Әлихан Бөкейхан және Петербор қаласы

     

 «Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет  аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойналанарлық жұмыс» деп өмірінің 

соңына дейін өзіне - өзі ант беріп, киізтуырлықты қазақтың тағдырын аманаттап алып, «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!...» деген Алаш көсемі Ә.Н.Бөкейханның ғылыми-шығармашылық ғұмырбаянын қарап отырсаңыз, оның өмірінің  елеулі кезеңі – Санкт-Петербор қаласында  өткенін байқайсыз.

Қазақтың біртуар азаматы бұл қалада жоғары білім алды, журналист һәм ғалым ретінде танылды, 4 миллион қазақтың болашағы үшін І Мемлекеттік Думаның мінберінде депутаттық сауалдар жасап, қазақтың мәселесін көтеріп-ақ орыстарға өзінің  саңлақ саясаткер екенін байқатып, талантын мойындатқан болатын.

           Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан да Санкт-Петербор қаласындағы Орман шаруашылығы институтын  «орманшы» және  «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Фәни ғұмырында-ақ, Алаштың аса қадірлі азаматы болған Әлихан Бөкейханның көптеген саяси-қоғамдық ойлары мен түрлі бағыттағы зерттеу еңбектері сол уақыттағы  Санкт-Петербургтың «Сибирские вопросы», «Биржевые ведомости», «Новая жизнь» секілді  танымал басылымдарында жиі жарияланып тұрған.

 

     Санкт-Петерборда оқыған Алаш ардақтылары


  

ХІХ  ғасырдың екінші жартысында дүниеге келіп, «қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн боламын!»  (С.Торайғыр) деп  өздерін рухани тұрғыдан жетілдіріп, қазақтың тағдырына өздерін 

           жауапты етіп, қаймана қазақтың  болашағы үшін күрескен үркердей талантты топтың жоғары білім алып, кәсіби маман ретінде қалыптасуына ықпал жасаған  ортаның бірі – Санкт-Петербор қаласы.

Петербор  –  ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында орыс империясының бас шаһары әрі мәдениет пен білімнің ордасы болған қала.  Қазақтың тағдырына алаңдап, білім іздеп, мамыражай сарыарқасынан қоңыр салқын Петерборға келіп, «инемен құдық қазып», өкпелеріне құрт ауруын түсірген Алаштың зерек те, ақылды, ізденімпаз жастары көп болған. Мысалы, Барлыбек Сыртанұлы, Бақытжан Қаратайұлы,  Жанша Сейдалы, Мәмбет Сейдалы, Абдолла Темірұлы, Райымжан Мәрсекұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы, Мұстафа Шоқайұлы, Бақыткерей Құлманұлы, Жақып Ақпайұлы,  Кәрібай Айбасұлы, Қамбар Ережепұлы (Әбдікерім Ережеп болыстың ұлы), Қаратайұлы Мағзұм (Бақытжан Қаратайұлының інісі), Сейілбек Жанайдарұлы, Мырзабек Әлиұлы, Мұхтар Әуез,  Әлкей Марғұлан сынды Алаш қайраткерлері Санкт-Петербор мемлекеттік университетін тәмамдаған. Осы тізімдегілердің арасындағы Б.Сыртанұлы, Б.Қаратайұлы, А.Темірұлы сынды арыстарымыз  «алтын» медальмен бітірген болатын. Ал, қазақтың тұңғыш теміржол маманы, инженер, тарихшы,  заманында ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты болған Мұхамеджан Тынышпайұлы

император Александр І атындағы  Петербург теміржол транспорты институтын үздік дипломмен бітірген. Сондай-ақ, Халел Досмұхамедұлы Санкт-Петербордағы Әскери медициналық академияның түлегі. 

 

                     «Выборг үндеуі» Териокида емес, Выборгта талқыланған!


 

            Қазақ Географиялық қоғамының ұйымдастыруымен жүзеге асып отырған  халықаралық  «Әлихан Бөкейхан ізімен» атты ғылыми-танымдық экспедициясының мүшелері  «Выборг үндеуі» құжатының қай қалада қабылданғанын нақтылап, тарихи шындықты анықтады. Бұрын-соңды қазақ ғалымдары (алаштанушылар)  Выборг қаласына келмеген болатын. Біз, араға 110 жыл салып, 12 шілде күні Санкт-Петербор қаласының іргесінде орналасқан Выборг қаласына барып, «Бельведер» қонақ үйін таптық. 

            «Выборг үндеуі» 1906 жылдың  9  шілдесі күні  Император Николай ІІ Бірінші Мемлекеттік Думаны тарату туралы бұйрық шығарады.  9-10 шілде  күндері 220 жуық депутат Бірінші Мемлекеттік Думаның таралуын заңсыз деп танып, Териоки қаласына жиналып,  «Бельведер» қонақ үйіне тоқтап, жиналыс өткізген.  Жиналысқа заңгер М.М.Винавер төрағалық жасаған. 

Депутаттардың жиналысында екі жоба (мәселе) қаралды Бірі – І Мемлекеттік Думаның  «Кадет» партиясы фракциясының, екіншісі – «Еңбекшілер» партиясы фракциясының жобасы. Жиналысқа қатысқандардың шешімі бойынша  «Кадеттер» партиясының жетекшісі  П.Н.Милюковтың жобасы қабылданды.


даярланған делінеді.  «Выборг үндеуі» туралы нақты мәліметтерді (1.Кузьмин-Караваев, В. Выборгскій процессъ. СПб.: Тип. т-ва «Общественная польза», 1908 және 2. Государственная Дума Российской империи 1906—1917: энциклопедия. М.: Российская политическая энциклопедия, 2008, стр. 113—114) осы еңбектерден табуға болады.   Тарихи шындық:  «Выборг үндеуі»  Выборг қаласының  «Бельведер»  қонақ үйінде даярланып, қонақ үй алдындағы жазғы алаңқайда 

талқыланған  және де оны  фотосуреттер айғақтайды. Ал, Териоки қаласы 1917 жылдан  1939 жылға  Финляндия мемлекетінің құрамында болған. 1939 жылы, яғни,  ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде Териоки қаласы  СССР-дің құрамына қайта кірген.  Бүгінде Териоки қаласы РФ –ның құрамындағы қала болып саналады, қазіргі атауы – Зеленогорск қаласы. (Фин шығанағының жағалауында орналасқан қала. Петербордан 50 шақырым жердегі курортты ауданда орналасқан – Т.Е.).  Әлихантанушы-ғалым С.Аққұлұлының  «Әлихан Бөкейхан: қазақ жерінің жоқшысы» атты монографиясында, экс-депутаттардың біразы  1906 жылдың 12-13  шілдесінде Териоки қаласында  жиналып, «Новый курорт» саяжайында болашақта бірігіп атқаратын жұмыстарының жоспарын даярлаған деген дерек бар.           «Халықтан – халық өкіліне»  деген атаумен даярланған  «Выборг үндеуі» қазіргі Санкт-Петербор қаласынан 140 шақырым жердегі Выборг қаласында өткен. Депутаттар тоқтап, бас қосқан  «Бельведер» қонақ үйі де әлі күнге дейін сақталған (Мекенжайы: Ленинградский даңғылы, № 16 үй).   Тарихи құжаттағы мәліметке назар аударсақ:  «Выборг үндеуінде»  «9(22) шілде, 1906 жыл»  деген жазу жазылған және 180 депутат қол қойғанын байқаймыз.  Бір ескерер жайт:  кейбір деректерде  «Выборг үндеуі»  Выборг қаласында жазылған десе, кейбірінде Териоки қаласында 

 

Елдос ТОҚТАРБАЙ,

әдебиеттанушы

 

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30