Бейбіт бастамаларды әлемдік деңгейде өрістетуге мол мүмкіндіктер ашылады

Тәуелсіз ел атануымыздың арқасында әлемге танылып, тұрақтылық пен қарқынды дамудың сара жолына түскен елімізді дүние­жүзі мойындады. Сондай жарқын істердің бірі –  2017-2018 жылдары Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануы, қазақстандықтармен қатар, сырттағы қандас бауырларымызды да шаттыққа бөледі. Еліміздегі бейбітшілік, қауіпсіздік, адам құқығын сақтау мен заң үстемдігін орнықтыру –  дауыс беруші елдердің қанағаттанарлық сенімін нығайтқан басымдықтар болғаны даусыз.

 

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы –  бұл халықаралық аренадағы елеулі табыс және біздің бастамаларды ілгері жылжыту, ағымдағы күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша өркениетті үнқатысу жүргізу үшін бірегей мүмкіндік. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шеңберінде Қазақстанның бейбітшілік қағидаттарына жақтастығын неғұрлым жоғары деңгейде паш етіп, жанжалдарды реттестіруге тікелей қатысатынына сенімдіміз. Көптеген халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі ретінде танылған Қазақ елі көптеген ізгі бастамалар мен игі істердің ұйытқысы болып жүргені бүгін айдай ақиқат. Сонымен бірге Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметі мен өзінің бітімгершілік әлеуетін нығайту жолында бар күш-жігерін сарқа жұмсап келеді. БҰҰ-да жаһандық күрмеуі қиын күрделі мәселелерді шешуде салмақты да салиқалы сөз айтып, оң көзқарас қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, халықаралық аренада өз орнын берік бекемдеп келе жатқан ел ретінде де кеңінен танымалдыққа ие болғанымыз да шындық..

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше ретінде сайлануы біздің елімізге қауіпсіздік саласындағы жаһандық күн тәртібінің қалыптасуына тікелей қатысуға және Орталық Азия өңірінің халықаралық деңгейде маңызды мәселелерін қозғауға мүмкіндік береді. Біз бұл тарихи оқиға Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп санаймыз.

Қазақстан осындай бейбітсүйгіштік ел ретінде де әлемдік танымалдылыққа қол жеткізді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясында атқарып жатқан игі бастамалар мен ізгі іс-шаралардың да табысты боларына сенімдіміз. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелікке сайлануымыз –  Қазақстанның бейбіт бастамаларын әлемдік деңгейде өрістетуіне мол мүмкіндіктер ашады деп сенеміз.

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30