https://www.cialissansordonnancefr24.com/cialis-en-ligne/

Адамзат баласына арналған манифест

Жалпы дүние тарихында алғашқы манифестің авторы – атақты Ахемен әулетінен шыққан, ежелгі парсы патшасы (б.з.б. 530 жыл) Ұлы Кир.

Кир патша қыш целиндрге өзінің ұлы жорықтарын, елінің гүлденген кезеңін һәм ата-бабаларының шежіресін түсірген. Ол жазба 1879 жылы ежелгі Вавилонға қазба жұмыстары жүргізілген кезде табылған. Қазір Британия мұражайында сақтаулы. Ғалым­дардың есебінше, бұл адамзат даму тарихындағы ең алғашқы манифест болып табылады екен. 

Одан кейін қанша манифест даярланды?

Бірақ оның ешқайсысы жалпы адам баласына ортақ дүние ретінде қабылданған жоқ. Тек солардың ішінде іліп аларлық дүние болып табылатын екі манифест қана күллі жаранға белгілі. Біріншісі – Карл Маркс пен Фридрих Энгельс бірлесе жазған «Коммунистік партия манифесі». Бұл «Еуропаны елес кезіп жүр» деген бір сөйлеммен-ақ талайдың есінде қалғаны анық. Екіншісі – Рассел-Эйнштейн (1955 жыл) манифесті. Мұны әлемге танымал А. Эйнштейн, Ф. Жолио-Кюри, Б. Рассел, М. Борн, П. Бриджмен, Л. Инфельд,   Г. Меллер, Л. Полинг, С. Пауэлл. Ж. Ротблатжәне Х. Юкавасекілді он бір ғалым жасаған манифест. Мұнда халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану, ядролық соғысқа қарсылық білдірілген.

Содан кейінгі жалпы адамзат баласына арналған манифесті жария еткен – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Альберт Эйнштейн мен Бертран Рассел жасаған манифестен кейін арада 62 жыл өтті. Осы екі аралықта күллі адам баласының қауіпсіз өміріне арналған биік мінберден ешқандай манифест жарияланған жоқ. Сол олқылықтың орнын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев толтырды. Елбасының «Манифест. Әлем. XXI ғасыр» құжаты АҚШ астанасында өткен ядролық қауіпсіздік туралы саммитте Біріккен Ұлттар ұйымы Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты ретінде тіркелді. Елбасының аталған саммит аясында манифест жариялайтын жөні де, жолы да бар. Себебі, осыдан ширек ғасыр уақыт бұрын Қазақстан – ядролық қарудан бас тартқан бірден-бір ел. Оған қоса, ресми Астана өзінің мәмілегерлік, бейбіт бастамаларымен жаһанға әлдеқашан танымал. Елбасы манифесте ядролық қаруға қатысты билік басындағылардың жауап­кершілігі туралы «Мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін негіз бей­бітшілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауап­кершілік, өзара құрмет және ішкі іске ара­ласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үн­­ қатысулар мен конструктивті келіссөздер болуы керек» дегенді айта отырып, мей­лінше мәмілегерлік тәсілдерге көбірек жүгіну керек екендігін жеткізді. Осы тұрғыдан келгенде, Елбасы манифесінің маңызы жоғары. Адамзаттың, әлемнің тыныштығына алаңдаушылық бар онда. Ұсыныс та бар. «Қазақстан 2016 жылы БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі Халықаралық конференциясын шақыруды ұсынады. Онда ХХІ ғасырда қиратып, бүлдіруге әкелетін соғыстар мен жанжалдардың алдын алу мақсатында халықаралық құқықтың қағидаттарын қуаттау керек. Ақыл мен үн қатысуға, сабырлылық пен парасат-пайымға шақыру жаһандық әлемге қарсылардың ақпараттық ша­буылдарының құрбанына айналмауы тиіс. ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек!». Бұл – дер кезінде көтерілген бастама. Ең бастысы, Батыс елдерінің басшылары Елбасының бас­тамасына айрықша көңіл аударып отыр. Қалай десек те, Қазақстан басшысы ендігі жерде ядролық қауіпсіздікке қатысты сөзден іске көшу керек екендігін манифесте көрсетіп берді. Қазір Манифест әлемдік қауымдастықта адамзатқа төнген қауіп-қатердің алдын алуға негізделген бағ­дарлама ретінде бағалануда. Елбасы Манифесінде әлемдік қақтығыстарды адамзаттың өз қолымен жасап отыр­ғандығын, сондықтан ашу мен бәсеке­лестікке ұмтылмай, сабыр мен ақылға сүйеніп, барлық мәселені саналы және бейбіт түрде шешуге ұмтылу қажеттігін атап өтті. Қысқасы, 51 мем­лекеттің жетекшілері мен саясаткерлері қатысқан жиында Елбасы Жершарында бейбітшілікті сақтаудың нақты бағ­дарламасын ұсынды. Құжатта Нұрсұлтан Назарбаев негізгі үш бағытқа тоқталып өткен. Біріншіден, қазіргі кездегі соғыста ешкімнің жеңімпаз болмайтындығына тоқталған. Екінші және үшінші бағыттарда адамзат үшін аса мәнді міндеттер: бейбітшілік пен қауіпсіздікке, жауап­кершілікке негізделген келісімдерге келуді ұсынған. Сонымен қатар осы Манифесте Елбасы бейбітшілікті сақтау үшін бес негізгі бағдарды саралап берді. 

Біріншіден, ядролық қарудан азат әлем құруға қадам басу. Президент бұл бағыттағы қолжеткен жетістіктерге тоқ­талып өткен. Бір белгілі мәселе, 2015 жылдың 7 жел­тоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясы Қазақ­станның бастамасы бойынша ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдаған. Бұл – осы бағыттағы алғашқы жетістік. Қазақстан әлемде алғашқы болып Семей ядролық сынақ полигонын жапты. Бұл шешім жетекші ядролық державаларды ядролық сынаққа мораторий жариялауға қозғау салды. Қазақстан аумағында МАГАТЭ келісімімен атом энергетикасын дамытуға арналған, төмен байытылған ядролық отын банкі құрылды. Бұл да ядро­лық қарудан азат әлем құруға бастаманың бірі бола алады. Президент ядролық қаруды су түбінде, Арктикада сынауға тыйым салатын жаһандық шешім қабылдауды, жаппай қырып-жоя­тын жаңа қару түрлерін жасауға тыйым салатын халықаралық құ­жат әзір­леп, оның орын­далуын міндеттеуді ұсынды. 

Екіншіден, ядролық және басқа да жап­пай қырып-жою қаруларынан азат әлем құру. Әлемде ядролық қару­дан азат алты аймақ бар. Олар – Антарктида, Латын Америкасы, Африка, Австралия мен Океания, орталықазиялық ядролық қарусыз аймақтар. Ендігі басты мақсат – осы аймақтардың көлемін ұлғайту. 

Үшіншіден, әскери блоктардан бас тарту.

Төртіншіден, Елбасы ядролық қарусыздану бағдарламаларының ес­кір­генін, сондықтан халықаралық қару­сыз­дануды жаңа тарихи жағдайларға бейімдеуді ұсынды. 

Бесіншіден, соғыссыз әлем құру. Барлық ұлттардың тең дәрежеде әділетті еркін өмір сүруін қалыптастыру. Елбасының мани­фесте келтірген деректеріне үңілетін бол­сақ, былай дейді: «Жер өркениеті, ғалым­дардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басы­нан өткерген. Оларда жүздеген мил­лион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған. ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласы қиялдың өзін таңқал­дыратын ғылыми жаңалықтар ашып, жаңа буын техно­логияларын жасап жатыр. Адам­зат өз дамуының сапалы жаңа сатысына өтуде. Әлем төртінші өнеркәсіп төңкерісі­нің табалдырығында тұр. Көптеген қорқы­нышты аурулардың тамырына балта ша­былуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр. Соғыс вирусы алдағы жасанды интеллект төңірегіндегі жаңалықтарға кесел жұқтыруға дайын тұр. Милитаризм адамдардың санасы мен мінез-құлқына тереңдей еніп кеткен. Халықтың қолында қазір бір миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады. Әскери қауіп бүкіл әлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін. Осындай өліммен аяқталатын қатердің белгілері анық байқалады. Халықаралық қаты­нас­тарда жан-жалдастық тәуекелдері күшейе түсіп отыр. Әскери қақтығыстардың географиясы өткен екі әлемдік соғыстың – Еуропаның шығысындағы, Африканың солтүстігіндегі, Таяу Шығыстағы соғыстың іс-қимылдарының тарихи шегін қамтуда. Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ажал себетін қару мен оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосар­ланған стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге тарау­да. Олардың террор­шылардың қолына түсуі – уақыт өте келе әбден болуы мүмкін нәрсе. Халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болды. Ол жекелеген елдердегі бірлі-жарым актілер­ден Еуропа, Азия және Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған бос­қын­дар, қалалардың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы – осының бәрі әдеттегі көрініске айналуда. Экономикалық санкциялар мен сауда-саттық майданы да қалыпты құбылыс болып отыр. Планета тағы да бүкіл адамзат үшін қасіретті сал­дарлары бар «қырғи-қабақ соғыстың» өткір жүзінде тербеле бастады». Манифестегі осы қысқа ғана тараулардағы айтылған ойдан-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жалпы адамзаттың басына төне бастаған қауіпті дөп басып айтып отырғанын көреміз. Демек бұл БҰҰ-ның ресми құжатына айналатындай жөні бар. Басында айтып өткеніміздей, Альберт Эйнштейн мен Бертран Рассел жасаған манифестен кейінгі адамзатқа төнген қауіптен арашасы болатын манифест – осы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Манифест. Әлем. XXI ғасыр» құжаты болмақ. 

 

Еркін ҚАЛДАН

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Now I suggest going to the site ( FreePornHq.Net ) and have a good time you'll find, of course, in the meantime, to please you even more you offer different language options, for example, for German ( Freier Porno ) you may come to the address. But, of course, not just German Portuguese service offer like as T ( Pornografia Grátis ) that the point is to provide enjoyment and to enjoy our page we enjoy doing anyway. Of course, you also we haven't forgotten about that Russian in Russia ( бесплатно порно ) address of our service you can get. In the meantime, our industry is important one of the visitors, we haven't forgotten them either, we have prepared a pretty nice area for the Japanese in this field we hope you'll be glad you our in the Japanese ( 無料ポルノ ) connection using the Japanese, you will be able to get service. We don't have the blog in your opinion? Of course, there's our blog that details more clearly with our content we aim to achieve so to achieve this, se ( Hd Porn ) a snapshot of all the content we have added to our site address address address and are constantly changing as this is given we hope that you'll enjoy our blog. Finally, I want to pass our address to your plurk to address this, we have also updated the snapshot if you want to reach ( Free Porn ) and click the link contact us at the address you instant content update, as well as quality that you can continuously Follow us and a world-renowned social networking plurk to encourage our followers at we hope you will be pleased with all the services. Hopefully you'll have a nice time.