ҚАЗАҚ ЕЛІ 138 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ

Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке өтуі –  халықаралық аренадағы мемлекеттіліктің үлкен жеңісі. Еліміздің мұндай табысқа қол жеткізуін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі тынымсыз еңбегі мен еліміздің халықаралық қауымдастық алдындағы абырой-беделінің арқасы деп түсінуіміз керек.

 

Тәуелсіздігімізді алып, дербес мемлекет атанғанымызға ширек ғасырдай ғана уақыт өтсе де, еліміздің әлемдік саясатқа батыл араласып, халықаралық аренада өз сөзін айтып қана қоймай, оны тыңдата білуі, ұлт болашағының жарқын екендігінің айқын көрінісі. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайлануына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың үндеуінде атап өткеніндей, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде тағы бір маңызды тарихи оқиға болды. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелері құрамына енді. Бұл Кеңес –  Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты жауапкершілігі» жүктелген, тұрақты жұмыс жасайтын орган. Еліміздің оған сайлануы –  Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен еңбегінің мойындалуы деген сөз. Біздің еліміз бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды жақтайтынын тәуелсіздік жылдарының бәрінде өзінің нақты істерімен дәлелдеп келеді. Оны баршаңыз білесіздер. Семей ядролық полигонын жабу және қуаты жөнінен төртінші зымырандық-ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешімімізді бүкіл жер шары біледі және қолдайды. Бізге әлемдік қоғамдастықтың мұндай сенім көрсетуі мемлекетіміздің қарқынды дамуына және береке-бірлігімізге де байланысты.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы алдағы екі жылдық кезеңге Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысын бастады. Қазақстан өз кандидатурасына қолдау көрсеткен БҰҰ-ның барлық мүше мемлекеттеріне өз ризашылығын білдіреді. Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануымызды жоғары жауапкершілік жəне халықаралық қоғамдастықтың біздің елімізге жəне оның бейбіт саясатына, қазақстандық бастамалар мен БҰҰ-ның əлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде рөлін күшейту бойынша ұсыныстарға сенімі ретінде қарастырамыз.

2017 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы мүшелігіне 25 жыл толды. Ширек ғасыр ішінде біздің еліміз БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен міндеттеріне, халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына толық бейілділігін көрсетті. Қазақстан қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау мен нығайтудың бірінші кезектегі маңызын ескере отырып, Кеңестің толық күн тəртібі бойынша əділ жəне бейтарап қызмет атқаратын болады. Біз Қауіпсіздік Кеңесінің барлық мүшелерімен тең негізде ынтымақтасуға, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында ымыраға жетуге жəне бəтуаластықты қалыптастыруға ниеттіміз.

Әлем тыныштығы мен бейбітшілік үшін сындарлы қадамдар жасаған Қазақ елі Нұрсұлтан Назарбаевтың абырой-беделі мен ерекше халықаралық бастамаларының арқасында 138 мемлекеттің қолдауына ие болып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Осынау толағай табыс Қазақстанға жаңа міндеттер жүктеумен қатар, бейбітсүйгіш ел ретінде әлем алдындағы абыройын асқақтата түседі. Бұндай жеңіске сарабдал саясат жүргізуіміздің, ел ынтымағы мен бірлігінің арқасында қол жетіп отыр.

Еліміздің жалпыәлемдік қауіпсіздікті нығайту мен бейбітшілікті сақтау ісіне болашақта да сүбелі үлес қоса беретініне нық сенімдіміз. Бұл тарихи оқиға Президент Нұрсұлтан Назарбаев басшылығында отырған Қазақстан Республикасының халықаралық беделін және Отанымыздың әлемдік қоғамдастықта белсенді рөл атқарып отырғанын айғақтайды.

Бұл, сонымен бірге отандық дипломатияның жеңісі және еліміздің ядролық қарусыздану жолындағы күресі мен ұлтаралық келісім және конфессияаралық төзімділіктің бірегей бағдарламаларын құрудағы еңбегін сөзсіз тану болып табылады.

Ал Қазақстанның ядролық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау бағыттарындағы ұстанымы әлемді сүйіндіріп отыр. Осының бәрі –  елдегі ынтымақтың, берекенің арқасында қол жеткізілген жетістіктер. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тұсындағы осынау толағай табыс­         ты Қазақстан халқының ұлы жеңісі деп бағалаймыз.

Біздің еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне белсенді қатысуы елдің халықаралық беделін бұдан да биікке көтеретініне, сөйтіп, Қазақстанның алдынан жаһандық қауіпсіздік әлеуетін қалыптастырудың кең мүмкіндіктерін ашатынына сенімдіміз.

 

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30