https://www.cialissansordonnancefr24.com/cialis-en-ligne/

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМІ «АҚБАСТАУ» ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

БАҒДАРЛАМА КОНЦЕПЦИЯСЫ

 

 Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» аясында, дамыған 30 ел деңгейіндегі индустриалды-инновациялық экономиканы құру, дәстүрлі құндылықтарымыздан ауыт­қушылықтардан туындап отырған көптеген дүниетанымдық проблемалар, қоғамдық сана модернизациясына байланысты болғандықтан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы, 29 маусымындағы № 873 қаулысымен бекітілген «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процессінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары» мақсат-міндеттерге сай, Елбасымыздың халыққа жолдауында «Мектептегі оқыту нәтижесі, оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп нақтылады.

 

 Нарықтық экономика жағдайында адамның психо-эмоционалдық стресс жағдайына түсу факторлары көптеп кездесіп, әсіресе жастар арасында өмір мәнін түсінбеу келеңсіз жағдайларға соқтыруда. Сол себепті адам өмірінде көп нәрсенің шешімі өмірдің мән-мағынасын түсуінуден басталады.

 Бақ-дәулет, ырыс-береке кілті, күнделікті қабылданатын әрбір шешімдеріміздің дұрыс, не бұрыстығына байланысты болғандықтан, Қазақ Елінің дәстүрлі, ой-сана, ниет-пиғыл, сөз, гигиеналық, іс-әрекет, адамдар арасындағы және қоршаған ортаға деген жан-жақты тазалық ұстанымдарына сай, ақ пен қарасын ажыратып, күнделікті өмірде оң бағыттағы, ізгі-дұрыс шешімді қабылдай білу, әлімсақтан бері қалыптасып, халқымыздың тіл, дәстүр, діліне заман талабына сай ғылыми көзқараспен қарау нәтижесінде «Ақбастау – ұлттық тәрбие бағдарламасы» негізінде іске асқан, рухани алтын ғасыр ұғым-түсініктерін меңгеріп, отбасы, мектептен бастап, қоғамдық өмірдің барлық саласында қолдана білуге байланысты болып тұр.

- Өмір мәні неде?

- Ұлттық идея деген не?

- Діл деген не?

- Рух деген не?

- Адам деген кім?

- Тәрбие деген не?

- Рухани патриоттық тәрбие деген не?

- Бақыт деген не?

- Зияткерлі ұлт негізі, cаналы да, сапалы адам капиталы – тұлғаны қалай қалыптастыруға болады? – деген дүниетанымдық, адамның жаратылыс­тағы алатын орнына қатысты ұғымдар мен түсінікттерге саяси- философия­лық, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық, тарихи шындық жағынан жаңаша көзқараспен қарау арқылы қалыптасатын ойлау жүйемізге бай­ланыс­ты.

Өтпелі кезеңде, тіл ділдік ұстаным­дарымыз (ұстаным – адам дүниетанымы мен өмірге көзқарасы негізінде қалыптасатын ойлау жүйесіне сай жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті) жетілмей жатқанын пайдаланып, рухани сауатсыз, ана тілі мен дәстүрлі құндылықтарынан айрылғандықтан, ақ пен қараны ажырата алмайтындықтан, мәңгүрттенген, өз ұстанымы жоқ болғандықтан санасы жабық, кім болса соған еріп кете беретін, терроризмге бейім, сырттан басқарылатын – зомби адамды, интернет технологиялар арқылы адастырып, жеріміз бен байлығымызға қызыққан түрлі секта, ағым, миссионерлер жалған құндылықтар енгізу арқылы ұрпақтың санасын улауға көшкенде, ұлттық мүдде, ел ертеңін, ұрпақ болашағын ойлаған Елбасымыз «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ-съезінде: «Дағдарыс ашып көрсеткен ішкі проблемалардың үлкен бір бөлігі қоғамның рухани ахуалымен байланысты, «Нұр Отанның» идеологиялық жұмысы қоғамда рухани-парасаттылық құндылықтардың жаңа жүйесін орнықтыруға бағытталуы тиіс» – деп айқындап берді.

 Адам өмірінің мәні – сынақтар (проблемалар) арқылы, білім мен тәжірибе негізінде рухани жетілу болғандықтан, мектептен бастау алатын білім мен ғылымға қызығушылық жаратылыстың жұптық, бір-біріне қарама-қарсы, ақ пен қара қуаттардың бірлігі негізіндегі даму екенін түсінуден басталады (мысалы: күн мен түн, іші-сырты, оң-теріс, ұзын-қысқа, математикада: қосу-азайту, көбейту-бөлу, әдебиетте: жақсылық пен жамандық, даналық пен надандық, тарихта: соғыс пен бейбітшілік, сабаққа, не жұмысқа кешігу, не кешікпеу, өзіңнен кейін орныңды жинау, не жинамау, шамды сөндіру, не сөндірмеу, еңбекқор, не жалқау болу, қызыл бағдаршамға тоқтау, не тоқтамау, ашулы, не сабырлы, кешірімді болу, т.б.).

Инновацияға негізделген бәсекелі нарық заманында ақыл-ой ұшқырлығы мен парасаттылықтың орны ерекше болғандықтан, басқаға тәуелді болмау үшін, қазіргі кезде білімді болу аз даналықты меңгеру керек. Сол себепті, баланың табиғи дарыған қасиеттерінің кеңінен ашылып, білімді қабылдап – меңгеру деңгейіне әсер етіп, ауруға соқтыратын стресс ашу жолы емес, ұлттық мақсат-мүддемізге сай, мектепғ колледж, университеттерімізді ата-ана, ұстаз, шәкірт үлгі болар, рухани-парасатты тәлім-тәрбие ортасына айналдыру арқылы білім беру, кең байтақ жерімізді білектің күші, найзаның ұшымен қорғап, ұрпақтарына мұра етіп қалдырған ата-бабаларымыздың аманат-мұрасы жер, тіл, ділімізді сақтап-жетілдіру, толеранттылыққа негізделген достық, бейбітшілік, жасампаздық саясатымыздың арқасында өніп, өсіп, өркендеп, дамуға бағытталған ұлттық дүниетанымымыз – қазақстандық жолымыз бар.

Ұлттық идея – адам өмірінің мәнінен туындайтын дүниетанымдық ұғым. Адам өмірінің мәні – өмір сынақтары, қиындықтары (проблемалары) арқылы, білім мен тәжірибе негізінде рухани жетілу болса, адамдар қауымдастығы мемлекеттің ұлттық идеясы, рухы биік тұлға, бірлігі жарасқан халық, қуатты мемлекет қалыптастыру, әрбіріміз өз орнымызда дамуымызға үлес қосу.

Діл дегеніміз – ата-баба тегінен, тіл мен дәстүр, әдет-ғұрып негізінде, генетикалық (шежірелік) деңгейдегі ғасырлар бойы қалыптасып, ішкі жан дүниеміз қабылдайтын, ұлттық рухани болмысымыз – иман қуаты.

Болмыс дегеніміз – дәстүрлі, генетикалық (шежірелік) деңгейде қалыптасқан, ұлттық тіл, өнер, киім, тағам т.б., мәдени, ішкі жан дүниемізге рухани күш-қуат, жігер беретін қажеттіліктер жиынтығы.

Алтын ғасыр ұғым-түсініктері мен «ақ тұмар – сатылай жетілу жүйесін» меңгеру нәтижесінде, ақ пен қараны ажыратып, ізгі – дұрыс шешім қабылдай білуді, рухани-парасатты орта қалыптасқан оқу орындарында білім мен тәрбие деңгейі өте жоғары болатынын эксперименталды Алматы қаласы мектеп, колледж, университеттер тәжірибелері дәлелдеп, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы қолдауымен, саналы да, сапалы адам капиталы, зияткерлі (интеллектуалды) ұлт – тұлға қалыптастырудың қазақстандық брэнд – үлгісі мен іске асыру тетігі (сана формуласы немесе рухани заңдылықтарға негізделген, адам ой-санасы логикалық жұмыс (ақ тұмар – сатылай жетілу) жүйесінің пирамидалық құрылымының голограммасы (зм №777041109), толеранттылыққа негізделген алтын ғасыр ойлау жүйесі, рухани жаңғыру: қоғамдық сана модернизациясын іске асыру механизмі «Ақбастау – рухани тазалық ұстанымдарына негізделген, жүйелі ой-сана қалыптастыруға бағытталған, кешенді ұлттық тәрбие бағдарламасын» (ары қарай: «Ақбастау» – рухани тазалық бағдарламасы) іске асыру қолға алынды.

Ұстаздар мен ата-ана, көпшілік қауымға ұсынылып отырған «Ақбастау – рухани тазалық бағдарламасы» көк туымыздағы қырандай биікке самғаған рухымыз бен, сабырлы да, дана, толеранттылық саясаттың арқасында, егеменді ел болып, оң-солымызды танып, жарқын болашаққа нық басқан, күшті де, қуатты, Мәңгілік Қазақ Елінің жалпы тәрбие жүйесіне деген жаңа көзқарас.

 

 «АҚБАСТАУ – РУХАНИ ТАЗАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ» ТӨМЕНДЕГІ БӨЛІМДЕРДЕН ТҰРАДЫ:

 

 І. «Ақбастау» – рухани тазалық бағ­дарламасының мақсаты мен міндеттері.

 ІІ. Саналы да, сапалы адам капиталы, зияткерлі ұлт, ақыл-парасат иесі – тұлғаны қалыптастырудың әдіснамасы мен әдістемесі.

 ІІІ. Рухани жаңғыру: іске асыру механизмі «Ақ тұмар – сатылай жетілу жүйесі», рухани алтын ғасыр ұғымдары мен түсініктері ( тәрбие сағаттары, семинар, конференция, элективті курстар тақырыптары):

– Өмір мәні неде?

– Ұлттық идея деген не?

– Діл деген не?

– Рух деген не?

– Адам деген кім?

– Тәрбие деген не?

– Рухани патриоттық тәрбие деген не?

– Бақыт деген не?

– Зияткерлік деген не?

ІV. Рухани тазалық ұстанымдары (тәрбие сағаттары, cеминар, элективті курстар тақырыптары):

 1. Ой-сана тазалығы.

 2. Ниет-пиғыл тазалығы.

 3. Сөз тазалығы.

 4. Іc-әрекет тазалығы.

 5. Гигиеналық дене тазалығы.

6. Адамдар арасындағы қарым қатынас тазалығы.

7. Экологиялық сана негізіндегі, қоршаған орта мен табиғатқа деген тазалық.

V. Саналы да, сапалы адам капиталы, зияткерлі ( интеллектуалды ) ұлт негізі, ақыл-парасат иесі – тұлғаны қалыптастыру механизмі қалай іске асырылады?

VІ. Мектеп оқушылары ( колледж, ЖОО студенттерінің ) өзін-өзі басқару жүйесі деңгейіндегі қолданылатын атрибуттар үлгілері:

а) «Мектеп ( колледж, университет) – рухани-парасатты орта» бұрышы.

ә) «Ақыл-парасат жолындағы сынып (топ )» – тұмар пішінді, ауыспалы – Ақ ту.

б) «Ақ тұмар» – I , II , III – деңгейлі төс белгілер (вымпелдер).

в) «Ұсыныстар» қорапшасы.

 

 І. «АҚБАСТАУ – РУХАНИ

ТАЗАЛЫҚ»

БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

 МАҚСАТЫ мен МІНДЕТТЕРІ:

 

 МАҚСАТЫ:

«Мәңгілік Ел – ұлттық идеясы» аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» механизмін іске асыру іс- шараларына сай, «Мектеп ( Колледж, Университет) рухани – парасатты ортасын» қалыптастыру нәтижесінде, жан-жақты рухани тазалық ұстанымдарына негізделген жалпықазақстандық құндылықтар жүйесін меңгерген, күнделікті өмірде ақ пен қараны ажыратып, білімі мен тәжірибесін дұрыс қолдана білу арқылы, күнделікті өмірде ізгі – оң , дұрыс шешім қабылдай алатын, рухани сауатты, көкірек көзі ашық, иманды, әлемдік бәсекеге қабілетті ұлт негізі, ақыл-парасат иесі – тұлға, ұрпақ, кадрлар қалыптастыру.

Ұлттық мақсат – мүдде, реформаларға сай, рухани жаңғыру бағытындағы қоғамдық сана модернизациясы нәтижесінде, әлемде дамыған алдыңғы қатарлы 30 ел деңгейіндегі Қазақстанның өніп, өсіп, өркендеп, дамуына әрбіріміздің өз орнымызда қосар үлесімізді күшейту.

 

МІНДЕТІ:

Инновациялық ой-сана жемісі, индустриалды экономикасы дамыған елдер қатарына кіру кепілі, рухани сауатты, көкірек көзі ашық, иманды, саналы да, сапалы адам капиталы, зияткерлі (интеллектуалды) ұлт қалыптастыру үшін, қоғамда қордаланған, әсіресе жеткіншек ұрпақ, балалар мен жастар арасындағы өмірге тек материалдық көзқараспен қарау нәтижесінде туындайтын, суицид, нашақорлық, маскүнемдікке соқтыратын арсыздық, ұятсыздық, қатыгездік, мейірімсіздік, надандық, намыссыздық, көрсеқызарлық, т. б. рухани дерттердің құрсауына түскен дүниетанымдық проблемалардың алды алуды, мүдделі республикалық, жергілікті басқару мекемелерімен, рухани жаңғыру қоғамдық сананы модернизациялау іс- шаралары аясында іске асыруға ғылыми- эксперттік деңгейде үлес қосу.

Жаратылыстың жұптық, қарама-қарсы қуаттардың бірлігі негізіндегі дамуының философиялық негіздері: жаратылыстың ақ пен қара қуатық жүйелері қашанда бірге жүретінін, ақ жолдың қарасы, қара жолдың ағы болатынынын түсіну арқылы, ағарту саласында жаттанды білім емес, логикалық cындарлы, ақыл-оймен саралап, әрбір процестің құрылымын дұрыс түсініп, ұғыну арқылы дұрыс ғылыми тұжырым, шешім қабылдай білуге дағдыландыратын ойлау жүйесін қалыптастыру «рухани-парасатты – мектеп, колледж, университет, мекеме, қоғам ортасын қалыптастыру негізінде, зияткерлі ұлт, ақыл-парасат иесі – тұлғаны қалыптастырудың қазақстандық ұлттық тәлім-тәрбие үлгісін (моделін) рухани жаңғыру бағытында «Мәңгілік Ел – ұлттық идеясын» іске асыру механизмі ретінде, ұлттық брэндке айналдыру.

 

(Басы. Жалғасы келесі санда)

Мұхит АСАНҰЛЫ,

«Ақбастау» ұлттық тәрбие бағдарламасының авторы,

«Қуатты Қазақстан» қоры президенті, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесі мүшесі.


Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Now I suggest going to the site ( FreePornHq.Net ) and have a good time you'll find, of course, in the meantime, to please you even more you offer different language options, for example, for German ( Freier Porno ) you may come to the address. But, of course, not just German Portuguese service offer like as T ( Pornografia Grátis ) that the point is to provide enjoyment and to enjoy our page we enjoy doing anyway. Of course, you also we haven't forgotten about that Russian in Russia ( бесплатно порно ) address of our service you can get. In the meantime, our industry is important one of the visitors, we haven't forgotten them either, we have prepared a pretty nice area for the Japanese in this field we hope you'll be glad you our in the Japanese ( 無料ポルノ ) connection using the Japanese, you will be able to get service. We don't have the blog in your opinion? Of course, there's our blog that details more clearly with our content we aim to achieve so to achieve this, se ( Hd Porn ) a snapshot of all the content we have added to our site address address address and are constantly changing as this is given we hope that you'll enjoy our blog. Finally, I want to pass our address to your plurk to address this, we have also updated the snapshot if you want to reach ( Free Porn ) and click the link contact us at the address you instant content update, as well as quality that you can continuously Follow us and a world-renowned social networking plurk to encourage our followers at we hope you will be pleased with all the services. Hopefully you'll have a nice time.