ЖАҺАНДЫҚ АНТИЯДРОЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ

Қазақстан қуатты ядролық қаруды таратпау және жаппай қарусыздану мәселесін үнемі көтеріп, басты назарда ұстап келеді. Ядролық қарудың адамзатқа тигізер зияны мен залалы туралы жалпақ жұртқа жар салып, әлем назарын өзіне аударып қана қоймай, жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбастаушысы болып келе жатқаны әмбеге аян. Осы орайда Елбасымыздың Семей ядролық полигонын жапқанын атап айтуға тиіспіз. Сол атаулы күнді, яғни 29 тамызды –  Біріккен Ұлттар Ұйымы «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» деп жариялады. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, әрі зор мақтаныш. Себебі, ядролық қарудан бас тарту –  бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Ядролық қарулар мен сынақ алаңдарына айналған ядролық полигондар біздің еліміз бен ұлтымыздың болашағына ғана емес, жалпы адамзат атаулы мен қоршаған ортаға орасан қауіп-қатер төндіріп отыр. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар тірі жан иесі мен тіршілік атаулыға ғана емес, жалпы қоршаған ортаға, табиғатқа ауыр шығын, кеселді кесапаттар әкеліп отырғаны ешкімге жасырын сыр емес.

 

 Еліміз бен халқымыз атом бомбаларының зардабын көп тартып, азап шекті. Атышулы Семей полигонында бес жүзге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып, жеріміз бен халқымызға кері әсерін тигізіп, орны толмас шығын әкелді. Жер басып жүрген жұмыр басты пенделер түгіл, тылсым табиғаттың өзі адам аярлықтай азып-тозды. Осының салдарынан елімізде бұрын атын естіп көрмеген аурулар көбейді, жарымжан, жарымес нәрестелер дүниеге келе бастады. Балалар өлімінің саны көбейіп, жалпы өмір сүру жасының ұзақтығы қысқарды. Ядролық қарулардан бас тартып, сынақ алаңдарын жабуымыз да сондықтан. Бұл –  әрине, Қазақстанның ядролық қарудан қаншалықты зардап шеккендігін, бұдан былай ондай кесапатты ешқандай халықтың басына бермеуін тілей отырып, Қазақстан қашанда жер бетіндегі қауіпсіздік пен бейбітшіліктің жақтаушысы болатындығын жеткізген Елбасымыз Н. Назарбаев жаһандық антиядролық қозғалыстың басты мән-мақсаты туралы да өз ойын ашық білдірді: «Ядролық полигонды алғаш жапқан мемлекеттің Президенті ретінде жеке өз басым үшін ядросыз әлем –  бұл абсолютті саяси аксиома. Кейде тарихи оқиғалар мен жекелеген адам басындағы оқиғалар қайшыласатын сәттер болады. Мен үшін және менің хақым үшін Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, ядролық полигонды жапқан 1991 жыл сондай жыл болды. Тарихтың сабақтары олар болашаққа бағдарланғанда ғана қандай да бір мазмұн иеленеді. Сондықтан өткенді еске ала отырып біз болашақтағы іс-әрекеттеріміз туралы, балаларымыз бен немерелеріміз үшін ХХІ ғасырдағы ядролық қауіпсіздік туралы ойлауға тиіспіз».

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткеніндей, Семей ядролық сынақ полигонын жабу –  болашақты ойлаған қадам деп нық сеніммен айта аламыз. Олай болса, ядролық қарулардан бас тартып, әлем алдына қарусыздану мәселесін қою –  адам өмірі мен денсаулығын сақтау, келешек ұрпақтың қамын ойлау, тіршілік тынысының тарылмауын қамтамасыз ету және қоршаған ортамыздың улануына жол бермеу екенін баса айтқымыз келеді. Міне, осының өзінен-ақ бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін анық аңғаруға болатын шығар. Ендеше Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көлемі жағынан әлемдегі екінші ядролық полигонды жауып, әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартуы –  жалпы адамзатқа ортақ ұлы жеңіс, үлкен жетістік. Бұл әлем үшін мәні мен мағынасы зор үлкен маңызды тарихи шешім болды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында да аталмыш мәселеге тоқталып өтті.

Ядролық қарудан бас тарту мәселесі –  ХХІ ғасырдың ең ауқымды, әрі күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Егер әлемдік халықаралық қоғамдастық ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып келуі мүмкін.

Қазіргі кезде лаңкестік ұйымдардың әлемге қауіп төндіріп отырғандығы бәсенеден белгілі, осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһан елдерін ортақ мақсат үшін күресуге шақыруы –  әлем қауіпсіздігі үшін өте-мөте қажет. Елбасының бұл бастамасын әлем жұртшылығы қызу қолдап-қуаттап отыр. Себебі, бұндай жаһандық маңызы бар ауқымды бастамалардың орта жолда қайырылып қалмай, іс жүзіне асуы үшін де әлем жұртшылығы жұмыла қайрат көрсетулері тиіс. Олай болмаған жағдайда айтылған ойдың орындалмай қалуы да бек мүмкін. Сондықтан ядролық қарудан және ядролық держава мәртебесінен бас тарту біздің саналы, шынайы таңдауымыз, Қазақстанның бүкіл халқы қолдаған ерікті бастама болды.

Сонымен бірге Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» манифесі де жалпыадамзаттық келісім алаңында бас қосуға үндейді. Сондықтан жаһандық қаупі бар бұл қарумен күресте Қазақстан көш бастап тұр.

Тәуелсіздік алған аз ғана уақыттың ішінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму жағынан толағай табыстарға қол жеткізіп, бірлік пен тұрақтылықты ту етккен бейбітсүйгіш мемлекет ретінде танылды. Бұл –  жас мемлекет үшін үлкен жетістік, ірі жеңіс. Бүгінгі таңда бүкіл әлем Қазақстанды қоғамдағы бірлік пен ынтымақты сақтай отырып, қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде біледі. Осынау жетістіктер бізге сенімді түрде алға жылжуға мол мүмкіндіктер ашады.

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30