АДАЛБАҚАН

Адалбақан — киім және т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жабдық. Адалбақан көбінесе бұтағы көп балапан қайың мен шыршадан (самырсыннан) жасалады. Жас ағашты кесіп алып қабығын аршығаннан кейін, оның бұтақтарын түп жағынан бір сүйемдей қалдырып, ұшын кесіп тастайды, бұтақ түбірлерін бақанның жоғарғы ұшының бағытымен майыстырып иеді де, ұштарын қайыспен не мықты жіппен бақанның діңіне таңып, көлеңкеде кептіреді. Иілген бұтақтар жазылып кетпейтіндей болып әбден кеуіп қалыптасқан кезде таңғышты шешіп алып, оның ұштарын үшкірлеп жонып ілгек жасайды. Кейде адалбақанды бұтақсыз ағашқа басқа ағаштың бұтағын не болмаса бөкеннің мүйізін бекіту арқылы да жасайды. Адалбақан сәнді болу үшін шеберлер оның сыртын әр түрлі бояулармен өрнектеп сырлайды, бүршік бас алтын, күміс шегелермен нақыштайды.

 

Суретте Абайдың қыста­уындағы, яғни Абайдың үй-мұражайындағы тошаладағы немесе қазіргі тілмен айтқанда тоңазытқышта орналасқан төрт Адалбақан.  
Ал, жалпы үйдің негізгі құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс келбетін сақтаған.  Алты бөлмеден тұратын бұл үйде әр бөлмесіне пеш орнатылған. Бөлмелердің ішінде Абай қолданған күміс қалта сағаты, қаламсабы мен сия сауыты, Абай шай ішкен самаурын, киім салатын сандығы, тағы да басқа ақынның қолы тиген киелі заттар тұр.
Бүгінгі біз тоқталып өткелі отырған ең маңызды нәрсе –  қыстаудың тошаласында орналасқан Адалбақан. Абайдың тапсырмасы бойынша тошаланың ішін Өртең тауынан әкелінген тастармен қаптаған. Ортада төрт адалбақан орналасыпты (суретте). Бұған қыста соғым еті ілінеді. Адалбақанның ортасындағы қазандықтың астына тобылғы жағылып, ет ысталады екен. Ал тошаладағы ас бұзылмайды. Яғни тошала ХІХ ғасырдың тоңазытқышы саналған.

 

Суретте ақын Қасымхан Бегманов
 Абайдың үй-мұражайында.
Мамыр, 2008 жыл.

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30