ҚАЗАҚТАР ЖАҢА ЖЫЛДА АЛҒАШ ШАПАҚ АТҚАН КҮНДІ ҚАРСЫ АЛЫП, ИІЛІП СӘЛЕМ БЕРГЕН

Табиғи құбылыстарының қайта айналып келіп отыруын – күн мен түннің, жыл мезгілдерін – жаз, қыс, күз, көктем, айдың тууы мен батуының алмасуын, жұлдыздардың орналасу тәртібін, мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы үшін орасан зор маңызы болды. Қазақтар өзінің байырғы күнтізбесі арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеуге және кыстауға қай уақытта қайту, қой мен қозыны қырқу, мал төлдету, соғым сою, жол жүруге, жол іздеуге, аң аулауға, төрт құбыласын айыруға, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды ажыратып, өткел, суат, қоныс, құдықтарды адаспай тапқан.

 

Байырғы қазақ күнтізбесінде адамзаттық айлар былай аталған:

Наурыз, көкек, мамыр.

Отамалы, шілде, сарша.

Қыркүйек, қазан, қараша.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

 Бір жыл  12 азаматтық айға бөлінген, айларда 30 күннен болған. Сонымен мүшелдегі жылдар рет санына қарай аталмайды, 12 түрлі хайуанның атымен аталып отырды. Он екі жылдық мүшел жүйесінің аттары төменде көрсетілген, онда жыл басы бірінші жыл тышқан, екінші жылсиыр, үшінші жылбарыс, төртінші жыл–  қоян, бесінші жылұлу, алтыншы жыл –  жылан, жетінші жылжылқы, сегізінші жылқой, тоғызыншы жылмешін, оныншы  жылытауық, он бірінші  жылит, он екінші  жылдоңыз деп аталады.  Жан-жануарларды бұлайша іріктеп алу, негізінен Орталық Азияда мекендеген көне тайпалар арасындағы тотемизм қалдықтарының ықпалына байланысты болған. Адамдар тотемдік хайуанаттардың айрықша қасиеттеріне мейлінше сенгендіктен өздерінің шығу тегін белгілі бір жануарлармен (тотемдермен) байланыстырған. Халықтар мен тайпалар оларды қатты құрметтеп, жәбірлеуге, өлтіруге, тіпті олардың етін тамақ ретінде пайдалануға қатаң тыйым салған. «Хайуанаттар атымен жыл санау мүшелі, – деп жазады. И. В. Захарова, – осы күнге дейін кейбір халықтарда тотемдік сенім қалдықтарымен біте қайнасып жалғасып келеді. Дәлірек айтқанда бұл Алтай мен Монғолияда кездеседі. Мұндай сарқыншақ адамның хайуанаттармен байланысы (әрине, оның туған жылындағы жан-жануарлар мен байланысын) мойындау түрінде көрінеді. Тәртіп бойынша ол адам әлгі жануарды өлтірмеуге тиіс».

Қазақ халық календары тарихын зерттеуші М. Ысқақовтың жазуынша, түркі халықтарында Махмут Қашқаридың тұсында қой, сиыр және жылқы жылдарында туған адамдарға сол жануарларды союға тыйым салған. Осындай тыйымдар бір кездері қазақ  арсында да кездескен, бірақ  бүгінде ұмытылған. Сондай-ақ, әрбір жыл атауының өзіндік мән-мағынасы, наным-сенімі болған. Атап айтар болсақ, қазақ халқы арасында әрбір жыл атауының өзіндік мән-мағынасы, наным-сенімі болған. Оларға тоқталатын болсақ: тышқан  жылытыныштықсиыр жылысыйлық, барыс жылыбірлік, қоян жылықамбалы, ұлу жылыүлгілі, жылан жылыжайлы, жылқы жылыжұтсыз, қой жылықұтты, мешін жылымерейлі, тауық жылытабысты, ит жылыигілік, доңыз жылыдүниелі, – деп әрқайсысының мағынасына үлкен мән берілген. Қазақ халқы бүгінгі күнге дейін молшылық пен құт-берекеге, бейбітшілік пен тыныштыққа  бағышталған жыл атауларына деген сенімі қалыптасқан. Халық аузында мынандай әңгімелер де бар. Немересі атасына: «Түйе мақтаншақ! Түйе мақтаншақ!» деп айғайлағанда, атасы оған: «– Олай деме, түйе – қасиетті жануар, ол жылдың басы болмағанымен, он екі жылды бойына сыйғызып тұр. Түйеде он екі жылдың нұсқасы бар, құлағы – тышқан, бақайы – сиыр, тірсегі – барыс, еріні – қоян, төбесі (қарақұсы) – жылқы, тісі – қой, жүні – мешін, мойыны – тауық, шөккені – ұлу, қабағы – жылан, табаны – ит, құйрығы – доңыз», – деген екен. Түйенің сыртқы жаратылыс пошымын шындығында көз алдымызға  елестетіп көрсек, тура жоғарыда айтылғандай  кейпін байқай аламыз.

 Қазақтың халық календары бойынша жыл басы көктем айы наурыздан басталып, жыл сайын 22-наурызда – жаңа жылдың басы ретінде наурыз тойы өткізіледі. Наурыздың қазақтардың және Шығыс халықтарының  сонау ерте заманда отқа, күнге, айға табынған кездерінде пайда болған, яғни табиғаттың қойнынан, күн мен түннің теңелуінен шыққан маусымдық (календарлықА.Т.) мейрамы екені даусыз.           Наурыз қазақтың   ұлан-байтақ жеріндегі  ауа райына байланысты әр уақытта атап өтілген. Ол туралы  Ахмет Байтұрсынұлы наурыз айының біреулер бірінде, екіншілері тоғызында келеді, деген деректерді келтірсе, А. Диваев оңтүстік өлкеде ақпанның аяғында қар ерігенде наурызды атап өтетінін атап көрсетеді. Ал Сыр бойы қазақтары Киіз үйдің есігінен күн түссе мұны «ұт» деген. Бұл ақпанның 19-ы мен наурыздың 20-сы аралығында болады. Осыған байланысты Сыр қазақтарында «үйге ұт кірді, егіншінің көкейіне құт кірді» – деген мәтел бар. Демек, егінші үйде тағат тауып отыра алмай, жұмысқа кірісетін уақыт жетті дегенді білдіреді. Ал оңтүстікте «Жыл басы жылқышы торғайдың ұшып келуімен» орайластыра мерекеленеді. Ал Қазақстанның батыс  өңірінде 14–15-ші наурызда көрісу дәстүрі бар.  Мысалы:

Амансыз ба?

Ұлыс оң болсын,

Қайда барса жол болсын!...

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!.....

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге кірсін!  – деп құшақтасып көріседі.

Көрісу дәстүрі күні  олар туған-туыс, дос-жаранға қонаққа барып, әр түрлі тартулар жасайды.

 Орталық Қазақстан тұрғындары жаңа жылды Үркердің аспанның батыс бөлігіндегі жас Аймен тоғысуына қарап кешірек қарсы алады.

 Екі батыр соғысты, үркер мен айдай тоғысты– дейді халық ауыз әдебиетінде, себебі сәуір (үркер) жұлдызы наурыз айына дәл келеді. «Сәуір болмай  тәуір болмайды», – деген мәтел көктемгі күн мен түн теңелген тұстағы, айдың жаңа орағының алдындағы сәуір (өгіз) жұлдызының тоғысына байланысты айтылған. Бірақ қазақ халқы сәуір мен  ай тоғысты демейді, ай мен үркер тоғысты дейді. Қазіргі қазақ күн тізбесіндегі апрель айы – сәуір деп  аталуда.

Ертедегі Шығыс астрономдары мен жұлдызнамашылары Наурыздың аптаның қай күні кіретініне қарай, бүкіл жылдың сипаттамасын берген. Қожа Әли Термизидің «Наурызнамасында» наурыз сәрсенбі күні кірсе өте қиын жыл, (қымбатшылық, опат, ашаршылық, т.б.) сонымен қатар жұма, сенбі күндері кірген жылдар жақсы болмайтынын көрсетеді, ол аптаның басқа күндері жақсылық жылдары деп, есептелінеді. Наурызды мейрамдаудың  дәстүрлі атрибуттарымен (көрісу, көп көже, ұйқыашар, самалық айту, дір еткізер, селт еткізер және т.б.) қатар әр аймақта өзіндік сахналық рәсімдер өткізілген. Бозбалалар мен қыздар да Ұлыстың ұлы күні емін-еркін бас қосып, ауылды, елді той-думанға бөлегенін мына өлең жолдарынан көреміз:

Есік алды қара су бойлағаным,

Жалғанның қызығына тоймағаным.

Көмілсем де кетер ме көкейімнен,

Қалқаммен Ұлыс күні ойнағаным.

Ауыл қыздары өздері жақсы көрген жігіттерге арнап, соғымның қалған етін уызға салып пісіріп, «ұйқыашар» деп аталатын тамақ дайындайды. Жігіттер мен бозбалалар қыздарға арнап «селт еткізер», «дір еткізер» деген сыйлықтарын ұсынады. Бұл сыйлыққа айна, тарақ, иісмай, күміс жүзік жатады. Айна – пәктік пен жастықтың, тарақ-әдемілік пен сұлулықтың, иісмай – бүршігінің жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, күміс жүзік – тазалықтың белгісі.

Халықтың мифологиялық түсінігіне 21-ші наурыз түні даланы, үй-үйді  Қызыр аралайды, сондықтан  «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр – үй іші, қора-қопсысы, ауласы және де киген киімі, ішкен тамағы таза адамдарға қонады. Сол себепті жеке адамнан, отбасынан бастап ауылға дейін Наурыздың алдында кір-қоңдарын жуып, таза киімдерін киіп, үй ішін, қора-қопсысын тазалайды. Қызыр бас бармағы былқылдап тұратын, ақ сақалды қария екен, амандасқанда бармағынан білуге болады деп, жатады.  Қызыр ата табиғатты аралап жүріп, назары жерге түссе, қыстың тоң-мұзын ерітіп жібереді, ал тасқа түссе тас та балқиды екен. Самарқанның көк тасы еріген күн Наурыздың басталуы екен. Наурызды қарсы алудың бірінші нышаны – үлкендердің балаларға сұрау салуы:

Самалық, самалық,

Көк құс көзін ашты ма?

Аяғын жерге басты ма?

Самалық, самалық,

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме, көрдің бе?

Самалық, самалық,

Қап тауының көк құсы

Жүгірді ме, көрдің бе?

Қазақтардың астрономиялық түсінігі бойынша, Жаңа жылда Күннің көзі көрінген уақыттан кейінгі екі сағат уақыт «күн сәті» деп саналады. Егер кімде-кім Ұлыс күннің күн сәтінде күн шұғыласын маңдайымен тосып қарсы алса, оған Наурыздың құты дариды деген дәстүрлі ұғымға сай, Жаңа күнді қарсы алу салты қалыптасқан. Күлімдеп көрінген Күнге иіліп сәлем беріп, «құт дарысын» деп, айнала төңірекке ақ бүркіп тарасады.

Жаңа жылдың бірінші күнінде күннің қалай атқаны, оның түр-түсі есепшілердің үнемі назарында болады. Жұлдызшылардың тәжірибесіне сүйенсек, күн бұл таңда төрт түрлі болып атуы мүмкін екен: 1) Күн егер жанған оттай қызарып, қан қызыл болып шықсаол жылы өлім-жітім, өрт көп болады, соғыс, қантөгістер де болуы мүмкін; 2) Егер күн түсі сары қызыл тартып, ыстық леп бірден бетке ұрып, шақырайып шықсаол жылы құрғақшылық болады. Таулы аймақтарды жиі-жиі тасқын болып, шалғынды далада жиі-жиі өрт шығады. 3) Күннің түсі күңгірт тартып, қораланып, солғын көрінсе – ол жылы жауын-шашын ерекше көп болады; 4) Күн сәулесі жан-жаққа шашырап, шапағын төге рауандап атса – ол жылы жанға-жайлы молшылық болады.

Қазақтардың Жаңа жылда алғаш шапақ атқан күнді қарсы алып, оған иіліп сәлем етуі немесе қымызмұрындық тойында алғашқы қымызды Күнге иіліп, тәжім етіп ішуі секілді. «Наурыз тойы» күні әрбір қазақтың отбасында дәстүрлі наурыз көже пісіріліп, таратылатын. «Бұл күні жұрт көңіл көтеріп, үйді-үйге кіріп, бірін-бірі құттықтап, құшақтаса қауышып, бір-біріне жақсы тілектер айтып, арнайы наурыз әндері мен жырларын төгілтіп, әйелдер мен еркектердің жұмбақ және жаңылтпаш айтыстарын ұйымдастырған. Ертеректе наурызды қазақтар «ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Мұндай ұлы мереке адамдардың жынысына, жас ерекшелігіне, әлеуметтік жағдайына қарамай барлық күйбең жұмыстан, күнделікті тіршіліктің қам-қарекетінен босап, тең дәрежеде ойын-сауыққа, көңіл көтеруге қатынасқан. Бұл ойындардың кезінде барлық этникалық шектеулер, тіпті келін мен қайнағаның қарым-қатынастарындағы шектеулер де бір сәт қойыла тұрған.

 

 

                           Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет ғұрыптары. І том. – Алматы., – 2005.

2.Нұрғалымова Г.С. Қазақ халқының күнтізбесі. – Алматы: Атамұра –2002.

3.Байтанаев Б.А. Диваев А.А. –очерк и жизни и деятельности. – Алматы., - 2004.

4.Захарова И.В. Двенадцатилетний животный цикл у народов Центральной Азии. ТИИАЭ. – Т. 8. – 1960.

5.Ысқақов М. Халық календары. – Алматы: Жазушы,  –2009.

6.Тоқтабай А. Наурыз.// Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет ғұрыптары. І том. – Алматы., – 2005.–11-23 бб.

 

Г.Б. Қозғамбаева,т.ғ.к., әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ-дың Археология, этнология және музеология кафедрасының  доценті,

 Б.Ш.Солтиева,аға оқытушы.

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31