Балаларға арнап ертегі кейіпкерлерін тоқығым келеді

Анар Лепесова 1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ойыншық тоқу –  оның сүйікті ісі. Анар мультфильм көргенді әлі күнге жақсы көреді. Сондағы қызықты кейіпкерлерді ерінбей тоқып, кәдімгі ойыншыққа айналдырады. Біз Анардың шеберханасына арнайы барып, әңгімелескен едік.

Анар, ойыншық тоқуды қалай бастадыңыз?

Ойыншық тоқуды бастағаныма бес жылдан аса уақыт болды. Алғашында тоқыған заттарымды ата-анама, туысқандарыма сыйлап жүрдім. Олар қолдау білдіріп, осы ісімді жүргізе берсем, үлкен кәсіп ашуға болатынын айтты. Басында тоқыған ойыншықтарымды сатып алушыны өзім іздейтінмін. Ал қазір интернет желісін тиімді пайдаланып, ойыншықтардың суреттерін жариялай бастадым. Қызығушылық танытқандар тапсырыс береді. Олардың саны күн сайын артып келеді.

 

 –  Бір ойыншық тоқуға неше күн кетеді?

–  Таңертеңнен кешке дейін бір ойыншықты тоқып бітіруге болады. Бірақ денсаулықты да ойлау керек. Кейде көзімді жұмып отырып та тоқи беремін. Бұл әдіс көзіме көп күш түсірмеу үшін жақсы. Көлеміне қарай үш-төрт күнде бітетіндері бар. Арасында ойымды басқа нәрсеге бөліп, демалайын деймін де, ойыншықтарға қарап, қайтадан ісімді қолға аламын. Менің демалысым да, жұмысым да осы екен.

–  Балалардың сұранысы көбірек қандай ойыншыққа түседі?

–  Қуыршақтар, қонжық, бал арасы, керік сияқты ойыншықтарға тапсырыс өте көп. Сосын балалар заманауи мултьфильм кейіпкерлерін тоқып беруімді сұрайды. Кейбір мульфильмдердегі құбыжыққа ұқсайтын ойыншықтарды тоқымаймын. Менің ойыншықтарымды байқаған боларсың, бәрі көңілді кейіпте. Болашақта ертегі кейіпкерлерін тоқығым келеді.

–  Адам бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

–  Адалдықты. Кез-келген жерде адам өзінің адамгершілік қасиетін көрсете білуі керек. Кәсібінде де. Мысалы, кейбір ойыншықтардың ішін қоқыспен толтырып тастайтындар бар. Бұл дұрыс емес. Ойыншықты балалар ойнайтын болғандықтан олар таза, зиянсыз болғаны жөн.

Алдағы жоспарыңыз қандай?

– Бүгінгі күні әйелдер бизнесін дамыту “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы”, “Бизнестің жол картасы-2020” сияқты мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асып жатыр ғой. Мен де болашақта шеберханамды үлкен кәсіпорынға айналдырсам деп армандаймын. Мемлекетімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында көптеген жағдайлар жасалған. Сол мүмкіндіктерді пайдаланып ойыншықтарымды әлем танитын дәрежеге жеткізсем деген ойымды жүгеге асырғым келеді.

P.S. Бүгінде Анар жасаған әдемі ойыншықтар шетел асып кетті. Үндістаннан, Африкадан, Германиядан, тағы да басқа мемлекеттерден түскен тапсырыстарды пошта арқылы салып жіберіп отырады. Анар өзінің мүмкіндігінің шектеулі екендігіне қарамастан үлкен тәуекелге бел буды. Қайсар қызға біз де сәттілік тілейміз. Алла қаласа, Анардың ойыншықтары отандық өнімнің ең үздік брендіне айналатынына сеніміміз мол.

 

 Г. Еркінбек

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30