https://www.cialissansordonnancefr24.com/cialis-en-ligne/

ЖЕРДІҢ АТЫ – ТАРИХ ХАТЫ

Мұсатай ҒАЛЫМҰЛЫ,

Өлкетанушы,

фольклортанушы

ғалым, профессор:

– Қазақтың жер-су аттары халықтың шежіресінен, тарихынан сыр шертеді. Ақмола облысының жер-су аттарына, аңыз, әпсаналары туралы айтыңызшы.

–       Бізден ғылымы, әскери потенциялы басым мемлекеттер бар. Бірақ біз еш мемлекеттің саяси және рухани үстемдігін мойындамауымыз керек, себебі оны мойындаған халық рухани жаңғыра алмайды.

Ақмола облысының жер-су аттары аса бір жақсы деңгейде емес. Осы Көкшетауда Ленинге ескерткіш әлі орталық саябақта тұр. Бір ақын бауырымыз:

Қайранда менің Кенекем,

Құрметің сенің кем екен.

Горький мен Куйбышевтің,

Арналары сенен кең екен, – деп еді.

Кенесарыға қаланың шетінен көше берілген де, Горький мен Куйбышев аты қаланың орталық көшелеріне берілді.

«Жердің аты – тарих хаты» дейді қазақ. Тіпті қаланың орталығында П. Капцевич (1772- 1840) атында көше бар. Ол 1822-28 жылдары Батыс Сібір генерал-губернаторы болып, қазақ жерлерін күштеп тартып алып, қара шекпенділерге бөліп беріп, қазақ халқын хайуандықпен қорлап, патша үкіметінің Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерін отарлауға аса зор үлес қосқан адам.

– Бурабай туралы аңыз-әпсаналарда да шовинизмнің исі аңқып тұр емес пе?

– Бурабай туралы аңыз буклеттерді оқысаң, неше түрлі сорақы, ұлтты қорлайтын сөздерін кездестіреміз. Соның бірі 2016 жылы Ақмола облыстық туризм басқармасы қызметкерлері үш тілде шығарған «Көкше аңыздары» кітабы. Пайдаланған әдебиеттің екеуі қазақша, үшіншісі қазақ тілінен орысшаға аударылған болса да, олар орыс тілінен аудардық деп жазады. Жер атауының аударылмайтынын біле тұра Көкше деген сөзді орысша Синегорье деп қате аударып, ағылшынға Sinegoria деп аудармаған. Патша үкіметі қазақ жерлерін жаулап алғаннан бастап жер-су аттарын орысшаға ауыстырып, аңыздарымызды біздің ұлтқа тән емес аңыздармен алмастырып, санамызды улап келді. Жұмбақтасты – Сфинкс, Жеке батырды – Спящий рыцарь, Көкшетауды – Синегорье, Көкшені – Синюха, Бурабайды – Боровое, Абылай алаңын – Ясная поляна,Тассырғанақты – Чертово катушка, Бөлектауды –Бюлюктав, Аютасты – Пахомовка, Айнакөлді – Щебачье, Тас қамалды – Бастион, Шортандыны – Щучье, Пещера любви, Настасьина гора деп тарихи атауларды бұрмалап, жергілікті ұлттың намысына тиетін аңыздарды қазірде барлық Бурабайдағы экскурсоводтар айтады. Аңыздардың, жер-су аттарының қазақ атынан аласталуы астарында саяси мән жатыр.

Алла тағала жер-жаһанды жаратқанда бір елдерге аса жақсы жерлерді беріп, «Қазақтардың үлесіне ұшы-қиыры жоқ бетегелі боз даланы берген», қазақтар Жаратушыдан жақсы жер сұраса «Құдіреті күшті Құдайым қазаққа үлес бере қоймаған екен» деп жазады кітап иелері. Жаратушы жер бөліп жатқанда сендер қасында ма едіңдер?! Бұл қазақ халқын басқалардан төмендету, қорлау. Құдайдың өзі қаламаған халық едіңдер дегенге келтіру. Бұл бір халықты екінші біреуіне қарсы қоюға әкеледі.

Иншалла, асты құнарға толы, үсті мал мен жанға толы жер берген Құдайға мың рахмет. Кімге не, қанша бергенін бар әлем көріп, біліп отыр емес пе?!

Кітаптағы аңыз бойынша Алдар көсе Жаратушыны алдап, (Астапыралла! Құдайым, кешіре көр!) бізге әдемі жерлер солай бұйырыпты. Құдайды қазақтар алдамағанда бұндай әдемі жер қазаққа бұйырмайтын еді дегені, әрине. Құдай-ай, енді қайттім! Құдайдың бізге бергенін де көре алмағандық қой бұл! Аңыз түбі ақиқат, – дейді халқымыз. Шындық – ойдан шығарудан өзгеше, өйткені ойдан шығару шындыққа ұқсас қалыпта сақталса, шындық ондай емес, – деп еді Марк Твен. Қазір XXI ғасыр, бұл «Пленница (Абылая ) бросилась в озеро Аулиеколь. На том месте возникла скала Жумбактас...», – деп жазады орысшада, қазақшада бұл сөйлем атымен аударылмаған. «Ару қыз құзар шыңның басынан Әулиекөлдің көгілдір тұңғиығына қарғып кетіпті. Сол шыңды содан халық «Оқжетпес» деп атап кетіпті», – деп жазады. Неге «Жұмбақтас» аталғаны айтылмайды. Құзар шыңның басына шығарып оның сөзін микрофонмен айтқызбаса жұрт ести де алмайды ғой, Құдай-ау! Қисын деген болу керек емес пе?! Бұл С. Сейфуллиннің «Көкшетау» аңызы бойынша жазылды депті, ал ол поэма бойынша қалмақ қызы тастың үстінде тұрып жұмбақ айтқан, содан «Жұмбақтас» аталған және ол жұмбақтарды Адақ түгел шешіп, қызға бас бостандығын сыйлағаны белгілі. Бұл классигіміздің атымен жалған сөйлеу ғой!

Биыл біз Мұрат қажы екеуміз үш тілде «Көкшетау аңыздары» деген буклет фотоальбом шығардық. Таралымы аз болса да халыққа пайдасы тигізері анық. Фотоальбомды егжей-тегжейлі зерттеп, қателік жібермеуге, жоғарыда аталған кемшіліктерге жол бермеуге тырыстық.

– Еліміздің табиғаты ұлттық туризмге сұранып тұр. Оны дамыту, тарихи-мәдени орындарды халыққа кеңінен таныстыру жолдары қалай жүзеге асып жатыр? Әсіресе Ақмола облысының табиғаты туристердің қызығушылығын оятып, туризмнің дамуына ерекше үлес қосары анық.

– Біздің Ақмола облысының туризмі, жалпы республика бойынша алда. Астанадан автобан салынған, поезд, ұшақ бәрі бар. Әртүрлі деңгейде, әртүрлі ақы төлеп қысы-жазы жақсы демалуға барлық жағдай жасалған. Қазір Бурабайдан Зерендіге жақсы жол салынып жатыр. Зеренді, тұзды Шалқар көлдері де Көкшетаудан 50-70 шақырым жерде.

Соңғы уақытта біздің өңірге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. «Екінші Швейцария» атанып кеткен Бурабайдың табиғатына тамсанушылар көп. Алыс-жақын шетелдерден, республикамыздың түкпір-түкпірінен де келушілер ағылып жатады. Әсіресе, жаз мезгілінде «Астана-Щучинск» тас жолы салынғалы бері көлікпен келу оңай болды да Астанаға ат басын бұрғандар міндетті түрде Бурабайдың табиғатын көруге келеді. Қазір жекелеген кәсіпкерлер ондағы демалыс орындарын сатып алып, қонақтар мен жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетеді, мейлінше қаржысын қол жетімді еткен. Жазда туристер біздің аймаққа көптеп келгенмен, қыста тас жолды қар басып, қатты боранның кесірінен автокөлікпен жүруге мүмкіндік болмайды. Қарағай мен қайың қаптаған тау, өзен суы, Алланың өзі жаратқан табиғаттың кереметтілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Биыл «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі аясында Ақмола облысына келушілер көп болды. Бурабай тәулігіне 10 мыңнан астам турист қабылдай алады. Ал Халықаралық көрме кезінде бұл аймаққа осыншама туристердің келгені белгілі. Гид-аудармашылардың осы кезде жұмысы жүреді. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Щучинск педагогикалық колледжі 40-қа жуық гид-экскурсовод маман дайындапты. Ақмола облысы аймағында орналасқан туроператорлар бірнеше туристік пакет ұсыныпты. Жалпы деректерге сүйенсек, қазіргі таңда, біздің облыста сегіз жүзден аса туристік ұйым тіркелсе, үш жүзден аса демалыс орны жұмыс істейді. «ЭКСПО-2017» көрмесіне келген қонақтардың бәрін Бурабайда қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, басқа да туристік аймақтарды жаңғыртыпты. Атап айтар болсам, Шабақты көлін жаппай демалыс аймағы, Щучье көлін люкс класты демалыс аймағы, Қотыркөл көлін ат спорты және баланы сауықтыру орталығы, Сарыбұлақ кентін – экоауыл, ал Жөкей көлін кемпинг ретінде қарастырған еді. Аймақтағы туризмді дамыту үшін жеті жүзге жуық тарихи мәдени нысан мен ескерткіш тіркелген болатын. Алайда оларды шетелдіктерге насихаттау жағы әлі де ақсап тұр.

– Әңгімеңізге рахмет!

 

Қ. СЕЙІТХАН

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Now I suggest going to the site ( FreePornHq.Net ) and have a good time you'll find, of course, in the meantime, to please you even more you offer different language options, for example, for German ( Freier Porno ) you may come to the address. But, of course, not just German Portuguese service offer like as T ( Pornografia Grátis ) that the point is to provide enjoyment and to enjoy our page we enjoy doing anyway. Of course, you also we haven't forgotten about that Russian in Russia ( бесплатно порно ) address of our service you can get. In the meantime, our industry is important one of the visitors, we haven't forgotten them either, we have prepared a pretty nice area for the Japanese in this field we hope you'll be glad you our in the Japanese ( 無料ポルノ ) connection using the Japanese, you will be able to get service. We don't have the blog in your opinion? Of course, there's our blog that details more clearly with our content we aim to achieve so to achieve this, se ( Hd Porn ) a snapshot of all the content we have added to our site address address address and are constantly changing as this is given we hope that you'll enjoy our blog. Finally, I want to pass our address to your plurk to address this, we have also updated the snapshot if you want to reach ( Free Porn ) and click the link contact us at the address you instant content update, as well as quality that you can continuously Follow us and a world-renowned social networking plurk to encourage our followers at we hope you will be pleased with all the services. Hopefully you'll have a nice time.