ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Құрметті «Дәстүр » журналының редакциясы!

Ел игілігі үшін атқарып  жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын!
Атына заты сай «Дәстүр »  атты журналдарыңыз біздер, мұғалімдерге көп көмек көрсетуде. Әр аудан, облыстағы әріптестерімізбен өзара тәжірибе алмаса отырып щығармашылықпен, ізденіс жұмыстарымен айналысуға үлкен көмек көрсетіп отырсыздар.
Сол үшінде мен  өз мақаламды ұсынғалы отырмын.
Сіздерге   зор алғысымды білдіре отырып, оқырмандарыңыз көбеюін, кең таралымды басылым болуларыңызды тілеймін.

Тәрбиеден мақсұт – баланы  тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес,келешек өз заманына сай қылып шығару...
Әр тәрбиешінің қолданатын  жолы – ұлт тәрбиесі.

    Мағжан Жұмабаев

XXI ғасырдың  білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге тәрбиелеу.
 Еліміз білім мен ғылымның дамуына жете көңіл аударып, замана рухына сай келетін ұлттық білім үлгісін жасауды басты мақсат етіп отыр.
Еліміздің келешегі  бүгінгі жас ұрпақ қолында десек, сол ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы «отбасы-мектеп-мемлекет» бірлігімен тығыз байланысты. Бүгінгі балдырғанның қоғамға лайықты азамат болып қалыптасуы отбасы мен мектептен алар білім мен тәрбиенің түп тамырында жатыр. Бұл ретте «тәрбие негізі қайдан алынуы керек?» деген сауалдың кезексіз орын алатыны даусыз. Әрине, қашанда бала тәрбиесі – қоғам, мемлекет алдындағы жауапты, күрделі міндет.
«Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеу керек, тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы»  / Әл- Фараби /.


Сондықтан да, қазіргі қоғам жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты, талғамы жоғары, білімді, тәрбиелі, парасатты тұлға ретінде қалыптастыруды талап етіп отыр. Сонымен қатар, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау көзделіп, оқу-әдістемелік жүйесіне жаңа талаптар қойылып отыр. Осы орайда, елімізде ұлттық тәрбие мәселесі көтерілуде. Отбасы тәрбиесі  адами биік қасиеттерді қалыптастырудағы негізгі алғашқы саты болғандықтан,  ата-ананың әрекеті, моральдық сапасы ұрпақтарға зор әсер қалдыратынын, егер ата-ана жоғары мораль иесі болса, таным-талғамы биік болса, перзентіне жақсы әдет-ғұрып үйретсе, онда бұл бала қоғамға жарамды болып шығатынын айтады.
Ұл-қызыңа үйрет білген білімді
Қолыңа ұстат кеудеңдегі күніңді
Сонда ұл-қызың адамдықтан
                                    таймайды
Көңілі түзу, көзі шоқтай
                                 жайнайды.
Ақын ұрпақ тәрбиесін тал бесіктен бастауды ұсынады. Осы ретте қазақ халқының ғұлама ұлы М. Әуезовтың «Ел боламын десең, қазақ, бесігіңді түзе!» деген қанатты сөзі ойға оралады. Тәлім-тәрбие – сапалы білім, әдеп – иба  өлшемімен. Білімді адам ғана ақыл парасатын жоғары көтере алады. Моральдық сапасы жоғары, білімі мол, іс-әрекеті ұқыпты, адамгершілігі үлкен моральдық мінезі жан-жақты жетілген адамдардан үйренуге үгіттейді:
Білім білсең күнің нұрлы етеді,
Қанша кішік болсаң да ұлы етеді.
Адамды моральдық жақтан тәрбиелеу, моральдық мінез қалыптастыру – тәлім-тәрбиенің мәңгілік міндеті. Ал тәрбие – іркіліксіз, әрі кешенді түрде жүргізілетін іс. Сондықтан баланы қазіргі әлемдік мәдениеттің рухымен қоректендіре отырып, ана тілі мен ділін, дінін, дәстүрлі  мәдениетін қастерлей білетін жарқын тұлға ретінде қалыптастыру аса қажет. Балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік және ұлттық тәрбиені сіңіруші адам  –  ұстаз. Ал тәрбиенің негізі ұлттық тәлімнен бастау алады. Ұлттық рухты үнемі ұлықтап жүретін қазақтың тәлім-тәрбиесінің қайнар көзі тым тереңнен басталады. Ұлттық тәрбие халықтың өмірін, рухын және тілдерінен тұратын ішкі заңдарын, оның ұлттық мінезін, болмысын көрсетпек. Ұлтты оятудың негізгі тетіктерін анықтап, білген дұрыс.  Ол тетіктерге біріншіден – мемлекетшілдік нышандарын дамыту, оны ұлттық тәрбиемен ұштастыру, сөйтіп, алдымен отаншылдық рухын ояту керектігін ұсынамыз. Ұлттың мәңгілік болуы оның уақытқа бағынбайтындығында және ұлттың мәңгілік болуын халқын, жерін, елін сүйетін азаматтарды қалыптастырып, тәрбиелеуде болмақ.
Жаңа ғасырды жақсы қарқынмен бастап келе жатқан егеменді еліміздің болашағы үшін саналы да, ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеудің  ұлттық сипатын жандырып, дамытуға бар күш-жігерімізді салудамыз. Өркениетке қадам басқан тұстағы оның алғышарттарының бірі ұлттық  тәлім-тәрбие мен сапалы білім беру болып табылады. Себебі, жастарға ұлттық құндылықтар негізінде жан- жақты тәрбие беру – сол өркениетке жету жолындағы мұратымыздың кепілі. Біз жаңадан аяғына тұрып келе жатқан дамушы мемлекетпіз. Терезесі теңескен, төрт құбыласы тең мемлекет ретінде қалыптасу үшін білім-білік пен өнегелі тәрбие қажет. Бұл жайында еліміздің ертеңі – келер ұрпақ саналатын жастарымыздың өмірден өз орнын тауып, қарым -қабілеттерін шыңдап, әлеуетін анықтап, танытуына барынша ықпал жасау керек екенін Елбасы өзінің Жолдауында да ашық айтқан болатын. Мұның өзі жастарды қоғамда белсенділігін арттыруға, олардың бойында ұлттық сана мен отаншылдық қасиеттердің дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ашылған ақ жол тәрізді рухты демеп отыратынына септігін тигізбек. Жалпы, келешек ұрпақтың қамын бүгін ойлау – аға ұрпақ борышы.
Қазақ білім ошақтарының басты міндеті – білім берумен бірге өнегелілікке, саналы тәрбиеге баулуда, тұлғалық мінез-құлық қалыптастыруда, еліне қажет отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуде жатыр. Халқымыздың тәлім-тәрбиесіне зер сала қарасақ, адамгершілікті, мейірбандылықты, қайырымдылықты дәріптейтінін көреміз. Әлеуметтік өмірімізде үлкенді сыйлау, құрметтеу ұлттық дәстүрге айналған. Тәрбиесіз  қоғам жөнделмейді. Жоғарыда айтылғандармен қатар әл-Фарабидің сөзін айтып кеткім келеді,   «Тәрбиелеу – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлер  дарыту».
Оқушылардың тәрбиесі әлеуметтік  ортада  яғни отбасы мен мектепте іске асады дегендей, сыныптағы оқушылардың  жан-жақта үйлесімді дамуына ықпал ететін сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары басты мақсатта. Менің тәрбие беру жүйесіндегі басты міндетім: балаларды айналамыздағы адамдарға қиянат, зорлық-зомбылық, қылмыс жасамауға үйрету, бауырмалдыққа, мейірімділікке, ізгілікке бағыттау. Сонымен қатар  оқушыларға  әр бағытта экономикалық және экологиялық тәрбие беру.
Заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты, қазір қоғам жан-жақта үйлесімді жетілген жаңа адамды  тәрбиелеуді  талап  етіп  отыр.
Қоғам талабы – заман талабы,  өйткені  «Әр адам – өз заманының баласы».
Қорыта келе айтарым, бүгінгі жастар тәрбиесіне  зор жауапкершілікпен қарауды талап ету.Отбасында, мектепте, қоғамда ана тілі мен ұлттық сананы жастардың жүрегіне терең ұялатудың жолдарын қарастыру. Осылайша білім беру саласында ұлттық бағытта тәрбиелеу арқылы мәдени процестің биік шыңына шығамыз деп ойлаймын.



Маржан СЕРІКОВА,
Алматы облысы, Сарқан ауданы, Көкөзек орта мектебнің ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30