Сүйінші! Өскемен мектептерінде ұлттық салт-дәстүр арнайы пән болып оқылады

Ұлтымыздың ұлт ретіндегі ең басты ерекшеліктерін танытатын «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері» пәні оқу жоспарына енгізілмекші. Бұл пән әзірге тек Өскемен қаласының оқушыларына оқытылады, деп хабарлайды  Dasturkb.kz тілшісі Bag.kz порталына сілтеме жасай отырып:Бір қызығы облыс прокурорлары ұсынған пән алдымен екі бірдей мектепте , кейін жеті оқу орындарында енгізілмек."Біз осы курсты енгізер алдында сол сабақтардың барлығын зерттеп шықтық, сол сабақтардың тақырыптарын анықтап шықтық. Біздің өзіміздің анықтағанымыз өзін-өзі тану сабағын алатын болсақ, осы Қазақстан халқының салт-дәстүрлері тек қана 98 сағат көлемінде ғана беріледі екен" - дейді Шығыс Қазақстан облысы Білім беру басқармасының жетекшісі Айжан Садықова.

 

Бүгін ғана тұсауы кесілген жаңа пән бесінші сынып оқушыларына екі аптада бір сағаттан оқытылады екен. Жылдың соңына қарай балалар пән бойынша емтихан тапсырады. Егер көрсеткіш жақсы болса, онда осы пән өзге облыс мектептерінде де жүргізіледі. Ақша жағын Шығыс Қазақстан өңірінің әкімдігі өз мойнына алыпты. Ал білім беру бағдарламасына жаңа пән енгізуді облыстық прокуратура қолға алған. Құзырлы орган өкілдері пилоттық жоба негізгі пәндерге кедергі келтірмейді дейді. Бұдан былай мектептерде қандай пән оқытылау керектігін Білім және Ғылым министрлігі емес, прокурорлар шешетін сияқты.

"Бүгін осы Шығыс Қазақстан облысындағы №43 мектепте тәрбие сағаты ретінде алғаш өткізген болатынбыз. Алдағы уақытта бұл пән Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан, Глубокое және Өскемен, Семей қалалары өткізілетін болады" - дейді Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы бірінші басқармасының аға прокуроры Айдос Тұрсынов.

Дерек көзі: 31 арна

 

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31