https://www.cialissansordonnancefr24.com/cialis-en-ligne/

БЕРЕКЕЛІ БЕЙСБЕКОВТЕР ОТБАСЫ

Қазақ халқының мәдени асыл қа­зы­насының бірі де бірегейі әрі ұлттың келбетін айқындап бейнелейтін өнері, ол қолөнер екендігі баршаға аян. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдарламалық ма­қа­ласы халық арасында қолдау тауып, осы бағытта жұмыс жасап жатқан азаматтар баршылық.

Бүгінгі әңгімеміз Қазақстан қолөнершілер және суретшілер Одағының мүшесі Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрағасы Бейсбеков Болатбек Бектасұлы және оның өнерлі де, мерейлі отбасының төңірегінде болмақ.

 

Болатбек Бектасұлы 1960 жылы Арыс қаласында дүниеге келген. 1976-80 жылдар аралығында Шымкент қаласында орналасқан Ә. Қастеев атындағы көркемсурет училищесін бітірді. Осы аталған оқу ордасында жүріп, өзінің болашақ өмірлік жолдасы Айдарбекова Күләш Өсерқызымен танысып, екеуі отау тігіп, шаңырақ көтерді.

«Қазіргі таңда алты бала-шағамыз бар, оның төртеуі жолымызды қуып, суретші мамандығын меңгерген, келініміз Ахметова Мадинаны қоса есептегенде бір жанұядан жеті жан Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі екенбіз», – деген Болатбек, әңгімесін әрі қарай өрбітті.

«2012 жылы Қазақстан қолөнер шеберлерінің шешімімен, Айжан Беккулованың басқаруымен Қазақстан қолөнершілер Одағы құрылған болатын. Қолөнершілер Одағының алға қойған негізгі мақсаты: қазақтың ұмыт болып бара жатқан ұлттық қолөнер бұйымдарын жаңғырту және оны өскелең ұрпаққа дәріптеу, сондай-ақ әр шебердің міндеті – ескінің табын сақтай отырып, жаңа заманға лайықты, жаңа технологияны пайдаланып, сапалы да мәнді дүниелерді жасап, әлемге қазақ қолөнерін жаңа қырынан таныту еді».

Осы орайда Бейсбековтер отбасы қазақтың салт-дәстүрін насихаттаудың және оны болашаққа аманаттаудың нағыз үлгісін қалыптастырған заманауи жанұялық – (көлемі 700 шаршы метр жерге орналасқан) «Алтын – Орда» этноорталығын ашты.

Бұл орталықта:

• Былғарымен жұмыс жасау шеберханасы;

• Қазақтың төл өнері; кілем, алаша, ши тоқу және сырмақ тігу залы;

• Қонақ күтетін киіз үй стилінде жасалған бөлме;

• Көркемсурет галереясы;

• Қолөнер бұйымдарының дүкені орналасқан.

Қазіргі таңда Бейсбековтердің жанұясы Қазақстанда сурет өнері мен қолөнерін дамытуға үлкен үлесін қосуда. Осы уақытқа дейін жас суретшілердің жеке көрмелері мен қолөнершілердің жәрмеңке көрмелері өткікізіліп отырады. Қолөнер бағытында шәкірттерге он түрлі шеберлік сабақтарын өтіп, осы күнге дейін жүзден аса шәкірт тәлім алып шыққан екен.

Өнер – қанмен келетін қасиет. Болатбектің бабасы Бейсбек Оңтүстік өңірінде өте танымал шебер болған кісі. Осы атадан балаға мирас болып келе жатқан киелі өнер Болатбектің өзіне және жанұясына да дарыған екен. Қазақ халқы ежелден өнерлі оған дәлел, көшпенді халық төрт түлік малды толығымен игерген. Жүнін, тері-былғарысын, мүйізін, сүйегін, етін, сүтін толық пайдалана білген. Жесе – ас, кисе – киім және де өмірге керектінің бәрін тіршілігіне ыңғайлап кәдеге асырып отырған.

Болатбек кескіндемеші суретші және қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысады. Жас жеткіншектерге сурет пен кескіндемеден дәріс береді. Жұбайы Күләш Айдарбекова жүннен бұйым жасау технологиясының шебері әрі аяқ киім, шарф, бас киім, сыртқы киімдер, сырмақ, кілем тоқу және алаша тоқудан шәкірттер дайындайды. Ұлы Берік Бейсбеков былғары шебер­ханасының хас маманы. Оның қолынан шық­қан күмістелген ер-тоқым, қалқан, найза, қамшы және басқа да шығармашылық жұмыстарын көріп, тәнті боласың.

Келіні Мадина Ахметова мен қызы Венера Бейсбекова көркем тоқыма саласында елеулі еңбек атқаруда. Екеуі де республикалық «Шебер қолдар» байқауының жеңімпазы және «Шабыт» фестивалінің дипломанты.

Ақбота Болатбекқызы Академиялық инновациялық университетінің «Сызу және сурет» мамандығын бітірген. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Пырақтылар мекені» атты киімдер коллекциясының авторы. Халықаралық «Авангард» атты киімдер байқауының дипломанты.

Отбасының кенжесі Арайлым Бейсбек 2017 жылы Жүргенов атындағы көркемсурет академиясының «Интервер дизайнері» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. Алматы қаласында «Бөбек» қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Менің Қазақстаным» атты плакаттар байқауының жеңімпазы. Алматыда өткен «Дизайн аптасы» байқауының дипломанты.

Қазақстан қолөнер шеберлерінің «Шебер» байқауының жеңімпаздары ретінде Бейсбековтер отбасы көптеген алыс-жақын шет елдерде болып қайтқан. Атап айтқанда; Өзбекстан, Қырғыстан, Түркия, Түркменстан, Малайзия, Индия, Вьетнам, Тайланд және Қытай елінде дүниежүзілік қолөнердің 50 жылдық алтын тойына қатысыпты.

«Шетел шеберлерімен тәжірибе алмас­қанда түйгеніміз, ата-баба төл өнері­міздің жоғары деңгейде екеніне көзіміз жетті.

Біздің өнер туындымыздың көп мағыналы екендігін түсінген шетелдіктер жоғары баға беріп, қызығушылықтарын білдіріп жатады» дейді Болатбек шебер. Ия, шынында да қазіргі қазақ қолөнершілері ата-баба аманатын келер ұрпаққа жеткізетін буын болып табылады. Оны қайта жаңғырту шеберлердің өміріне жетерлік азық. Әңгіменің соңын ұлы Абай атамыздың отыз үшінші қара сөзімен аяқтағым келеді.

«Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулесі сол».

 

Әбдіқадір Дүлдүл

Шымкент

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Now I suggest going to the site ( FreePornHq.Net ) and have a good time you'll find, of course, in the meantime, to please you even more you offer different language options, for example, for German ( Freier Porno ) you may come to the address. But, of course, not just German Portuguese service offer like as T ( Pornografia Grátis ) that the point is to provide enjoyment and to enjoy our page we enjoy doing anyway. Of course, you also we haven't forgotten about that Russian in Russia ( бесплатно порно ) address of our service you can get. In the meantime, our industry is important one of the visitors, we haven't forgotten them either, we have prepared a pretty nice area for the Japanese in this field we hope you'll be glad you our in the Japanese ( 無料ポルノ ) connection using the Japanese, you will be able to get service. We don't have the blog in your opinion? Of course, there's our blog that details more clearly with our content we aim to achieve so to achieve this, se ( Hd Porn ) a snapshot of all the content we have added to our site address address address and are constantly changing as this is given we hope that you'll enjoy our blog. Finally, I want to pass our address to your plurk to address this, we have also updated the snapshot if you want to reach ( Free Porn ) and click the link contact us at the address you instant content update, as well as quality that you can continuously Follow us and a world-renowned social networking plurk to encourage our followers at we hope you will be pleased with all the services. Hopefully you'll have a nice time.