Соғыссыз әлем – бүгінде бүкіл адамзат тілегі!

Әлем халықтарын тол­ғандырып отырған аса маңызды мәселелерді қамтыған Нұрсұл­тан Назар­баевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» мани­фе­сі бү­кіл әлем хал­қы мен көш­бас­шыларына арналған тарихи Жолдау болды десек болады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастама­сымен БҰҰ аясында  2011 жылдың қазан айының 12 жұлдызы күні Астанадағы, Тәуелсіздік сарайында Ядро­лық сы­нақтарға қарсы іс-қимылдың ха­лық­аралық күніне арналған шаралар төңірегінде «Ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық форум өткен болатын. Бұл халықара­лық форумға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫҰ, ЯСЖТКҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ЮНЕСКО, ЕурАзЭҚ сияқты халықаралық және аймақ­тық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, АҚШ, Жапония, Норвегия, Бельгия, Ұлы­британия, Франция, Ресей Федерациясы, Словакия, Швейцария, Пәкiстан, Ирак, Түркия, Корея, Моңғолия, Вьетнам және басқа да елдер парламенттерінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Ал Елба­сы­мыз 2016 жылы ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі –  бейбітші­ліктің кілті және жоғарыдағыдай үлкен шаралардың жалғасы іспетті еді. Ол әлем халықтарын тол­ғандырып отырған аса маңызды мәселелерді қамтыды. Бұл манифест БҰҰ құжаттарының бірі болып тіркелді. Бүкіл әлем болып осы манифесті талқы­лап жатыр.

Осыған орай өз елімізде де әлемдік манифестті қолдап, қуаттаған үлкен, кең көлемді жиындап болып жатыр. Қызылордада Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесін түсініндіру мақсатында «Жол дистанциясы» БПҰ-да еңбек ұжымымен кездесу болып өтті. Бастауыш партия ұйымының базасында ұйымдастырылған кездесуге «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева және аталмыш мекеме жұмысшылары қатысты.

Кездесуде «Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші жиналғандарға қазір әлемде орын алып отырған саяси жағдайлардың өзектілігін айтты. Манифестің мән-мағынасын түсіндірді.

–   Соғыссыз әлем –  бүгінде бүкіл адамзат тілегі! Татулық пен тұрақ­ты­лықты ту еткен теміржолшылар бейбіт өмір­дің қадірін жақсы біледі және Елбасы бастамасын қолдайды, –  деді ол. «Жол дистанциясы» БПҰ төрағасының орынбасары Бауыржан Жұмабанов «Елбасының Ядролық қауіпсіздік саммитте сөйлеген сөзінде айтылған маңызды мәселелер мен ұсыныстар бойынша баянадама жасап, әлемдік деңгейдегі әңгіменің арқауына айналған Манифест еңбек ұжымдары, барлық бастауыш партия ұйымдарында тал­қыландығын айтты.  

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының Алматы аудандық партия бөлімшесінің ұйымдастыруымен ЕАГИ колледжінде де ел экономикасы мен әлеуметтік саланы дамытудағы маңыздылығын және манифесіндегі міндеттерді жан-жақты талқылаған бас қосу болды.

Талқылауға колледж ұжымымен бірге Астана қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Гайдар Қасенов пен қалалық мәслихат депутаты Сергей Солодовников қатысты. Қатысушылар Президент Жолдауының еліміздің тарихи белесін бастаған өте маңызды құжат екенін атап өтті. –  Президенттің Қазақстан дамуының  мүмкіндіктерін ашып, эконо­ми­каны көтерудің жаңа жолдарын көрсетіп бергеніне тоқталды. Сондықтан Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындау –  аса жауапты іс, –  дейді  Гайдар Қасенов.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында да Манифест талқыланды. «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назар­баев жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесін талқылау бойынша бастауыш партия ұйымы төрағалары мен зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар, мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен «Сәт» пікір-сайыс клубінің отырысын өткізді. «Ұшқын»  бастауыш партия  ұйымының төрағасы Тасбау Полатов Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев­тың   Вашингтондағы  Ядролық қауіпсіздік жөніндегі  саммитте  жария  етілген  «Әлем.  ХХІ ғасыр» манифесі туралы қысқаша  баяндама  жасап,  –  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың ядролық және  басқа  жаппай-қырып жоятын қарудан толықтай  бас тарту жөніндегі ұсынысын біздің партиялық ұйым мүшелері толығымен қолдайды, –  деді ол.  

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30