МАНИФЕСТ. «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР»

Қазақстан –  жер бетінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап қалуды жақтайтын бейбітсүйгіш елдердің бірі. Мұны 2016 жылғы 31 наурыз –  1 сәуiр аралығында Америка астанасы Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жиында Мемлекет басшысы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жариялап, тағы да қарусыздану мәселесін көтерді. Онда жалпы адамзаттық мәселелер көтерілгендіктен, БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. Бұл дегеніміз –  Елбасының сөзі жаһандық саяси сипатқа ие болып, әлемдік қауымдастықтың мүддесін қорғап, үдесінен шыққанын білдіреді.

 

 БҰҰ Бас Ассамблеясында және Қауiпсiздiк кеңесiнде Манифеске осындай жоғары мәртебе беру –  Мемлекет басшысының халықаралық қауымдастықта мәртебесiнiң жоғары екенiн байқатады және бейбiтшiлiктiң өзектi мәселелерiн негізгі ұстын еткен құжаттың күллi адамзат, қазiргi әлем үшiн аса маңызды екенiн бiлдiредi.

Аталмыш құжаттың маңыздылығын Елбасы Н. Ә. Назарбаев былайша түсіндіреді:

 Адамдардың өткен ғасырдағы жасағаны секілді, ХХІ ғасырда да бейбітшілік үшін байыптылықпен және табандылықпен күресу керек. Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет. Іс-әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп көрсету әлемдік апатпен барабар.

Менің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесім ХХІ ғасырда өмір сүретін және жұмыс істейтін өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отыр. Біздер, мемлекет басшылары мен саясаткерлер, адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершілік арқалап отырмыз. Көптеген тар жол, тайғақ кешуден өткен адам, саясаткер ретінде, Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген табанды талаппен қайрылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек», –  деп орынды атап өткен болатын.

Елбасымыздың “Әлем. ХХІ ғасыр” манифесін –  әлемнің барлық халықтары мен көшбасшыларына арналған бейбітшілікке үндейтін жаһандық жолдауын дүние жүзі жылы қабылдады. Манифест БҰҰ-ның ресми құжатына айналды. Жаһандық қарусыздандыру мәселелері барлық адамзат үшін ерекше мән-маңызға ие екені өзінен-өзі түсінікті. Манифесттің Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануының хабаршысы болуы да көп жайттан хабар беріп тұрса керек. Біздің еліміз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға жауапты 15 негізгі мемлекеттің қатарына кірді.
Бұл әлемдік қоғамдастықтың Елбасымыз
Н. Назарбаевтың бейбітшілікті нығайтуға қосқан ерекше үлесі мен күш-жігерін, еселі еңбегін айрықша мойындағандықтың белгісі. Адамзат баласы үшін бейбіт өмірден, бейбітшіліктен асқан маңызды ешнәрсе жоқ екені бәсенеден белгілі.

Қазақстан Республикасы Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесі –  жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге еліміздің қосқан елеулі үлесі. Өз манифесінде Президент әлемдегі жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға кеңінен жол ашатын жалпыға ортақ бейбіт келісімге қол жеткізуге және нақты іс-әрекетке бастайтын қауіпсіздік қағидаларын бірлесе әзірлеу керектігіне бас­ты назар аударады. Бұнда, негізінен, әлемге ерекше қауіп төндіріп отырған ядролық қарудан бас тарту мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Еліміздің әлемдік саясаттағы ең мән беріп, маңыз артар шарасы –  соғыс қаупін сейілту мен ядролық қарулар әкелетін жалпы адамзатқа ортақ зияндар мен оның адам өмірі мен қоршаған ортаға тигізер залалын жою.

«Әлем. XXI ғасыр» манифесі –  Қазақстанның бейбіт өмірге бағытталған кезекті бір батыл қадамы. ХХI ғасырдағы қырғи-қабақтық пен ядролық қаруды жою арқылы бейбіт өмірге жол ашу, ынтымақ пен бірлікке сызат түсірер қауіп-қатерлердің алдын алу және жаппай қарулануды тоқтатып, әлемнің кез-келген жерінде соғыс өртінің тұтануына жол бермеу. Аталмыш құжаттың мән-маңызы да, тәлімі мен тағылымы да осында болса керек.

Елбасы манифесі әлемдегі қазіргі кезде орын алып отырған саяси жағдайды айнытпай бейнелеп, адамзатқа орасан зиян келтірер қауіп-қатерлердің алдын алуға шақырады. Президент келер ғасырлардың соғыс атау­лыдан ада болуын атап көрсетіп, жаппай қырып-жою қаруларын жою қажеттігін қадап айтты. Осыған байланысты болашақ ұрпақтың келешегі мен тыныштығын ойлап, аяушылық сезімін білдірді. Соғыс өртінің тұтануына жол бермеу үшін адам баласының қандай іс-шаралар атқаруы қажеттігін ұғынықты және дәл айқындап берді. Бұдан Елбасымыздың бүкіл адамзатқа қатысты ұстанымы, келешек ұрпақтың тағдыры үшін шынайы алаңдау­шылығы сезіледі.

Елбасының жаһандық саммитте көтерген ұсыныстары мен тың бастамасы әлем елдері тарапынан үлкен қолдауға ие болып, еліміз осы ұсыныстардың бастамашысы ретінде зор беделге қол жеткізді.

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30