https://www.cialissansordonnancefr24.com/cialis-en-ligne/

ХАЛЫҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ БІРЛІГІН САҚТАУДАҒЫ ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ РӨЛІ

Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылары кітапханасында «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» жобасы аясында «ҚАЗАҚ ЭТНОГРАФИЯСЫ САЛАЛАРЫ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ мемлекеттік гранты бойынша, Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген бұл шараға этнографияға өзіндік үлес қосып жүрген зиялы қауым өкілдері қатысты. Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Рес­публикалық этнографилық «Дәстүр» журналының бас редакторы Қасымхан Бегманов модератор болды.

 

Модератор: Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Бүгінгі күні барлығы осы бағдарлама бойынша жұмыс жасап жатыр. Халық осы сәттті көп күтті. Халық болып жұмылып, бағдарлама бойынша жұмыс жасасақ, қазіргі болып жатқан теріс әрекеттер тиылар еді. Жастардың мемлекетшіл қасиеттері артар еді. Бізде осындай насихаттың жоқтығынан қоғам батысқа еліктеп, ірудің алдында шамалы-ақ қалып тұрған болатын. Елбасының өзі айтқандай «қоғамдық ұйымдар, Жазушылар одағы болсын, бүкіл зиялылар жиналып осы шараға бет бұруымыз керек».

Жаңыл ӘСПЕТОВА: Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында жылдың аяғына дейін көптеген шаралар жоспарлап отырмыз. «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» жобасы аясында халықты қалай тәрбиелейміз, мәдени мұраларымызды сақтаудың жолдарын қалай көрсете аламыз деген сұрақтар бойынша бізде көптеген акциялар мен байқаулар әлеуметтік желіде және халық арасында жүргізілуде. Сауалнамаға жауап беру арқылы біздің этнография саласындағы жұмыстарымыз ұрпаққа алып барар, таныс­тырар қандай мұраларымыз бар соны айтып шығаруымыз керек. Бүгінгі шарамыз этнографияға арналса, келесі жолы тарихи ескерткіштерге, одан кейін тарихи тұлғаларға, қазақ әдебиетіндегі інжу-маржандарға, сосын жаһанданудағы заманауи қазақстандық мәдениетке арналады. «Туған жердің тұлғалары», «Мен білетін тарихи орындар», «Мен сақтаған бір мұра» акциялары да көптеген құнды деректерді табумызға көмегі тиері сөзсіз. Мәдени мұраларымызды таныстыруда тың жобаларымызды ұсынсаңыздар жақсы болар еді.

Заманауи мәдениетіміздің қандай үлгілері әлемдік аренаға жол тартуы керек деп ойлайсыз, бұл тұрғыда әрқайсысыңыздың пікірлеріңіз маңызды. Шетелдегі қазақ диаспорасы арасында «Менің Қазақстанға үлесім» атты акцияларымыз өтті. Сондықтан бәріміз жабылып жақсы дүниелерімізді әлемге танытайық.

 

Қымызмұрындық

мейрамын

бүкілхалықтық

мейрам ету керек

 

Ахмет ТОҚТАБАЙ: Біздің халқымыз ұлтсыздану процесінің үстінде. Зерттеушілердің айтуынша ғаламдастыру жағдайында ғылыми техникалық революцияны дамытудың жемісін көріп, соны пайдаланумен қатар келешекте халықтардың басым бөлігі жоғалып, тек он шақты ұлт пен он шақты тіл ғана қалады екен. Сол үрдіс қазір басталып кетті. Ғаламдастыруды жеті басты айдаһармен салыстырсақ, қорғансыз, ұлттық салт-дәстүрден, тарихынан, тілінен айырыла бастаған халықтар тезірек жұтылып кетеді. Жер бетінде екі мыңға жуық ұлт бар деп есептесек, солардың көбі келешекке бармайды ғой. ХХІ ғасырдың аяғында бәрі жұтылып болады. Сондықтан осы мәселеге ерекше мән беру керек. Елімізде урбанизация процесінен қала халқының үлесінің салмағы артты. Ауылдардың бәрі тозып, қирап бітті. Ауыл деген қазақтың алтын бесігі еді ғой. Ауыл дағдарыс жағдайына ұшырағаннан кейін, одан қашқан тұрғындар тіршілік іздеп, жұмыс жасау үшін қалаға ағылды. Ал қаланың жағдайы мынау. Біз мұны неге айтып отырмыз? Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың қаймағы бұзылмаған жері – ауыл еді ғой.

Қазақтың әдет-ғұрыпын, салт-
дәс­түрлерін, оның ішінде рухани мұраларымыз туралы ұрпаққа жеткізіп, жазып қалдыру, оған қорған болу – қазіргі уақытта қалам ұстаған кез-келген азамат өзінің борышы ретінде қарауы тиіс.

Менің баяндамамның тақырыбы – «Қазақ халқының бейзаттық мұра­лары».

Бұрын ЮНЕСКО-дан бастап барлық дүниежүзіндегі қоғамдық ұйымдар, ғылыми мекемелер халықтың материалдық және бейзаттық мұраларын есепке алып, соларды зерттеумен айналысқан еді. Қазақтың материалдық мұралары, архитектуралық сәулет ескерткіштері ЮНЕСКО-ның бірнеше нысандар тізіміне енгізілген. Алғашқы болып, Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың архитектуралық комплексі, Алматының Ұзынағаш ауданындағы үш мыңға жуық көне замандардан қалған суреттері бар Таңбалы тас және тағы басқа бірнеше ескерткіштер мен материалдық мұралар кірді. Біз мынаны түсінуіміз керек. Қазақ – көшпенді халық. Қанша жерден ежелде отырықшылыққа бейімделген қалаларымыз болды десек те, біздің мәдениетіміздің жетпіс-сексен пайызы көшпенділіктен тұрады. Біз одан ешқандай да қашпауымыз керек. Отырар, Тараз, Сайрам, Суяб, Сығанақ, Сарайшық сияқты қалаларымызды тарихтан өшіре алмаймыз. Біздің мәдениетіміз – көшпенді мәдениет. Енді сол Көшпенділер өркениетін әлемге жар салып айтатын кез келді. Неге десеңіз, көшпенді мәдениет барлық мәдениеттер мен өркениеттердің алдында оқ бойы озық болып тұр.

Қазақ халқы тұңғыш рет жылқыны қолға үйретіп, жылқы мәдениетін әлемдік дәрежеге көтергеннен кейін барлық халықтан жоғары тұруымыз керек. Бұл – мақтанып айтуға тұрады. Ата-бабаларымыз аттың үстіне қалай мінді, сол кезден бастап біздің рухани мәдениетіміз, тұрмысымыз қалыптасты. Жермен аттың төрт тұяғы ғана байланысты. Аттың үстінде отырған адам жерге қараған жоқ. Көкке қарады. Жерге қарап, отырықшы болып жүрген халық неден қорықса, соны «Құдай» жасаған. Бақадан, балықтан, жыланнан, жолбарыстан қорқып, соның бейнесін ағаштан жонып, суретін салып, соған табынған. Бұл пұртқа, қуыршаққа табынушылыққа әкелді.

Ал біздің ата-бабаларымыз аттың үстіне мінгеннен кейін, олар аспанға қараған. Жұлдыздарға, Күнге қараған. Содан кейін Тәңірге табынған. Біздің құдайымыз Тәңір, Алла деп табынатынымыз сондықтан. Ал біз жылқы мәдениетін дамытудың арқасында Тәңірге ғана бойұсындық. Жиырмасыншы жылдардың өзінде Ахмет Байтұрсынов «Біздің рухани мәдениетіміз материалдық мәдениетімізден жүздеген есе артық, сондықтан да біз сол мәдениетімізді зерттеуіміз керек» деп айтқаны бекер емес. Сократ пен Платонның диалогтарында жазу мәдениеті келгенде: «Біздің грек мәдениетінде қазір жазу мәдениеті пайда болды. Бірақ жазудың осы бір зияны болып тұр. Біз жазу арқылы мәдениетімізді, өнерімізді, ақыл-ойымызды қағазға түсіреміз де, ауызша мәдениет, ауызша ақыл-ойымыздан айырылып қаламыз» деген жолдар бар.

Біз ғаламдастыру жағдайында өзі­міздің рухани мәдениетімізді ары қарай зерттеп, халыққа, жас ұрпақтың бойына сіңіруіміз керек. Өзінің рухани мәдениетін, бұрынғы бай эпостарымен, жырларымен сусындаған жас ұрпақ, ешқашан бөтен мәдениетке, бөтен салтқа бас ұрмайды. Біздің бала кезімізде жігіттерге қиссаларды, батырлар жырын оқыттыратын. Шәкен деген ағам өлеңді керемет мақаммен оқитын. Шалдар соған риза болып, батасын беріп жататын. Ер Тарғын, Қобыланды, Қыз Жібекті, содан соң ер Жәнібек, Мырзаш батыр, Арқалық батырлар секілді жергілікті батырлардың жырын оқытатын. «Қазақ эпосы» деген үлкен қызыл кітап қолдан қолға тимей жүретін. Қыстың ұзақ түнінде бір үйге жиналып алып, таң атқанша тыңдаған сол дастандар адамға ерекше бір рух беретін. Батырлыққа, ержүректілікке, Отансүйгіш­тікке баулитын. Ал қазіргі техниканың да­мы­ған заманында жастар ғаламтордың айналасынан шықпай жүр. Мұның тиімді жолын тауып, оны ары қарай дамытуға болады.

Көшпенді халықтардың рухани, материалдық емес, бейзаттық материалдық мұраларын әлемдік деңгейде көрсетейік деп, жұмыс жасап жатырмыз. Оның біріншісі – Қымызмұрындық мейрамы. Ол мейрамды ЮНЕСКО-ның келіп жүрген эксперттеріне үш жыл бойы насихаттап, ең соңында куәлік алуға бір-екі ай ғана қалды. Оның алдында қазақтың айтысы, домбыра сияқты біраз нысандар кірген. Қазақ жылқы мәдениетін дүние жүзіне бірінші танытқан ат үстіндегі халық болғандықтан, Қымыз­мұрындық мейрамы ең үлкен мейрамдардың бірі. Қаншама ғасырлар бұрын «Скифтер қымыз ашытатын, қымыз ішуші ел» деп жазып кетті. Скифтерді, сақтарды «ат үстіндегі ел» деп атағаны Иллиада мен Одиссеяда да бар. Олар біздің ата-бабалырымызды қымызды ең алғаш рет ойлап тапты деп айтады. Әлкей Марғұлан «Бүгінгі халықтарда археология деген бірінші мәселе. Ол бүкіл трихымызды жайып салып, математикалық дәлдікпен бере біледі. Сондықтан да келешекте археологияны алдыңғы орынға қоюымыз керек. Ұлтттық идеологиямыздың бірінші темірқазығы болады» деп айтатын. Ол кісі өзінің отыз жыл бойғы өмірін Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеуге арнады ғой. Көкшетау облысындағы Ботай деген жерден табылған жүз мыңдаған жылқы сүйектерін халықаралық экспедиция сексенінші жылдардан бері зерттеп жатыр. Соңғы кезде бес жүз жыл бұрын ағылшынның үлкен ғалымы, генетик, профессор Алан Олтрам үлкен-үлкен алып құмыралардың түбінен бие сүтінің қалдықтарын тауып, онда қымыз ашытылғанын дәлелдеп берді. Сонда біздің қымызды ойлап тапқанымызға алты-жеті мың жыл болған екен.

Қымыз – өте көне сусын. Қазақтың тасқындаған күші, көшпенді халықтардың мықты, жаужүрек болатыны – бірінші – еттің, қымыздың, содан кейін сүт тағамдарының энергиясы. Қалай ат үстіне мінді, етке тойған халық маңайындағы, әсіресе кенттегі егінші халықтарға күн бермеген. Қай уақытта олар егінін басып, олардың сауда-саттығын бақылап тұрып, сол жерден барып тартып алатын болған. «Қазақ жылқы мінезді» деген тегін айтылмаса керек. Қымызмұрындық мейрамын біз неге ЮНЕСКО-ға кіргізейік деп отырмыз? Қымызмұрындықтың үлкен идеологиялық мәні бар. Бірінші, халық аттан түскеннен кейін, аузымыздан ақ пенен қызыл кеткеннен кейін біздің рухымыз өшті. Казак орыстарының атаманы Ягушкин айтады: «Қазақ атқа мініп ұрандатып шапқанда, ешкімнен де, ешнәрседен де қорықпайды. Құдайыңды ұмытады. Ал аттан түскен қазақты көріңіз, бұдан мүсәпір, бұдан бейшара халық жоқ» дейді. Қытайда мынандай мақал бар: «Қазақ ат үстінде жолбарыс, аттан түскеннен соң қоян» дейді. Біз қазір осындай қоян заман кешіп отырмыз. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды. Бірақ әлі де сол рухымыз өшкен бейшара халықпыз. Тәуелсіздік дегенді көптеген адамадар түсінбейді. Ол ол ма, кешегі қызыл империяның заманын аңсайтын адамдар бар бізде. Мен соларды көріп те, естіп те жүрмін.

Қымызмұрындық мейрамының барлық тұжырымдамасын жазып бердік. Ол бірнеше тілге аударылды. Қымызмұрындық бізге не үшін керек? Қазіргі заманда халықтың барлығын атқа мінгізе алмаймыз. Бірақ қымыз ішпей, қазақ қазақ бола алмайды. Кеше ғана Жапония Хиросима мен Нагасикидегі зардапты еске алып, үнсіздік жариялады ғой. Біздің жерімізде 497, оның ішінде жүз сексені ашық жарылыс болды. Семей полигонындағы зардаптар, Маңғыстауда, Шымкентте, Қызылордада толып жатқан өнеркәсіптік нысандарды алу үшін халқымыздың жағдайын қиындатып кетті. Халықтың денсаулығы нашарлаған.

Моңғолоияға барсаң күнде турист. Монголоияда аса жағдай жоқ. Мұнда неге 80 елден туристер қаптап келеді. «Қазақстанға неге келмейсіздер», деген сұраққа ондағы туристер, Қазақстанның жерінің бәрі ластанған дейді. Рас. Біріншісі – Семейдің атом бомбасы. Екіншісі, орыстың қазбаған жері жоқ. Ал Моңғолоияның табиғаты өзінің қалпында. Сондықтан қымызды насихаттау арқылы, қымызмұрындық мейрамын бүкілхалықтық мейрам ете отырып, елімізді әлемге танытуымыз керек. Халықтың қымыздан алыстағанына елу, алпыс жылдай болды. Сол олқылықың орнын толтыру керек.

Менің жылқы мәдениетін зерттегеніме қырық жылдай болды. Әкем жылқышы болды. Университетке тарих факультетіне түскенде дипломдық жұмысымды жылқыдан бастап жазғанмын. Қазірге дейін жазып келемін. Жылқыға байланысты халықаралық, этнографиялық жиындарда баяндама жасағанда біздегі жылқы мәдениетіне байланысты сөздер көп. Бәрі таңғалады. Бір ғана жылқының түсіне байланысты 30 жылдың ішінде төрт жүз сөз жинадым. Бұл – үлкен байлық. Қазақ халқы дүниежүзінде жылқы түсіне байланысты сөздерден сөздік байлығы көп. Ешбір әлемде мұндай халық жоқ. Моңғолдармен, қырғыздармен, ноғайлармен, өзбектермен салыстырсақ, біздің жылқы түсіне байланысты сөздеріміздің қоры жағынан біз мақтана аламыз. Екінші, жылқының сынына байланысты 200 сөз жинадым. Бір ғана бастың 27 түрі бар екен қазақта. Арқасына байланысты оннан аса. Құйрығына байланысы жиырмадан аса, мойнына байланысты отыздан аса сөз бар екен. Біздің жылқы мәдениетін дүниеге әкелген көне халық екенімізді осы сөздер, териминдер дәлелдейді. Жылқының ат-әбзелдерге байланысты тоқсаннан аса сөздері болса, орыстарда жылқының мүшелеріне, түсіне байланысты отыз-ақ сөз бар екен. Осының барлығын жинақтап, қазақ халқының бейзаттық мұралары ретінде халықаралық деңгейге көтеріп, әлемдік дәрежеде таныту – мақсатымыз.

Қазақ материалдық, бейзаттық мұраларға өте бай. Тағы бір айта кететін дүние, халықтың жер бедеріне байланысты сөздері өте көп. Оны біздің географ ғалымдарымыз ғалымдарымыз зерттеген. Қазақтың көптеген жер бедеріне, ландшафтына байланысты көптеген сөздері орыс тіліне аударылмайды. Бұл біздің рухани байлығымыздың молдығын көрсетеді.

Модератор: Аха, өте орынды айттыңыз. Бейзаттық мұраларымызды насихаттау, нақты қолданысқа енгізу жолында жасап жатқан істеріңізге сәттілік тілейміз. Келесі сөз кезегін дарынды, ақылды, өзіндік қалыптасқан айтар ойы, «Жастар» сыйлығының иегері, үлкен мүшайралардың жүлдегері Аманғазы Кәріпжанға беріледі.

Аманғазы КӘРІПЖАН: Дін – саясаттың ішіндегі ең ұлы идеология. Кей жағдайда өзгертуге келмейтін идеология. Кеңес үкіметінің идеологиясы жетпіс жыл өмір сүрсе, діннің идеологиясы жетпіс жеті мың жылға дейін өмір сүреді. Өйткені жүздеген діндер Қазақстанның жеріне келіп кеткен. Олар алты, жеті мың жылдан артық өмір сүрмеген. Әрқайсысы өзін соңғы көшбасшысы деп атап кеткен. Сол діннің өмір сүріп тұрған кезінде соны көшбасшы деп айтпасаң, басыңды алатын қиын заман болды. Құдайға шүкір, қазір халқымыз дін мен дәстүрдің үйлесімін берік ұстап келе жатқан елге айналды. Ислам діні біздің салт-дсәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға жақын болды. Кейбір ұлттың ішіне іріткі салғысы келетіндер, береке мен бірлікте өмір сүріп жатқанымзды көре алмайтындар дәстүрді дінге, дінді дәстүрге қарсы қойғысы келіп, түрлі амалдарға барып жүргенін көріп жатырмыз. Айтпағым, Қазақ деген атымызды сақтап қалайық. Адамзаттың тарихынан негізгі керектісін, зиянсызын алайық та, керексіз, адамға үлкен қауіп-қатер әкеле жатқан дүниелерден қашайық. Дәстүрімізді, ұлттық этнографиялық болмысымызды, соның ішінен шыққан синтезімізді сақтайық. Соны сақтау арқылы ұлтымызды, дінімізді сақтаймыз.

Модератор: Келесі сөзді Шамшия Әбдуәлиеваға береміз. Бұл кісінің тақырыбы «Қазақ қолөнері». Сол жайында айтсаңыз.

Шамшия ӘБДУӘЛИЕВА: Мектепте физика пәнінің мұғалімі болып жүргенде директоымыз шақырып алып, «сен Қызылорданың қызы екенсің, киім тоқи білесің бе?» деп сұрақ қойды. Ол кезде Қызылордада кілем тоқымайтын қыз болмайтын. Білем дедім. Алматыға келген қонақтар біздің мектепке келмей кетпейді. «Біздің мектептен қазақылықтың иісі шығып тұрсын, сондықтан өзің үйірме ұйымдастыр» деді. Осылайша үйірме ұйымдастырдым. Содан ауылдан кілем тоқуға керек жіптерді алдырдым. Бір күні ССР-дің комсомолдан келетін бірінші хатшысы Зоя Григорьевна Новажилова келді. Үйірменің жүріп жатқан кезі еді. Директор маған «Қуыс үйден құр шықпа» деген бар деп сыбырлап кетті. Тоқып жатқан кілемшелеріміз бітіп кеткен. Енді тоқып жатқанымыз орта шенінде тұр. Мектеп директоры: «Ол кісі мектептен шыққанша бітіріп беру керек», – деді. «Жарайды бітіріп берейік» дедім. Солай дереу аяқтап, сыйлыққа бердік. Бұл жайлы екі күннен кейін «Казахстанская правда» газетіне шығып кетті. Содан қолөнер туралы бағдарлама жасау туралы министрліктен ұсыныс түсті. Бұл да бір этнографияның бір саласы болғандықтан жай қарай салуға болмайды. Біраз іздендім. Жоба жасалып, мектеп бағдарламасына еніп кетті. Әсіресе Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысының көп бөлігі қазақтың қолөнеріне байланысты бағдарламамен еңбек сабақтарын өткізді. Осылайша көп жетістікке жеттік. Кілем тоқуды шәкірттерімізге үйретіп, ұлттық өнеріміздің дамуына атсалыстық. Шетелден келген қонақтар таңғалыстарын жасырмады. Тіпті естелікке де алып кетіп жатты. Қолөнермен қаншама қыздар айналысып жатыр. Оларға әрдайым қолдау керек. Қолөнер – қазақпен бірге жасай беретін ұлттық мұрамыз болып қалуына әлі де атсалысып келеміз.

Модератор: Ендігі сөзді этнограф, «Әдет-ғұрып, салт-дәстүр» академиясының академигі Ғалия Қайдауылқызына береміз.

 

Ең бірінші

әйел түзелуі керек

 

Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ: «Ат айналып қазығын табады» дейді. Біз салт-дәстүр туралы «жоқтау» айта бермейік. Осы отырысымыздың өзі, осы сөзді бастауымыздың өзі, осы сөздің бәрі бізге қажет екендігінің өзі сол жоқтау айтқанға тоқтау айту деп есептейік. Сондықтан Ахаң ат туралы айтып, қазақтың жылқы мінезді халық екендігін дәлелдеп жатыр. Сол атты «тәк» дейтін ноқтасы болса, әйел атының ноқтасы – кимешегі. Әу бастан солай болған. Кітапта қырық түрлі кимешектің үлгісі бар. Бұл жерде кимешектің бас киім болғандығы үшін ғана емес, кимешектің не үшін басқа киілгендігі маңызды. Бауыржан атамыздың бір айтқаны бар: «Зынданы мен абақтысы жоқ қазақ кісі өлтірген немесе ерекше бір кешпейтін қимыл жасаған әйел затының шашын түбінен қиып тастайды» екен. Ал біздің шаш қиюымыз аштықтан, қолдан жасалған зауалдан болды. Ол кейін бірте-бірте үрпиіп жүрген сәнге айналды. Әсіресе сексеннен асқан селкілдеген кейуананың сегіз жастағы немересімен шашы бірдей. Жас келген сайын шаштан бұрын құйқа көрініп тұрады екен. Сол құйқаны аша түскеннен жаба түскен сауап екенін әлі білмей келе жатырмыз. Ал енді сондай ененің келіні ертең кімнен үлгі алады. Енесі солай жүрсе, келіні кімнен қымсынады. Айналайын Аха, атты түзеймін деп отырсың ғой. Ауылға барып келдім. Атқа мінер азаматтар әлі бар. Қымыз деген бұрқырап тұр. Қымыздың орнына кока-кола мен сыра ішіп сорлап жатқан қазақ бар. Мұның барлығы бірте-бірте түзелетін нәрсе. Қазақтың тамыры – ауылда. Осы жерде ашпаған кимешектің цехын Қайнар деген туған ауылымда ашып келдім. Өйткені біздің түп тамырымыз – ауылда. Қаладағы қазақтан ауылдағы қазақтың айырмасы – ауылды аңсауымен өткізбеуінде. Ауыл деген көгеріп, көктеп келе жатыр. Қаладан үйренетін ештеңе жоқ. Берісі жиырма бес жылдың ішінде анаған да еліктеп, мынаған да желігіп көрдік, байқадық. Бірақ өзімізден өзіміз кете алмадық. Ал енді өзімізді өзіміз тану, табу, бізді әлем мойындау үшін алдымен өзмімізді өзіміз мойындауымыз керек. Сол үшін ең бірінші әйел түзелуі керек.

 Сырттан келіп сығалап кіретіндер ең бірінші басынатын елдің әуелі жеріне көз салады екен. Содан кейін азғындықты қызын азғырудан бастайды екен. Сондықтан бүкіл ұлттың тағдыры ер азаматтардың да, нәзік жандылардың да қолында. Баяғыда аналарымыз айтады екен: «Алшаң-алшаң басқаның, ақ дамбалдың арқасы» деп. Аталарымыз ақ дамбал киіп жүрген. Әйел ағараңдап, еркек алыстан қарайып көрінеді екен. Түн ішінде, жұлдыз толғанда жалаңбас далаға шыққан әйелдің бүкіл санасының бәрі ауруға ұшырайды екен. Өйткені шаш – антенна. Бүкіл жаман қуатты өзіне тартады. Неге бізде шашты өрген, шолпы қадаған. Бүкіл қуаттың барлығы өрілген шаш пен шолпыға қадалып қалатын болған. Шолпыны шешіп, шашты тарап жібергенде бүкіл жаман энергия түседі екен де, адамның басы сауығады екен. Таңертең шаштары дуда-дуда болып кемпірлер тұрмаған. Олар түн ішінде ұйықтап жатқанда басындағы жаулығы сыпырылып түссе орнынан шошып оянады екен. Бәрінен бұрын біз – әйелдерге ие бола алмай қалдық. Мұны ер азаматтар мойындауға міндеттісіздер. Ал енді әйелі оңалмаған елдің ереңгі жағдайы қиын. Кезінде Сталин қандай саясат жүргізген? Ол «мына өзі дарақылау, өзі мақтаншақтау, қаны қызба, атақұмар қазақты құрту үшін еркегін аттан түсірейік, қатынын атқа мінгізейік» деген. Басып болдық па, болдық. Ел биледік пе, биледік. Ең соңында өзіміздің еркегімізді өзіміз иледік. Мен еркекпін деген еркекті іздеп көріңіздерші. Әйелімен ақылдаспай бір шаруа жасаған еркекті тауып көріңіздерші. Менің бұл жерде айтпағым, әйел әйел болмайынша, ел ел болмайды. Қазақтың тілдік қорында қанша сөз бар екенін әлі бір ғалым дәл басып айтқан жоқ. Өйткені қазақтың қазынасы да, қазақтың қазақ болып қалғандығы да, қазақ болып құрылғандығы да, ұлт болып келгені де – тек қана қазақтың тілінде. Тілден кейінгі бізді өнеріміз. Кимешек сөзінің үш тілде аудармасы шықты. Біздің ұтқанымыз да, тапқанымыз да – осы. Бұл жерде сенікі менікі дейтін ештеңе жоқ. Келісетін және бірігіп жасайтын тірлік қана бар. Әркім өз орнында ойына келгенін емес, қолынан келгенін жасаса, ел болмағанда кім боламыз. Құдіретті Ай мен Күнді алайықшы. Сол мен құдіреттімін деп демалып ұйықтап қалмайды ғой. Біз де отырған орнымызда Алланың бергеніне ие болып, өзіміздің қолымыздан келгенін жасайықшы. Және соны халықтың игілігіне айналдыруға ұмтылайықшы. Бұрын жалаңаш жүргендерді көріп таңғалатын едік, қазір жабық киініп жүргендерге таңданатын болдық. Бірақ өкінішке орай, соның екеуі де біздікі емес. Біздің еліккіш, желіккіш екенімізді білген жұрт бізге әкеледі де таңа салады. Құран деген адамзаттың құндылығы. Ислам – адамзаттың ортақ имандылығы. Қазақ исламға дейін өз қағидасымен өмір сүрген халық. Ол төрт қана тағанға тірелген. Адал, арам, обал, сауап. Осыны қазақ исламға дейін де білген. Неге ол исламды қабылдады. Өйткені оның тура оң жамбасына келді. Іздегені сол қағаз жүзіне түсті. Қымыздан, қазыдан, киіз үйден де айырылдық. Бірақ енді кимешектен айырылмайықшы.

Модератор: Ғалия ханым, өте жақсы ой салдыңыз. Алматы қаласы бойынша Қоғамдық кеңестің жастар және ішкі саясат, спорт, дін істері, мәдениет жөніндегі комиссияның төрағасы Құсман Кәрімұлы Шалабаевқа сөз кезегін береміз.

Құсман КӘРІМҰЛЫ: Елбасы­ның кешегі мақаласынан кейін жер-жерде насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл әрбір қазақтың ұл-қыздарына керек дүние деп ойлаймын. Бұл ары қарай жалғасын табатын, өміршең мақала. Елбасының жарлығымен шыққан Қоғамдық кеңес еліміздің түкпір-түкпірінде нәтижелі жұмыс жасап жатыр. Ғалия апайымыз өте орынды айтты. Ер азаматтарымыздың рухын көтеру керек. Құдай бетін аулақ қылсын, ертең басымызға күн туғанда біз мылтық ұстайтын жігіттерді таппай қалуымыз мүмкін. Қазақтың маңдайына біткен жылқы, ер-тоқым, кимешек, домбыра секілді асыл мұраларымыз өте көп. «Қазаққа жылқы малы болса болды. Ол аттан түспей-ақ қоректеніп, тіршілігін жасап, аттың үстінде ұйықтап жүре береді» деген бекер айтылмаса керек. Қазақты жеңе алмаған орыстар «бұлардың мықтылығының қандай сиқыры бар» деген кезде, біреуі: «бұлардың атын құртуымыз керек, онсыз жеңе алмаймыз» деген. Сөйтіп қазанатты жинап алып, жылқыларының бәрін тартып алып барып, қазақты жеңген екен деген әңгіме бар. Бүгінгі күнмен өмір сүріп кеткеніміз рас. Оны мойындауымыз керек. Бізге аманат қылып кеткен кешегі бабаларымыздың жолын жалғасырып, ұлттық құндылықтарымызды сақтауымыз керек. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Сіздерге айтар ұсынысым, бұдан кейін де қоғамдық кеңестің жанынан табылсаңыздар екен. Осы жерде айтылған ойды үлкен аудитория тыңдауы керек. Жастарымыздың санасына ұлттық құндылықтарымыздың мәнін сіңірсек екен. Бүгін осыны қолға алмасақ, ертең оны жастардың ұмытып кетпесіне кім кепіл? Біздің жерге қызығып отырған көршілеріміздің барлығы біздің жерімізге, тарихымызға қызығушылық танытады. Бізде әлі зерттелмеген тың тақырыптар көп. Алматы облысында алғаш көкпарды бастап, 5-6 жыл бұрын ұйымдыстырылған кезде қырғыздар көкпарды патенттеп алуды ұсыныс етіп айтқан. Біздің азаматтар оны аса қабылдай қоймады. Кейіннен олар 49 мемлекеттің келісімін алып, өздеріне патенттеп алған кезде Қайрат Сатыбалды бастаған азаматтар соны шешімін өзгертіп, ұйымын осы жаққа аударып, штабын Астанада жасап, филиалын қырғыздарда жасап, өзімізге алып алдық. Сөйтіп көкпар өзімізге қайтып келді. Қазақтар көкпарды қырғыздардан да артық шабады. Дәстүріміз бен жаңғыруымыз аманат дейтін болсақ, бірлесіп жұмыс жасайық. Осының бәрін бір жүйеге келтірейік. Депутаттарға, министрліктерге ойымызды жеткізейік. Өз мұраларымызды заңдастырып, бөтен елдің меншігіне кетпейтіндей етсек құндылықтарымызды мәңгі сақтаймыз.

Модератор: Құсаға, сіздің сөзіңіз Жағда Бабалықұлын есіме салып отыр. Бір күні барғанымда ботадай боздап жылап отыр. Бірақ көзінен жас шықпайды. «Аға, не болды» десем, «біздің қымызымызды немістер патенттеп алыпты» дейді. Бір күні тағы да: «Қазақтың тау төбетін қытайлар патент жасап алып қойыпты. Ғасырлар бойы келе жатқан қазынамыз еді ғой» деп жылап отыр. Расында, өзіміздің мұраларымызға өзіміз ие болғанымыз жөн.

Мұхит Ауелбай: Біз рухани жаңғырудың механизімін іске асырып жатырмыз. Қазақтың оң шешімдерін қабылдау менің өмірлік ұстанымым. Киіз үй қазақтың сана формуласы. Кешегі сақ қорғандарынан бастап барлығы сана формуласы. Адамның үйлесімділік механизмі. Ойлау жүйесінің механизмі. Осының бәрі қазақтың дәстүрінде жазылған. Сізге басшы ретінде мынандай ұмыныс айтқым келеді. Қазақтың дәстүрін бәріміз білеміз. Отырған кісілер қандай тамаша ойлар айтты. Басымыздан кимешекті, тақияны жұлып алған санасы жабық адам. Басы жабық адамның ел басқару оңай. Орамал, ұзын етек, мұның бәр өрісіміздің белгісі, қорғаны, сауыты. Біз қазір адамға рухани жаратылыс ретінде қараймыз. Біз мектептерде, колледждерде осы мәселеге орай орта қалыптастырып жатырмыз. Мектепте рухани-парасатты қазақ ортаны, наркоманды да, парасатты адамды да орта тәрбиелейді. «Ақбастау» деген бағдарлама арқылы имандылық орта қалыптастырып, балаларды тәрбиелеп жатырмыз. Мемлектеттік деңгейде санасы жабық, басында орамалы жоқ, етек-жеңі қысқа, санасы жабық басшылар өте көп. Осы мәселелерді Қоғамдық кеңес деңгейінде қолға алып жатқан болсаңыз, бірігіп барлығымыз жұмыс жасайық.

«Қазақ елі» деген статусты қабылдауымыз керек. Екінші фамилияны тегіне қосуымыз керек. «Ов»-тың орнына «тегі» болса, «текті ұрпақтың ұлымын» деген ой текті ұрпақ етіп тәрбиелейді. Осы жерде жасап жатқан қаншама бағдарлама бар. Әр бағдарламаның ой бар. Осыны мемлекет тарапынан грнаттар бөліп жасаңыздар. Жиырма бес жылдан бері кішкентай дүкен ашып, соның ақшасына Мәңгілік ел мен Рухани жаңғыруды жасап отырмыз. Әр қазақтың мектеп орындары рухани ортаға айналсын.

Модератор: Келесі сөзді филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегеновке береміз.

Темірхан ТЕБЕГЕНОВ: Құрметті ағайындар! Мен өмір бойы мұғалім болып келе жатырмын. Этнографияның мәнін түсіндіруді жас буыннан бастауымыз керек. Бала тәрбиесі – үйдегі отбасынан басталады. Осы киім кию мәселесінде өзбектен де, тәжіктен де, ұйғырдан да қалыс қалыппыз. Мен үнемі шәкірттеріме «сабаққа ұлттық киіммен келетін әдісті табыңдаршы» деп айтамын. Бір ғана жапондарды алып қарасаңыз, ұлтық киімдеріне деген құрметінің ерекшелігін көруімізге болады. Барлығын өзімізден бастауымыз керек. Біз Аттиланың, Қасым ханның, Алтын Орданың ұрпағымыз деп айтып жүреміз. Кимешектің түрлері өте көп. Бірақ соны отбасында киіну үрдісін қалыптастырсақ керемет болар еді. Осындай жиындарға да қазақты нақыштағы киім киіп келейікші. Елбасымыз бірінші наурызды «Рахмет күні» деп белгілеп қойды. Бір-біріне рахмет, алғыс айтып жүрудің өзі, еліміздің бауырмалдылығының белгісі емес пе?

 Салт-дәстүріміздің ұмыт қалмай, жас ұрпақтарға мирас болып қалуына, ұмытылмай, саналарында сақтауын мақсат етіп жүрген «Дәстүр» журналының маңызы зор. Орта мектептерде, балабақшада, кітапханаларда барлық орындарда дәстүрімізді насихаттайық. Журналды мектеп бағдарламасына пайдаланайық. Қазақ ұлты бұрын бәріне құшағын ашты. Этнографиясын бойына сіңірді. Соның өзі мегаполисте бәрі қазақша сөйлемей тұр. Тек қазақ тіліндегі ғана емес, басқа тілде оқытатын мамандықтарда қазақ этнографиясын оқытудың әдісін жасауымыз керек.

Модератор: Ендігі сөз кезегі Мақсат Төлепберген мырзада.

Мақсат ТӨЛЕПБЕРГЕН: Бүгінгі басты тақырып салт-дәстүр болғаннан соң, біраз ой саларлық мәселелер көтерілді. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген сөз бар қазақта. Салт-дәстүріміздің ішіндегі ең асылы – беташарымыз. Қазір өздеріңіз көріп-біліп жүрсіздер теріс ағымдардың кесірінен беташарға жау тиіп жатқандай. Намаз оқитын жолдастарымыз «адам тек қана Алланың алдында ғана бас июі керек, басқа ешкімнің алдында бас имеу керек. Келіннің бетін ашпаймыз» дейді. Бұл дұрыс па, бұрыс па білмеймін. Осылай екі жақты талас туар болса, күндердің күнінде беташарымыздан да айырылып қаламыз. Осы жағын дін адамдары қолға алса. Мектепте дәстүр жайлы пән ашылса жақсы болар еді. Оның тәрбиесі, мәні қандай керемет. Кішкентайынан ұлттық дәстүрімен сусындамаған бала, ертең есейгенде мәнін де ұғына алмайтын болады.

Модератор: Ұлтымыздың ардақты азаматы, қиын-қыстау күндерді басынан кешсе де, тәуелсіздік алғанда атамекенімізге оралу жолында қиыншылыққа мойымай, сол жолды шежіре-тарих қылып қалдырған Халифа Алтай атамыздың ұлы келіп отыр.

 

Халифа Алтай

асық туралы

жиырма бет жазған

 

Қабден АЛТАЙҰЛЫ: Халифа Алтайды Құранды аударған адам ретінде көпшілік біледі. Әкеміз бір жағынан ақын, жазушы, әрі этнограф. Бұл кісінің алғашқы еңбектері қазақтың әдет-ғұрыптары, этнографиясы туралы болған. Түркияда зерттеу орталығы бар. Сонда түріктердің ғұламалары мен оқымыстыларын жинап, жиналыс өткізген. Өзбек, қырғыз, татар, башқұрт ұлттарының өкілдері де қатысқан. Сол жиында «асық туралы әркім өзі не білетінін жазып келсін» деп тапсырма беріледі. Әзірбайжан асық туралы екі жол, қызғыз бес бет, өзбек екі бет жазған. Ал әкеміз Халифа Алтай асық туралы жиырма бет жазған. Бұл қазақтың этнографиясының, мәдениетінің байлығын көрсетеді. Түркі халықтары да, түріктер де қазақтың кім екенін білсін деп «Алтайдан Анадолыға дейін» деген екі томдық кітап жазып берді. 1998 жылы екі рет басылды. Өзі Алтайда тұрған. Халықтың әдет-ғұрпын ешкімнен сұрамай өзі жазған. Сол еңбегінде мынандай бөлімдер бар: Бірінші бөлім. «Қазақ халықтарының шежіресі», «Қазақ жүздері – қазақ түріктерінде ұран». «Абақ-керейдің ұрандары», «Түркістанда 1917 жылы құрылған Алашорда үкіметінің маршы», «Қазақ түріктерінің тілі», «Қазақ түріктерінде қалалар», «Қазақ түріктерінде жұлдыз», «Малдарға ұрылған таңбалар, ендер», «Алтайдағы қазақ түріктерінің еңбек тарихы», «Қазақ түріктерінде малшылық», «Қазақ түріктерінде атқа байланысты өлеңдер», «Түйелер, Түйенің аурулары, түрлері», «Сиыр, сиырдың аурулары, түрлері», «Ешкі, қой, аурулары және түрлері», «Қазақ түріктерінде киіз үй», «Киіз үйдің түрлері», «Қазақ түріктерінде ауыл», «Қазақтарда қыс және қысқа дайындық», «Алтай елінің қысқа дайындығы және аңшылық», «Алтайда балаларының тәрбиесі», «Әйелдердің жұмысы», «Алтайда көктемнің басталуы», «Сүттен жасалған тағамдар» және тағы басқа қазақ тағамдары», «Жайлауға көшу», «Билер жиналысы», «Құқықтың мәселелер және қылмыс», «Қылмыстық соты», «Қазақ елінде той және өлім», «Қажылық және сүннет», «Өлген адамның асына жасалған рәсім», «Дін мәселесі», «Тәрбие», «Қазақ елінде ұлттық киім», «Қазақ елінің қолөнері», «Қазақтарда өлең, өлеңдердің түрлері». Әкем осы кітапта берілген таңбалардың барлығын өзі сызған. Бұл құнды кітап 1981 жылы одан кейін 1998 жылы екінші рет түрік тілінде қайта басылып шықты.

Модератор: Белгілі этнограф жа­зу­­шы, «ұлттық салт-дәстүр» ака­де­мия­сының академигі Болат Бопайұлы келіп отыр. Сөз тізгінін өзіңізге ұсынсақ.

 

Жиындарымыздың

бәрі киіз үйде өткізілсе

 

Болат БОПАЙҰЛЫ: Этнография туралы мен “Дәстүр” журналын қолға алып тұрып айтқым келеді. Журнал жеті жылдан бері шығып келеді. Қасымхан ағамыз күні-түні еңбектеніп, Алматы қаласының іші-сыртында, облыстарда, ауданда, аймақта, қалада кім этнографиямен айналысса барлығына барып, әңгімелесіп, уақытын бөліп, соның бәрін жазып, осы журналға беріп отыр. Жағда Бабалықұлымен сұхбаты жатқан бір энциклопедия. Осындай ағаларымыздың еңбектерінің көрінбеуі шын мінінде қауіпті. Бұл журнал ең көп таралыммен шығуы тиіс құнды журнал. Этнографияға қатысты жинақталған барлық мағлұматты осынан табуға болады. Журналды енді бұдан да әдемі, бұдан да көп етіп шығарып, тарих оқулығына қосымша ретінде пайдалануға болады. Қазақтың бәрі көсем, бәрі шешен. Мен өзім Алтай аймағында қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрді көріп өстім. Ата мен әженің, әке мен шешенің тәрбиесін көріп, ақылын құлағыма құйып ер жеттім. Сол көрген-білгендерімді осы жаққа алып келіп, кітап етіп шығардым. Кейін осы журналды көріп, оқығаннан кейін осындай журналдың таралымы аз болып жатқанда менің кітабым қайдан таралсын деп ойладым.

«Қара жорға» биі ежелден бар еді. Қазақта 162 түрлі жорғаның аты бар екен. Соның жиырма төрт кейде он екісін биге салып билеген. Ол аттың жүрісі екен. Бұл туралы өте көп аңыз-әңгімелер бар. Аттан жығылса да, салттан жығылмайтын халықпыз. Қазақ халқында. тарихына, кезеңіне, сүйегіне, құрылысына байланысты 52 түрлі киіз үй бар. Мұнда хандардың, батырлардың, аңшылардың, қарақосшылардың, құсшының бәрінің тарихында қарап келе жатқанда осы 52 киіз үйдің түрі табылған. Соның жобасын жасап едім, Қалекең бірден журналға басты. «Қазақ этнографиялық ауылы» деген атпен қазақтың киіз үйінің жобасында бәрі бар. Төбесінен, жанынан, ішінен қарағанда бәрі көрінеді, қысқасы қазақтың қара шаңырағынан бастап, қара шегесіне дейін осынннан табылады. Барлық мұра Қазақастанда бар, бірақ шашылып жатыр. Күнге күймейтін, су өтпейтін, тозып кетпейтін тіпті, үш қабатты етіп жасап жатыр киіз үйді. Мұны «Этноауыл» дейді. Жақында Қытайдың Қанас дейтін үлкен саяхат орнында 600 адам сия­тын киіз үй жасалды. Мұны айтып отырған себебім, біз айтып отырған астрономиялы үй де осыннан табылады. Зергерлік үйді де, барлығын осыған кіргізсек шеттен келген қонақ осы ауылға келмесе, Қазақстанға келмеген болып қайтар еді. Мұнда неке сарайы да бар. Қазақта отыз тоғыз түрлі табақ тарту дәстүрі бар. Ханның үйінде отырасың ба, қыз табақ жеп қыздың үйінде отырасың ба бәрі көрсетілген. Мұнда махаббат ауылы да бар.

Киіз үйдің әбзелдерінің өзінің 3800 атаулары бар екен. Барлығымыз жұмыла көтеріп, мемлекетке ұсынып, осы үйді жасап алар болсақ, үлкен той-томалақ өткізсек те, осындай жиын өткізсек те барлығы киіз үйде болар еді.

Модератор: Қазақстанның еңбек сі­ңір­ген қайраткері, атақты күйші-композитор Шәміл Әбілтаевқа сөз берейік.

Шәміл ӘБІЛТАЕВ: Бүгінгі дөңгелек үстелде есте қаларлықтай жақсы ойлар, әңгімелер айтылды. Барлы­ғыңыз естілік, тектілік танытып отырсыздар. Қазақтың қабырғалы мықты ақыны, көз майын тауысып, ұлт – ұлт болсын деп шығарып келе жатқан Қасымхан мырзаның «Дәстүр» журналымен қарсы алғандарыңызға шексіз алғыс айтқым келеді. Бұл сіздің үлкен үлесіңіз. Аман болыңыз. Салт-дәстүрімізді аялаудан, ардақтаудан жалықпайық. Өмірде жақсылардың тәлімін көп аламыз. Әр отырыстың өзі оқу-білім. Өзіміз біліп, оны басқаға үйретеміз. Ұлттық болмыс, ұлттық код деген осы. Бүгінгі тақырып менің ойымды үнемі мазалап жүретін еді. Біздің бойымызда батырлықтың күші бар. Бірақ осы мәмілегерлікпен, тәлімгерлікпен осындай жерге ие болып отырмыз. Менің домбырамның шанағынан «Мәмлегер» деген күй шықты. Осы жерде алғашқы тұсау­кесерін жа­сағалы отырғаныма өзімді бақытты сезінемін. «Елдестірмек елшіден» демекші біздің қазақтың қанына сіңген мәмілегерлік дәстүрдің Майқы биден бүгінге дейінгі дарынды сардарларымен жалынды сарбаздарынң ерен еңбегіне арнап шығарған күйімнің аты – «Мәмлегер».

Модератор: Әлихан Бөкейханов: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» деген. Бұдан артық қазақты қалай сүюге болады.

Жастардың атаққұмарлығы, шатақ­құмарлығы, жасықтығы, аналарының айтқанынан шықпайтын босбелбеулігі қоғамға қаншалықты зиянын тигізіп жатыр? Ертең ұлтын, елін, жерін қорғайтын осы жастар емес пе? Сондықтан ойланайық. Ой салайық. Бірігіп еліміздің дамуына, салт-дәстүріміздің жаңғыруына атсалысайық.

Қазақстан Жазушылары кітапханасының директоры Елена Жамелқызына да алғысымыз шексіз.

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Now I suggest going to the site ( FreePornHq.Net ) and have a good time you'll find, of course, in the meantime, to please you even more you offer different language options, for example, for German ( Freier Porno ) you may come to the address. But, of course, not just German Portuguese service offer like as T ( Pornografia Grátis ) that the point is to provide enjoyment and to enjoy our page we enjoy doing anyway. Of course, you also we haven't forgotten about that Russian in Russia ( бесплатно порно ) address of our service you can get. In the meantime, our industry is important one of the visitors, we haven't forgotten them either, we have prepared a pretty nice area for the Japanese in this field we hope you'll be glad you our in the Japanese ( 無料ポルノ ) connection using the Japanese, you will be able to get service. We don't have the blog in your opinion? Of course, there's our blog that details more clearly with our content we aim to achieve so to achieve this, se ( Hd Porn ) a snapshot of all the content we have added to our site address address address and are constantly changing as this is given we hope that you'll enjoy our blog. Finally, I want to pass our address to your plurk to address this, we have also updated the snapshot if you want to reach ( Free Porn ) and click the link contact us at the address you instant content update, as well as quality that you can continuously Follow us and a world-renowned social networking plurk to encourage our followers at we hope you will be pleased with all the services. Hopefully you'll have a nice time.