https://www.cialissansordonnancefr24.com/cialis-en-ligne/

ТҮРКІСТАН – руханият ордасы

Түркістан – ұлы әруақтар мекені. Қазақты қазақ етіп қалыптастыратын қаншама хандарымыз бен билеріміз, батырларымыз осында жатыр. Қожа Ахмет Иассауидей дананың денесі тиген қасиетті жердің киесі талайлардың тамырына сан ғасырлар бойы өзек болары хақ.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – «Түркістан – қазақ даласының рухани төрі. Түркістан –дін Исламдағы киелі ордалардың бірі. Түркістан – түркі әлемінің бастау алар түбі. Түркістан – егіз жаратылған қос құрлық – Еуропа мен Азияның арасына жік түсірмей келе жатқан алтын көпір, достық» деген болатын.

 

Түркістандықтар да Мемлекет басшы­сы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын зор ынта­зарлықпен қабылдай отырып, үлкен ау­қымды жұмыстар атқаруда. Ия, «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақыры­бындағы мақала «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәскеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жолдауының заңды жалғасы іспетті. Елбасы айтқандай, ұлттық болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан қазақи салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді, барлық рухани құндылықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастыру деген сөз. Әрине, ұлттық құндылықтардың бәрі жас ұрпаққа отбасынан, балабақшадан, мектептен берілері анық. Қазақтың тек өз төл тарихы, әдебиеті мен мәдениеті әлі талай ұрпақ үшін таусылмайтын қазына екендігі даусыз. Ұрпаққа өнеге болар өзіміздің хан-сұлтан, батыр-бағлан, би шешен, ақын-жазушыларымыз қаншама. Бүгінгі ұрпаққа өз ата-бабамыздың өнегелі тарихын ұсыну – басты парыз.

Осы бағытта еліміздің рухани астанасы көне шаһар Түркістандағы Қалалық «Ардагер Аналар кеңесі» тәрбие, мәдениет, қоғамдық ұйымдар ошақтарымен бірлесе отырып үлкен жұмыстар атқаруда. Түркістан қаласы «Ардагер Аналар кеңесін» бүгінгі таңда Мәдениет саласын көп жылдар басқарған, Мәдениет қайраткері Ұлжан Әбенқызы Мұстафаева басқарып отыр. Кеңестің ұйытқы болуымен түрлі деңгейдегі ресми мәдени іс-шаралар, байқаулар, фестивальдар ұйымдастырылуда.

2017 жыл қасиетті де, қастерлі мерекелерге толы жыл! Түркістан жерінде «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының ашылу салтанаты мен Түркі халықтарының наурыз мерекесіне арналған «Наурызнама» атты салтанатты шарасы өтті. Сол күні дүбірге толы Түркістанның төрінде сөз бастаған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барша жұртшылықты «Түркістан –Түркі әлемінің мәдени астанасы» атанған жылдың басталуымен құттықтап, осы абыройлы міндетті бірлесе өткізуге шақырды.

Осылайша жырақтағы түркітілдес халықтардың басы қосылған жиынға жиырма үш мемлекеттен ат арытып келген бес жүзге тарта қонақ қатысты. Сондай-ақ, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, бауырлас елдердің жоғары лауазымды ресми өкілдері де осы күні Түркістандағы тойдың қадірлі қонағы болды. Келушілер ежелгі қазақ ауылында қазақтың салт –дәстүрлерін дәріптейтін трлі шаралары мен ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыстарды тамашаласа, жастар жағы алтыбақанда сайран салды. Сонымен қоса, мәртебелі меймандар әдеп –ғұрып және салт –дәстүр орталығының қызметкерлері ұйымдастырған тұсау кесер рәсіміне қатысса, өңір басшысы Жансейіт Түймебаев, ҚР Мәдениет және спорт мнистрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және «ТҮРКСОЙ» халықаралық Ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтер түркістандық балдырғанның тұсауын кесті. Түркі тілдес елдерден келген меймандар Түркітсанда өткен осынау «жаңару» күніндегі торқалы тойдан ерекше әсер алып, ұлттық салт –дәстүрлеріміздің тәрбиелік мағынасы тереңде жатқанын жеткізді.

Түркістан орталықтандырылған кітапханалар жүйесі де тәрбие саласы ұйымдарымен бірлесе отырып түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, қала көлеміндегі игілікті істердің ұйытқысы болуда. Қарамағындағы 42 кітапхана –филиалдары Түркі тілдес халықтарының әдебиеті мен мәдениетін насихаттау мақсатында «Түркістан –Түркі әлемі мәдениетінің Астанасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, «Халықтар достығы – әдебиеттер достығы» аясында жыл бойына мәдени шаралар шоғырын өткізуде.

Бірнеше жыл көлемінде «Бір қала – бір кітап», «Бір ауыл – бір кітап» акциясы кітапхана өміріне етене еніп, бір бөлшегіне айналды. Бұл акцияның мақсаты Түркістанның топырағынан нәр алған ақын-жазушыларымыздың бірінің жыл бойына шығармаларын насихаттау.

Үстіміздегі жылы Түркі мәдениеті мен әдебиетін ғылым тілімен жырлаған ғалым, академик, түркітанушы, Түркістанның бірегей ұлы Рахманқұл Бердібайдың шығармашылығы кеңінен насихатталып, ғалымның 90 жылдығына орай еске ала отырып, бүкіл түркі әлемінің мәдени Астанасы болып отырған Түркістан халқына ғалымның Түркі әлеміне сіңірген еңбегін паш етілуде, «Түркіліктің алтын діңгегі» Рахманқұл ағаның «Ел боламыз десек...» атты кітабының өзегі болған елжандылық, тіл мәселесі кеңінен қамтылатын оқырмандар конференциясын, «Бір ауыл – бір кітап» акциясы аясында өмірден өтсе де, көңілден кетпейтін Түркістанның аяулы бір ұлы, ұлағатты ұстаз, тәлімгер, жазушы Ілияс Қожабаевтың 95 жылдығына орай «Көкіректе көп арманды маздатып...» атты тақырып аясында шығармашылығын насихаттауды қолға алып отыр.

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі. Отбасылық құндылықтардың насихаттау мақсатында Ардагер Аналар кеңесінің ұйытқы болуымен «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» атты тақырыпта мәдени іс-шаралар жоспары түзіліп, өткізілуде.

Абай атындағы орталық кітапхананың оқу залында «Отбасы бақыты – келешек кепілі» атты дөңгелек үстел, ақын, жазушы, республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының бас жүлдесін иеленген Бимағанбетовтар отбасының мүшелерімен кездесу, «Ана – шаңырақтың шам шырағы» атты мәдени іс-шаралар шоғыры, «Отбасы – тәрбиенің ұясы» атты ғибрат кеші, «Ата-ананың сөзі – тәрбиенің көзі» атты өнеге кеші,«Балам саған айтам, келінім сен тыңда» атты сыр кеші,«Адамгершілік – асыл қасиет» атты тақырыпта пікір кеші, «Кітап –алтын қазына» атты тақырыпта оқырман Отбасылық байқауы,«Отбасы күні» мерекесіне орай өткізілген «Отан –отбасынан басталады» атты мерекелік кеші болып өтті.

Қалалық білім бөлімі, қалалық ішкі істер бөлімі, мәдениет үйі, кітапхана саласы бірлесе отырып «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» Жол картасы аясында отбасы тұрмыстық саласындағы құқық бұзушылықтың, жасырындылығын және санын азайтуға бағытталған пилоттық жобасы негізінде дөңгелек үстел ұйымдастырды. Осы шарада сауалнама жүргізу арқылы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты зерттеу бойынша жұмыстар туралы Түркістан ҚІІБ-ның аға инспекторы полиция майоры Мария Сартайқызы Досыбекова үлкен мағұлмат беріп өтті.

 Түркістан – ақындар қаласы. Оның орта ғасырдағы тарихында мазарының үстіне Әмір Темір Мавзолей салдырған әулие, ақын Қожа Ахмет Иассауи, ізбасарлары мен мұраттас ақындары – Ахмет Жүйнеки мен Сүлеймен Бақырғанидың даналық, ойшылдық іздері сайрап жатыр. Ресей патшалығының отаршылдығы дәуірінде өмір сүріп, келешекті болжай толғаған, «Зар-заман ақыны» Шортанбай Қанайұлы, одан бергі замандардағы ақындар Мұсабек Байзақұлы /Молда Мұса/ дарынды Зияш Қалауова, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Саттар Ерубаев тарихтан өз орнын алған тұлғалар.

Түркістан ХХ ғасырдың со­ңын­да, ХХІ ғасырдың қазіргі кезеңінде де талантты ақындар­ға кенде емес. Олар қарадауыл Қаны­­бек Сарыбаев, Темірхан Медетбек, Қасымхан Бегманов және тағы бас­қалар.

20 қыркүйек күні қалалық ішкі саясат бөлімі, қалалық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі, Ардагер аналар кеңесі бірлесе отырып, бүгінгі таңдағы өзекті мәселе кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі барасында өз ой-пікірлерін білдіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел барысында жаңғырудың ауадай қажет екендігі, латын әліпбиіне көшуге қатысты үлкен мәселенің бірі – әліпби нұсқасын таңдауы, жаңа тілдік реформалардың басты мақсаты – қазақ тілінің әлеуетін арттыру мақсат екендігі кеңінен әңгіме өзегі болды. Латын әліпбиіне көшу – заман талабына сай бейімделу болып табылатындығы, бұл еліміздегі барша зиялы қауым өкілдері, барша интеллектуал топтарға, жекелеген азаматтарға салынатын орасан зор міндет, ұрпақтық парыз, борыш жауапкершілік екендігі баса айтылды.

Түркістан – рухани құндылықтарымыздың айнасы.

Тарихи қаламызда жас ұрпақтың бойында ұлтымыздың құндылықтарын тереңірек сіңірту мақсатында атқарылар жұмыстардың ауқымы мол.

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Now I suggest going to the site ( FreePornHq.Net ) and have a good time you'll find, of course, in the meantime, to please you even more you offer different language options, for example, for German ( Freier Porno ) you may come to the address. But, of course, not just German Portuguese service offer like as T ( Pornografia Grátis ) that the point is to provide enjoyment and to enjoy our page we enjoy doing anyway. Of course, you also we haven't forgotten about that Russian in Russia ( бесплатно порно ) address of our service you can get. In the meantime, our industry is important one of the visitors, we haven't forgotten them either, we have prepared a pretty nice area for the Japanese in this field we hope you'll be glad you our in the Japanese ( 無料ポルノ ) connection using the Japanese, you will be able to get service. We don't have the blog in your opinion? Of course, there's our blog that details more clearly with our content we aim to achieve so to achieve this, se ( Hd Porn ) a snapshot of all the content we have added to our site address address address and are constantly changing as this is given we hope that you'll enjoy our blog. Finally, I want to pass our address to your plurk to address this, we have also updated the snapshot if you want to reach ( Free Porn ) and click the link contact us at the address you instant content update, as well as quality that you can continuously Follow us and a world-renowned social networking plurk to encourage our followers at we hope you will be pleased with all the services. Hopefully you'll have a nice time.