ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБАЛАР

Тұрғындардың арыз-шағымы мен өтініштерін қарап, көмек көрсетуге дайын тұратын «Нұр Отан» партиясы жыл сайын Елбасының бағдарламалары аясында түрлі іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Шілде айында Алматы қаласының Бостандық ауданында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру барысын түсіндіру үшін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы мүшесі Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсовамен кездесу өтті.

Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты салық төлеуге берілетін жеңілдік, мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру, т.б мәселелер туралы әңгімеледі. Елбасының Жолдауы мен мақаласына талдау жасап, тұрғындарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді. «Халықпен ашық диалог құру қай кезде де маңызды. Мемлекетіміздің өркендеуі үшін халықтың қолдауы, бірігуі, бірлесіп жұмыс жасауы қажет», –  деді Гулжан Жанпейісқызы. «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекова сөз алып, партияның алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды. Болашақта атқарылуы тиіс жоспарларымен бөлісіп, «Нұр Отанның» республика көлемінде жасап жатқан жұмысына ризашылығын білдірді.

Бостандық ауданындағы «Нұр Отан» партиясының филиалы өтініш, арыз-шағыммен келген азаматтардың барлығын қабылдап, шешімін таппаған түйіткілді мәселелерін бір жақты етуге тырысады. Мұнда халықтың көп бөлігі жұмыссыздық мәселесімен жиі келеді. «Нұр Отан» партиясының Бостандық ауданындағы филиалы биылғы жарты жылдың өзінде 239 адамның өтінішін қарап үлгерген. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жұмысқа орналасу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кредит алу, ипотека, бизнес, құқық қорғау органдарына шағым түсіру, сот орындаушыларға қатысты, т.б мәселелермен азаматтардың сұрақтарына жауап берілген.

Партияның «Ардагерлерді ардақтайық!», «Кедергісіз келешек» жобаларының аясында ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Елбасының Жолдауына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылып, көп балалы отбасыларға жәрдемдесу қарастырылды. «Нұр Отанның» «Ұлы дала қазынасы» жобасы бойынша наурыз айында «Наурыз мерекесі» атты 3000 адам қатысқан үлкен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Мұнда «Қазақша күрес», «алтыбақан», «асық ату», «арқан тарту», «тоғызқұмалақ» сынды ұлттық ойындар кіл мықтыларды анықтаса, ұлттық тағамдар мен ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын көрмелер жиналған халыққа ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел –  өркендеуші ел», «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту», «Бақытты отбасы –  бақытты балалық шақ» сияқты әлеуметтік маңызы бар жобалар бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар өте көп.

«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесі мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының жауапкершілігін жоғарылату мақсатында әрбір Саяси кеңес мүшесіне жеті бастауыш партия ұйымындарын бекіттік. Бұндай жетекшілік ету институты нәтижесін ұзақ күттірген жоқ. Саяси кеңестің барлық дерлік мүшелері бастауыш партия ұйымдарына жиі барып, тығыз жұмыс жүргізе бастады. Іс-шаралардың өткізілу деңгейі көтеріліп мазмұны қызықты да тартымды бола түсті, оған партия мүшелерінің ғана емес, басқа да техникалық мамандар мен қызметкерлердің қызығушылығын оятты. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келушілер саны жылдан жылға арта түсуде. Бізге тек өз ауданымыз ғана емес, қаланың басқа аудандарынан, тіпті басқа өңірлерден де іздеп келетіндер көп», –  дейді «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының кеңесшісі Биғали Әбдәліұлы.

 

«Дәстүр» ақпарат

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30