалімі.
Қарасай ауданы, Алматы облысы.

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30