https://www.cialissansordonnancefr24.com/cialis-en-ligne/

ӘЛЕМ XXI ҒАСЫРДА

МАНИФЕСТ. «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР»

«Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты.Біз үшін қазір және таяу

болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ».

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

 

 

Өткен ғасырда алапауыт монополистер, отаршыл империялар әлемді бөлшектеп иелену, билеу, үстемдік ету, еркін отарлау саясатын жүзеге асыру үшін, өте күшті құрылымдық жүйе жасады. Біріншісі, отаршыл империя өзінің түпкі мақсатына жету үшін қарамағындағы халықтарды құлдық психологияның құрсауындағы рухсыз ұлтқа айналдыруға барын салды. Ол, адамзатын түптамырынан ажырататын, табиғатынан жатсындыратын, жатырынан жерітетін жəне өзіне күдікпен қарайтын секемшіл, басқаға шұлғи беретін кіріптар ететін идеология болғаны белгілі. Бүгінгі қоғамдағы ескінің елесінен шыға алмайтын, өз ұлтының қадір-қасиетін танып білмеген, ұлттық рухтан ада, құлдық психологиялық қағидаттағы ұстанымдар осы идеологияның салдары.

Екіншісі, алапауыт монополистер адам­затын діни ұстанымдар арқылы бір-біріне қарсы қою және бір діннің ішінен өз ұлтының таным тәрбиесі, салт-сана, әдеп-ғұрпына, тіпті өнер мәдениет пен ғылым-білімге қарсы ұстанымдар қалыптастыру арқылы ұлтсыз­дандыру, рухсыз тобырға айналдыру саясаты жүргізілді. Нәтижесінде, отарлық елдер халқы рухани ізгіліктің төркіні, қайнар бастауы ұлттық болмысынан ажырап, адамгершілік асыл қасиеттен алшақтады. Ар ілімі, әдеп мәдениеті деген ұғымдардан ажырады.

Отаршыл империялар адамзат қоғамының тарихы мен мəдени-рухани асыл қазынасын бауырына басып жатқан, асты кенге толы Еуразия аймағындағы ұлы даланы біржола өз қарамағына алуды армандады.

Бұл мақсатқа жетудің механизмі ұлттық болмыс пен санаға қарсы жасалған коммунистік идеологиядан басқаны мойындамайтын кадр тəрбиелеу болды. Қас-қағым сəт жібермейтін коммунистік идеологияның жымысқы жарнамасы əн болып шашылып, жыр болып төгіліп тұрды. Осы əуеннің ырғағында жетпіс жыл тербетіліп, əбден есеңгіреген халық ана тілі, төл мəдениеті, діні мен ділінен және ғасырлар бойы қалыптасқан əдет- ғұрып, салт санасынан алшақтап қалды. Ұлттық санасы уланды, намысы тапталды, рухы əлсіреді. Ақыры бүтін ұлтқа қарсы жасалған идеологияның салдары ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретін генофон вирусына айналды. Оның үстіне тəуелсіздікке қолы жаңа ғана жеткен елдерге АҚШ-тық прагматистік сана, материалдық прагматизм, «байлық», «ақша», «нəпсі», «даңқ», «əсіре демократиялық теориялық қағидаттар» культі рухани құлдыраудың жаңа кезеңін əкелді. Ол аз болғандай, діни ала-ауыздық тудыру арқылы адамзатының ұлтына, салт-сана, əдеп-ғұрпына, тарихи болмысына қарсы ұстаным қалыптастыру идеологиясы жалпы ұлтқа жаңа қатер төндіріп отыр.

Ал ойламай істеген әрекеттен, таяқтың бір ұшы өздеріне тиіп қана қоймай жаңа ғасырдың басты проблемасына айналып отырған террористік, діни экстремистік жағдай барша әлемнің бас ауруына айналды.

Сасқалақтаған монополистер басқа планеталардан орын іздеп әлектеніп жатқаны да жасырын емес. Заманақыр дегеніміз осындайдан шыққан-ау деп ойлайсың. Иә дұрысы солай! Ғалымдар болжаған бізден бұрынғы өркениеттер де осы ашкөз пендешілік пиғылдың құрбаны болған бекен деген ойға еріксіз ораласың?!...

Алапауыт державалардағы ғарыштап дамымыған экономиканы, нано технологиялық өркениеттің ақпараттық инновациялар дәуіріне алып келумен аяқталған XX ғасыр – адамзаттың рухани әлемінде саяси қуғын-сүргін ойындарының құрбанына айналған миллиондаған халықтардың бұрын соңды болмаған аштық, зорлық-зомбылық, әлімжеттік зар-заман геноциттерімен есте қалды.

Бүтін жаратылыстың құдірет күші руханият әлеміндегі мұндай дауылдар өркениеттер өнегесін түбегейлі өзгертуге алып келді.

Біз, батыстың барлық игі ізгіліктеріне, адамзат қоғамын бүгінгі өркениеттің көкжиегіне жеткізген жоғарғы технологиялық үдерістеріне күмәнданудан, олардан оқшауланудан аулақпыз. Жалпы оқшаулану, жеке даралау және аса күмәншіл, секемшіл болу жақсы қасиет емес. Рас, олар технологияда, ғылымда дамыған елдер. Айтайын дегенім, саяси ойыншылар мен әсіре демократияшылдардың кейбір қолдан жасаған жасанды мәдениеті, мәдениетсіз алған білім және әдепсіз жасалған ғылымның бүгінгі қоғамдық өмірдегі жойқын салдары жайында болып отыр. Әлбетте бар гәп, қас-қағым уақытта өткен, немесе тарихи кезеңнің белгілі бір тұстарында орын алған іс-әрекеттің себебін жойғанымен, одан қалыптасқан қоғамдық орта мен идеологияның салдары жойқын қуатқа ие күшке айланып қала беретінінде болып отыр. Тіпті, оның бір қоғамдық өмірден екінші қоғамдық өмірге, бір дәуірден екінші дәуірге ауысып, жаңа сипатқа еніп жататыны да бар. Сондай себептің салдарынан табиғат заңдылықтары мен эхо-жүйе тепе-теңдігі өзгеріске ұшырауда. Бұрын соңды болмаған техногендік апаттар жер шарының әр бұрышында болып, одан орасан зор шығындар орын алуда. Нәтижесінде жалпы әлемді шарпыған экономикалық дағдарысқа сабақтасты түрде рухани дағдарыс орын алып отыр. Әрине, экономикалық дағдарыс, капитализмнің өз кезегінде болып тұратын құбылысы екенінде ешкімнің дауы жоқ. Сондықтан әлемнің экономикалық дағдарыстан шығатыны анық. Оған бүгінгі өркениеттің күш-қуаты да жетеді.

Ал рухани дағдарыстан өткен ғасырда қалыптасқан үрдістермен шыға қоятынымыз екі талай. Қысқасы, батыс Еуропа жаңа мыңжылдықта Еуразияны төрге шақыруға мәжбүр.

Рас, өркениеттер өнегесі жалпы адамзатқа ортақ мәдени-рухани құндылықтардың технологиялық прогреске бағынбайтын, керісінше оны тәуелді етіп отыратын мәңгілік ұстын екенін дәлелдеп берді. Яғни, адам баласының жоғарғы технологиялық өркениетсіз өмір сүре алатыны, ал, жоғарғы технологиялық өркениет мəдени өркениетсіз өмір сүре алмайтыны ұғынықты болды.

Ал бүгінгі адамзат қоғамы өзінің жаратушы алдында дәрменсіз екеніне көзі жетті, түбегейлі мойындады. Ендігі жерде табиғат заңдылығымен үйлесім таппайтын барлық іс-әрекеттің адамзат қоғамының жойылуына әкелетінін ұғынды. Материалдық саламен қатар әдеп, мәдениет, жалпы рухани саланың кең өріс пен биік өреге жетуінің маңыздылығына тоқталды. Сондықтан әр ел өзінің мәдени-рухани құндылықтарын айқындап, әу бастағы жаратылыс сыйын ескере отырып, ескі мен жаңаның үйлесімді байланысын орнықтыруға, жасандылықтан табиғилыққа ұмтылуға, жоғарғы технологиялық үрдістерді халықаралық ынтымақтастық, ортақ мүддеге сәйкестендіруге ерекше мән бере бастады.

Осындай алмағайыптар кезіндегі жаңа ғасыр өркениет көшін Еуразияға бұрды.

Ал Еуразия кіндігіндегі тәуелсіздікке жаңа ғана қол жеткізіп жатқан мемлекеттер бұған дайын емес болатын. Расында, экономикалық мүмкіндігі, әлеуметтік жағ­дайы, тіпті саяси болмысының өзі ша­шылып жатқан елдерде, алмағы да, салмағы да зор мұндай жауапкершілікті көтеріп кететіндей жағдай жоқтың қасы еді.

Алайда ғасырлар тоғысы өз континентін, өз астанасын таңдады! Яғни ХХI ғасырдағы саяси-экономикалық ойын шахматы дәл осы жерде, қазақ елі астанасында ойналмақ. Бар-жоғы ширек ғасырда орын алған бұл жаңалық, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аса зор қажыр-қайрат, тынымсыз еңбегімен мүмкін болғанын әлем мойындағаны ақиқат. Әлемде Мәңгілік Ел болу идеясын тасқа қашап жазып кеткен патшасы бар Түркі әлемі, Қазақ елі екендігіне қазір ешкім дау айта алмасы анық. Демек қазақ елінің әу бастағы ұлттық идеологиясы «Мәңгілік Ел» идеологиясы қайта жаңғырды. «Ұлы дала» ежелгі миссиясы «Ұлы жібек жолы» – «Ұлы трансұлттық жолы» болып шығыспен батыстың арасын қосқан заманауи жаңа миссиясын құрды. Елімізде экономиканың заманауи күре тамырлары болатын алып индустриялды, инновациялық жобалары іске қосылды.

Еліміз егемендігін алған ширек ғасыр ішінде тәуелсіз Қазақстан елінің әлемдік аренадағы саяси-экономикалық әлеуеттілігін әлем мойындады. Бұл Елбасының әлемдік деңгейдегі саяси миссиясының мойындалуы. Әлем мойындаған жетістік – ол, нағыз ұлы істердің жемісі, ұлы мақсаттардың орындалуы. Алайда көре алмайтын арандатушылардың сөзіне еретін, тәуелсіз санасы мен ұлттық рухы әлсіз, өз отанының патриоты бола алмайтын, жақсыны жаттан іздейтін адамдар да жоқ емес.

Адамзатына туа бітетін сезімдердің бірі қызғаныш сезімі. Қызғаншақтық адамның өзін, тіпті бүтін елді күйрететін қара күштердің ұясы. Бақ таласы, тақ таласы, билік таласы, дүние таласына апаратын арандатушы шайтандардың сүйікті құлдары – осы қызғаныш сезіміне бой алдыратын әлсіз, рухсыз, адамдар. Ондай адамдар ағайын арасында болса, ағайын арасынан береке кетеді, бірлік болмайды. Ел арасында болса, елдікке, тұтастыққа қатер төнеді. Ал қоғам арасында болса, өзінен асқандардың артынан топырақ шашып, етектен тарту әрекеттермен қоғамға ірткі салу, арандату үрдістері етек алады. Осы үш жағдайдың слдарынан халқымыз не көрмеді дейсіз?.. Сол үшін талай ұлт тұлғалары отқа күйді, суға түсті. Ел басына күн туып, аштық, зорлық, зар заман жылдарын бастан кешірді... Өз еліміз, өз жерімізде отаршыл империяның сұмырай саясатының отын жағып, суын тасып құлдық психологияға батыр бабалар рухын құрбан еттік...

Тәубә! Ғасырлар тоғысы – сан ғасырлар зобалаң жылдар шеруін бастан кешірген Еуразия халықтарына XXI ғасырда өркениеттер алтын ғасырын құру бақытын сыйлады.

Жаңа ғасыр – халықаралық азық-түлік қауіпсіздігі мен мәдениеттер ықпалдастығына тәуелді түрде дамитын жоғарғы технологиялық бірегей феномен! Ал ұлы дала елі құндылықтары әлем халықтарына үлгі боларлық табиғи маңыздылығымен құнды. Бір жағынан қарағанда бұл-әлемдік азық-түлік тапшылығының бізге беріп отырған мүмкіндігі іспетті... Бұл мүмкіндік рухани жаңғыру, ұлттық кемелдену және ұлттық құндылықтардың басым бағыттарымен ғаламдық үдеріске бейімделу нарқына байланысты болып отыр. Қазір, адамзат тарихындағы жоғарғы технологиялық өркениеттің, мәдениеттер бәсекелестігімен айқындалатын соны үрдіс – тың идеялар ғасыры... Бұл тұтас қоғамның рухани жаңғыру кезеңі. Дұрысы өркениеттер өнегесі – табиғи заңдылықтар, мәдени-рухани құндылықтармен өрнектелетін кез.

Рас, жаһандық қоғам санасы тәуелсіз, рухы күшті, мәдени-рухани және тарихи тамыры терең, жалпы адамзат қоғамына ортақ құндылықтарымен айқындалатын мемлекеттер жайғасатын орын. Жаһандық жағдайдағы өркениет технология, инновация мен қатар, мәдени-рухани саладағы бәсекелестікке басымдылық танытып отыр. Яғни, әлем халықтары мәдени ұстанымдарына қарай бірігу, ықпалдасу үдерісіне мойын ұсынуға мәжбүр. Олай болса мәдени өркениеттің жалпы адамзатқа ортақ озық үлгілері мен басым бағыттарын айқындап, оны қоғамдық өмірде дәлелдейтін іс-шараларды бірінші кезекке қою, аса маңызды екені де даусыз.

Өйткені әлем жасандылықтан табиғилыққа қайта оралудың инновациялық үдерісін бастан кешіруде. Яғни мәдениеттер бәсекелестігіне төтеп бере алатын ұлттар ғана елдігін сақтап қалатын жаһандық жағдайда, «Ұлы дала» мәңгілік құндылықтарын жаңғыртудың маңызы зор. Осынау ұлы дәстүрдің қадір-қасиетін танып-түсіну және сол ұлы дәстүрдің заңдылықтары бойынша ғұмыр кешу, бүгінгі қоғамдағы барлық адамзатқа қажеттілік болуда.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдениет саласындағы жұмыс жаңа сапаға ие болуы тиіс, өйткені мәдениет қазіргі заманғы адамды қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік жаңғыртудың елеулі жиынтығы болып табылады» деген болатын. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында мәдениеттер бәсекелестігіне төтеп бере алатын ұлт болудың тың идеяларын нақты айқындап берді.

ХХ ғасырдың екінші жартысында батыстан көшкен өркениет, қаржы ағымы шығыс елдері Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малазия елдерінің индустриялды эконмикалық қарқынды дамысымен әлем елдері назарын аударғаны рас. Алайда саясатта – халықаралық ынтымақтастық, өзара үндестік дипломатиясына; экономикада – таразы басын теңестіруге тыңнан түрен салған үшінші мың жылдық Еуразияға табан тіреді.

Үшінші мың жылдықтың басты жаңалығы адамзат қоғамына ғаламдану жағдайын ала келгенімен өзекті. Бұл жоғары технологиямен қатар мәдениеттер бәсекелестігімен айқындалатын қоғамдық құрылым. Бұған орай «Ұлы дала» елдерінің отырықты мәдениетін үйлестіруші құзіретке ие болып отыр.

Бұл – Алланың сыйы. Еуразия халқына тапсырған аманаты. Ал, мұндай аманатты арқалау үшін – жалпы қоғамға қажетті тың идеялардың орайын келтіріп ұқсата өркендететін, ұлы мақсаттарды жүзеге асыратын табиғи талантты, дара тұлға Қазақ елінен табылды.

Дара тұлға таланты – қашанда тылсым. Ол – тəңір сыйы. Алланың адамға тапсырған аманаты, адамзатқа қызмет етсін деп түсірген аяны.

Жіліктің екі басы, формасы екі түрлі болуы жаратылыс заңы. Ол біздің санамыздан тысқары десек те болады. Яғни, оның тепе-теңдігінің сақталуы бүтін бір тұтас дененің тепе теңдігімен, сол жіліктің өзегі, жілік майымен жүйеленген жан мен тәннің кодында жатқаны сияқты, ұлттық құндылықтарда да табиғи заңдылықтар шеңберіндегі бүтін ұлттың ұлттық коды сақталған. Міне, Тәңір коды рухани әлеммен осылай үндесіп, сабақтасып жататындығымен ұлы.

Адамгершілік асыл қасиеттерге негізделген әдеп-мәдениеті, адамзат қоғамына ғасырлар бойы жалғасқан әдеп-ғұрып, салт-санамен қалыптасты. Ал, әсіре демократияны желеу етіп, жасанды жүйеге құрылған батыс мәдениеті біртекті жаттанды, теоретик қағидаттарымен орнықты. Онда адамдар арасындағы, адам мен қоғам және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар, табиғат заңдылықтары мен ұлттық әдеп-ғұрып, салт-саналармен санаспайтын жасанды үрдістермен қалыптасты. Яғни, қоғамда әдеп-мәдениетінен тысқары үрдістер орын алды. Адамзат табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан табиғи заңдылықтармен үйлесім тапқанда ғана жасампаздыққа қол жеткізетіндігі ескерілмеді.

Түптеп келгенде жаңа үшінші мыңжылдықта, Абай және Шығыс ұлыларының ар ілімі, мораль философиясы, адамгершілікті ұғыну секілді күрделі ғылымдық деңгейдегі тұжырымдарының есігі айқара ашылды.

Демек адамгершілік асыл қасиеттерге негізделген рухани мәдениет пен жалпы адамзатқа ортақ ізгіліктер адамзат қоғамын рухани дағдарыстан құтқаруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ендігі кезекте ғаламдану үдерісіне сай барымызды баянды ету үшін, ел алдында жауапкершілігі бар азаматтар мен қаржылы топтардың және бұл үдеріске қосар үлесі бар табиғи талантты, кәсіби білікті мамандардың бір жеңнен қол шығарып, шапшаң қимыл жасауы бүгігі қоғамның серпілісі болмақ.

Ал қазақ рухани өресімен де, кәсіпкерлік мүмкіндігімен де нарық бәсекелестігіне қарсы тұра алмайды деп жүргендер: біріншіден, арандатушылар мен одан бетер қауіпті шолақ белсенділер; екіншіден, ұрпақ жадына адамгершілік асыл қасиеттер, әдеп мәдениетін сіңіре алмаған ата-анадан, өз отанының патриоты болатын рух пен сана тәуелсіздігін бере алмаған қоғамнан шыққан әлсіз адамдар. Яғни, ұлттық рухы әлсіз, санасы тәуелді болғандықтан өз санасындағы аға ұлттың ығында жүруді қалайтындар... Шынтуайтында Қазақ еліндегі аға ұлт – қазақ халқы екенін мойындағысы келмейтіндер...

Кеңес үкіметін құру жолында бастан кешірген өтпелі кезеңнің 32 жылында небір нәубетті көріп, аяусыз езілгенде шыдаған халық – енді бар-жоғы ширек ғасырда әлем қатарына қосылып, қосылып қана қоймай оларға ақыл айтатын, олармен терезесі тең өмір сүретін жағдайға келіп жатқанымыз кімнің шекесіне тар келетіні түсінікті. Ең бастысы, тектіден қалған тегеуірінді ұрпақтар барына тәубә! Жарты әлемді уысында ұстаған Ғұндардың ұрпағы көк байрақты көк түріктің бел баласы – Қазақ тарландары өсек қуып көшеде емес, білім, өнер қуып Ғасырлар тоғысы сый еткен Еуразия Астанасының төрінде жүретін кез келді! Рас, XXI ғасыр білім-ғылым, нано технология, инновациялық өркениет, ақпаратты әлем ғасыры. Ар ілімі, мораль философиясы, адамгершілікті ұғыну секілді күрделі ғылымдық деңгейдегі тұжырымдардың және мәдениеттер бәсекелестігі ғасыры. Бұл Еуразия аймағының гүлдену дәуірі.

Батыс пен шығыстың логистикалық трансұлттық тоғыз жол торабы, жері қонысты, халқы рысты, индустриялды экономикамен табиғи экологиялық өнім аймағы. XXI ғасырдағы әлем өркениеті осы ақиқат мекенде тоғысады. Осы жауапкершілікті өз мойнына алған Қазақ елінің ұлттық идеологиясы – Мәңгілік ел, ұраны – бірлік, бағыты«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру!»

 

Өнерхан САНСЫЗБАЙҰЛЫ,

Астана қаласы медицина университеті, профилактикалық медицина

және тағамтану кафедрасы, тағамтану

технологы, «АС-АРҚАУ, М»

инновациялық жобасының жетекшісі

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Now I suggest going to the site ( FreePornHq.Net ) and have a good time you'll find, of course, in the meantime, to please you even more you offer different language options, for example, for German ( Freier Porno ) you may come to the address. But, of course, not just German Portuguese service offer like as T ( Pornografia Grátis ) that the point is to provide enjoyment and to enjoy our page we enjoy doing anyway. Of course, you also we haven't forgotten about that Russian in Russia ( бесплатно порно ) address of our service you can get. In the meantime, our industry is important one of the visitors, we haven't forgotten them either, we have prepared a pretty nice area for the Japanese in this field we hope you'll be glad you our in the Japanese ( 無料ポルノ ) connection using the Japanese, you will be able to get service. We don't have the blog in your opinion? Of course, there's our blog that details more clearly with our content we aim to achieve so to achieve this, se ( Hd Porn ) a snapshot of all the content we have added to our site address address address and are constantly changing as this is given we hope that you'll enjoy our blog. Finally, I want to pass our address to your plurk to address this, we have also updated the snapshot if you want to reach ( Free Porn ) and click the link contact us at the address you instant content update, as well as quality that you can continuously Follow us and a world-renowned social networking plurk to encourage our followers at we hope you will be pleased with all the services. Hopefully you'll have a nice time.