Қазақ күресі – халқыМен бірге

Ерғали МҰХИДДИНОВ, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор,

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

–  Қазақ күресін қазір әлем танып, мойындап отыр. Жастарымыз Ұлт­тық күресті қанша жастан меңгеру керек?

–  Ұлттық ойындарымызды сөз еткенде алдымен есімізге қазақ күресі түседі. Ұлтты ұлықтайтын осы спорт түрі ғасырлар қойнауы­нан бүгінгі күнге аман жетті. Бұрынғы кезде бұл күш сынасу өнерінсіз жиын-той өтпейтін. Қазақ күресіне Кеңес заманының ызғары да тимеді. Керісінше, көміскіленіп, ұмытылып қалмас үшін жаңа серпінмен дамып жатты. 2012 жылы қазақша күрес болмайды, қазақ күресі деп аталуы керек деп, атаудың өзгеруіне де атсалыстым.

 

1995 жылы қазақ күресінің мектеп бағдарламасын жазып, баланы жастайынан спортқа, соның ішінде қазақ күресіне беру керектігін дәлелдермен келтірдім. Спортқа икемі бар бала қазақ күресін меңгергені дұрыс. Оның әдіс-тәсілдері сан алуан: Алды-арттан шалу, қырқа шалу, іштен шалу, жамбасқа салу, кеудеден асыра лақтыру, арқадан асыра лақтыру. Бала осының бәрін меңгерсе, кез-келген спортта бағы жанады деген сөз. Сонымен қатар, баланың бойындағы ұлттық рухты оятамыз, патриот етіп тәрбиелейміз.

Өзіңіз білесіз, Жақсылық Үшкемпіров ауыл­да қазақ күресімен айналысқан. Содан кейін барып еркін күресті, классикалық күрес­ті меңгерді. 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойын­дарында Мәскеуде грек-рим күресінен жеңіске жеткен болатын. Ол сол кезде журналистерге берген сұхбатында «Қазақ күресіне рахмет» дейді. Осыдан-ақ қазақ даласында дамыған ұлттық күрестің деңгейін, адам баласына берерін біле беріңіз.

Марқұм Қанат Байшолақовты иісі қазақ біледі. 1980 жылы ол оныншы сыныпта оқып жүріп, қазақ күресінен Қазақстанның чемпионы болды. Он төрт жасынан спортпен әуес­тенген спортшы «қырқа шалу» әдісін жақсы меңгерген еді. 1981 жылы Мадридте өткен жарыста самбо күресінен чемпион атанды. Осылайша қазақ күресіндегі «қырқа шалу» тактикасы арқылы жеңіске жетіп, Әлемді екі рет мойындатты.

–  Қазір қазақ күресі қалай дамып жатыр?

–  Егемендік алғаннан бері тек қана қазақ күресі емес ұлттық спорт ойындарының бәрі дерлік жақсы қарқынмен дамып жатыр. Оған дәлел, 2009 жылы ҚазСТА-да (Қазақ спорт және туризм академиясы) тұңғыш рет ұлттық спорт түрлері кафедрасы ашылды. Оның ішіне қазақтың ұлттық спорт түрлерінің бәрі кіреді. Жан-жақтан келіп оқимын, ұлттық спортты дамытуға үлес қосамын деп тілек білдірушілер, талапкерлер де өте көп.

2009-2017 жылдар аралығында біздің кафедра Әлем чемпионы мен Әлем кубогын, Қазақстан чемпионын дайындады. 2015 жылы «Қазақстан Барысында» бағы жанған Бейбіт Ыстыбаев біздің кафедраның алғашқы студенттерінің бірі. Ағайынды Қырғызбаевтар да біз дайындаған спортшылар. Мұнда спорттың барлық түрлерінен чемпиондар шығардық.

 Ауыр салмақтағы «Қазақстан Барысын» дайындауды мақсат етіп қойған едік. Биыл міне, сол арманға қол жеткіздік. Ауыр салмақтағыларды дайындау оңай емес.

Біздің түлегіміз Еламан Ерғали 2017 жылы ұйымдастырылған «Қазақстан Барысының» жеңімпазы атанды. Еламан Ерғалидің дайындығы өте жақсы болды. Барлық мықтымын деген балуандардың жауырынын жерге тигізді.

–  Бүгінде қазақ күресі олимпиада ойындарының бағдарламасына енді. Демек бұл спорттың болашағы әлі алда ғой...

 

–  Әрине! Біз тек «Қазақстан Барысымен» тоқтамаймыз, қазақ күресін әлемге шығарамыз. Қазақ күресі –  халқымызбен бірге жасасып келе жатыр. Онда ер азаматтың бойындағы күш-қайрат пен әдіс-айласы сынға түседі. Қазақ шаршы алаңға белдесуге шыққан азаматты шыңдап отырған, «күш атасын танымас» деп қолпаштаған. Соның нәтижесінде өжет, қайтпас қайсар ұл тәрбиелеген. Намысы бар әр қазақ шаршы алаңда тек жеңіске жетуді ғана ойлаған, өздерін рухани мықтылыққа тәрбиелеген.

Ұлттық күрес б.з.д. V-IV ғасырларда қалыптасты, ал 1928 жылы күрестің бірыңғай ережесі бекітіліп, 1938 жылы республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді. Ал жыл сайын өткізілетін «Қазақстан Барысы» –  нағыз ұлттың рухын көтеретін үлкен жоба десек болады. Елбасымыз Жолдауында «2020 жылға дейін ел халқының 30 пайызы бұқаралық спортпен шұғылдануы керек» деп спортқа ерекше басымдылық берген еді. Содан бері «Қазақстан Барысы» турнирі биыл жетінші рет өткізілді. Биылғы жоба «ЭКСПО– 2017» халықаралық көрмесіне арналып, шетелдік меймандардың да назарына ұсынылды.

–  Сіз «Студент Барысы» деген жас балуандардың шеберлігін шыңдайтын жобаны да ұйымдастырып жүр екенсіз. Бұл жарыс тек Алматыда орналасқан жоғары оқу орындары арасында өткізіле ме?

 

–  Иә, Оңтүстік астана атанып кеткен қалада білім ордасы көп шоғырланған. Биылғы жарысқа Алматыдағы он жоғарғы оқу орны мен екі колледж қатысуға мүмкіндік алды. Жоба елімізде өтіп жатқан «ЭКСПО– 2017» халықаралық көрмесіне арналды. Былтыр 120 жас балуан қатысса, биыл олардың қатары өсіп 154-ке жетті. Алдағы уақытта облыстардан да жас балуандарды шақырып, белдестіру ойда бар. Бұл сайыста жеңіске жеткендерге қомақты қаржы берілмейді, тек ынталандыру мақсатында, қолын құр қайтармаймыз. Бірақ болашақ барыстың шеберлігін сынға түсіреміз, шыңдаймыз, психологиялық тұрғыда жеңілмеуге үйретеміз.

–  Сұхбатыңызға рахмет!

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30