https://www.cialissansordonnancefr24.com/cialis-en-ligne/

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – БАРШАМЫЗҒА ПАРЫЗ

Қазіргі уақытта Жетісу өңірінде Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына байланысты нақты жоспарлар жасалып, оның барынша нәтижелі орындалуына ерекше назар аударылуда. Солардың ішінде «Туған жер» бағдарламасы бойынша қоғамдық сананы жаңғырту, білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу, экологияны жақсартуға және елдімекендерді көркейту, көріктендіру және аббаттандыруға арналған іс-шаралар белгіленген.

 

Дана халқымызда: «Жер бұлағымен сүйкімді. Бұлақ құрағымен сүйкімді» деген сөз бар. Осыған орай, туған жердің табиғатын түлету, оның табиғи байлықтарын сақтау және түрлі апаттардан қорғау мақсатында Алматы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бірқатар игілікті істерді нәтижелі атқаруда.

Иә, Алматы облысы – ежелден қазақтың «Жетісу» деп аталатын жерінің жерұйық – шұрайлы бөлігіне орналасқан. Түгін тартсаң – түбіті, шымын тартсаң – шырыны шығатын өңірдің табиғаты да ерекше. Аспанмен таласқан асқар таулар, айдынды шалқар көлдер, тарпаңдай тулап ағатын тау өзендері жанатты өңірдің көркіне көрік қосып келеді. Облыс айтарлықтай күрделі географиялық сипатқа және саналуан рельефтерге ие. Ал, жануарлар әлемі көптеген биологиялық түрлермен толыққан. Сүтқоректілердің 24 түрі, құстың 35 түрі кездеседі, жорғалаушылар мен балықтар ерекше қорғауға алынған және Республиканың Қызыл кітабына кіргізілген.

Бүгінгі күні облыста мемлекеттік орман қоры 4,1 миллион гектар алқапты алып жатыр. Оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 1,7 миллион гектарды құрайды. Міне, осынау табиғи байлықтарды қорғау мақсатында 15 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері орман қорының күзетiлуiн, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiрудi, орманның пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Сала қызметкерлері қарағай мен қайыңды, шыршалы, бетегелі беткейлерді қорғап қана қоймай, оны молайту және сирек кездесетін ағаш түрлерін сақтау жұмыстарын барлық талаптарға сай жүргізуде. Тек, үстіміздегі жылдың көктем айларында орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен облыстық мемлекеттік орман қоры аумағында 242,5 гектар жерге 967 мың түп қылқан, жай жапырақты қарағаш, Сиверс алмасы, қайың, терек, жиде, Шренк шыршасы сияқты ағаш түрлері отырғызылды.

Сонымен бірге, ағаш көшеттерін дайындау, екпелерді өсіру, сирек кездесетін ағаш тұқымдарын молайту мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 17 орман тұқымбағы жұмыс істейді. Онда 6,4 млн түп алуан түрлі ағаш – бұта көшеттері өсіріліп отыр. Жасыл аймақтарды, саябақтар және гүлзарларды көркейтуге, басқа да елдімекендерді көгалдандыруға, орман тұқымбақтарынан 208,8 мың түп көшет таратылды.

Басқарма қызметкерлері қолданыстағы заң шеңберіне сәйкес табиғи байлықтарды орынсыз пайдаланып, немесе қасақана зиян келтірген адамдарды анықтауда да белсенділік көрсетуде. Мәселен, жыл басынан бері орман заңдылықтарын сақтау бағытында 443 рейд жүргізіліп, 15 заңсыз сүрек кесу оқиғалары анықталған. Оның көлемі 17 текше метрді құрайды. Келтірілген залал толық өндірілді. 15 заңсыз сүрек кесу оқиғалары құқық қорғау органдарына өткізілді. Заң бұзушыларға салынған 791,7 мың теңге әкімшілік айыппұл толық өтелді. Сондай-ақ, орман қоры жерлерінде өз бетімен шөп шабу, мал жаю, техникалық шикізаттармен дәрілік өсімдіктерді заңсыз жинау фактілері орын алған.

Орманшылардың негізгі міндеттерінің бірі – орман қорын күзету және орман өртінен қорғауды қамтамасыз ету. Орман өртінің алдын алу жұмыстарын жүргізу өрт қауіпті маусым басталмастан бұрын іске асырылады. Орман шаруашылығы мекемелері тарапынан өрт қауіпті маусымға дайындық барысында өртке қарсы техниканы, құрал-жабдықтарды жөндеп, жанар-жағар майдың қоры құрылды.

Табиғатты қорғау – баршаның абыройлы міндеті. Сондықтан да, жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы құрылымдары қызметшілерінен, жергілікті ауыл тұрғындарынан құрылған 1693 мүшесі бар ерікті өрт сөндіру жасағы құрылды. Картографиялық сызба бойынша «Қазәуеорманқорғау» мекемесімен әуеден патрульдік бақылау жасалуда. Орман өртін сөндіру тактикасын үйрену және өрт сөндіру кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтау мақсатында облыстың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде төтенше жағдай мамандарымен бірлескен 1 облыстық және 17 аудандық өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Өртке қарсы қызмет мамандарымен, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен, табиғат қорғау және учаскелік полициялармен бірлескен рейдтер ұйымдастырылуда. Мәселен 22 өрт бақылау мұнаралары арқылы тәулік бойы бақылау жүргізіліп, өрт шығу қаупі жоғары учаскелерге арнайы тосқауылдар (шлагбаумдар) қойылған. Оған қоса, тиісті жерлері мемлекеттік орман қорына шектесетін шаруақожалықтарымен, орман қорына демалуға келушілермен орман өртінің алдын алу жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда. Өртке қарсы шараларды насихаттау, аншлаг, панноларды жасау мен орнатуға ағымдағы жылы 3359,3 мың теңге қаражат бөлініп, арнайы медиажоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Ауыл шаруашылық құрылымдарына 786 ескерту берілді, өрттің қаупі жайына арналған 2445 парақша таратылды. Жергілікті тұрғындар мен мектеп ұжымдары арасында 253 дәріс оқылып, бұқаралық ақпарат құралдарында 54 мақала жарияланды.

Жетісудың әсем табиғатын қорғау жұмысына облыс әкімдігі зор қолдау көрсетуде. Атап айтқанда, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері бүгінгі күні 22 өрт сөндіру автокөлігімен, 20 сутаратқышпен, тіркемелі құралмен жабдықталған. Оған қоса, 26 трактор, 141 жүрдек автокөлік, 139 мотоцикл бар. Басқа да қажетті ұсақ-түйек құрал-жабдықтар жеткілікті.

Сондай-ақ, қауіпті жағдай туындай қалған жағдайда дер кезінде жедел хабар беру мақсатында 773 радиостанция тұрақты байланысты қамтамасыз етеді. Ал, орман күзетшілері белгіленген аумаққа байланысты атпен де бақылау жасайды. Қазіргі кезде орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде 46 орманшы, 108 орман шебері, 502 орман күтушісі жұмыс істейді.

Дегенмен, адамдардың немқұрайлығы­нан, немесе өрт қауіпсіздігін сақтамағандықтан өрт ошақтары орын алуда. Өрт тілсіз – жау. Оның кесірінен қаншама өсімдік, аң, құс, тіпті жәндіктер түрлері жойылады. Демек, табиғатқа келетін залал – өлшеусіз.

– Орман шаруашылығы қызметкерлері табиғи байлықтарды сақтауда ырғақты жұмыс істеуде. Алайда, тікелей адамдардың әрекетінен болатын жағдайлар орын алып отыр. Мысалы, үстіміздегі жылдың өзінде жалпы аумағы 5,4 гектар жерді қамтыған 2 ірі орман өрті тіркелді. Олар дер кезінде сөндірілді. Өрт қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін 9 тұлға әкімшілік жауапкершіліке тартылып, орман шаруашылығына келген 567,2 мың теңге шығын толығымен өтелді. Мұндай жағдайлар Күрті және Жаркент орман шаруашылығында қарасты жерлерде орын алды, – дейді Алматы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы К.Жаншабай.

Сонымен қатар, облыстық мекемеге су объектілерін экологиялық талаптарға сай ұстау, олардың ластануы мен құрғауының алдын алу, өсімдік және жануарлар дүниесінің сақталуын қамтамасыз ету, су қорғау аймақтары мен белдеулерін сақтау міндеттері де жүктелген. «Сулы жер, нулы жер» дегендей, облыста ірі 301 су нысандары бар. Атап айтсақ, 2006-2016 жылдар аралығында 192 су объектісіне су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобалары жасалды. Оған арнайы қаржы да бөлінді. Олардың ішінде Балқаш, Алакөл көлдері, Бартоғай, Қапшағай су қоймалары және Іле, Қаратал, Қаскелең, Талғар, Есік, Көксу, Тентек және басқа өзендері ірі су нысандары болып саналады.

Облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен Жетісудағы 21 өзеннің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобаларын жасау жұмыстарына облыстық бюджеттен 31,6 млн теңге бөлінді. Балқаш көлінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында өзендердің арнасын кеңейтіп, аршып тереңдету, механикаландырылған тазарту жұмыстары жыл сайын жүргізіліп отырады. Осыған орай, Іле, Қаратал өзендерінің атырау сағаларын механикалық тазарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде. 2021 жылға дейінгі кезеңде Балқаш көлінің экожүйесін жақсартуға бағытталған өңірлік бағдарламаға сәйкес 7,132 млрд теңгенің кешенді шаралары жасалатын болады. Аталған шаралардың орындалуының нәтижесінде, Балқаш көліне құйылатын судың өтімділігі өседі, ауыл шаруашылығының суармалы жерлерін сумен қамтамасыз ету жақсармақ. Сондай-ақ, балықтың таралуы және уылдырық шашуы, сағадағы өсімдік және жануарлар дүниесінің өсу деңгейі арттырылады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жануарлар дүниесі объектілерінің 2017 жылдың 15 ақпаннан бастап 2018 жылдың 15 ақпанына дейін аулау лимитін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Балқаш көлі бойынша 6992 тонна, Алакөл көлдер жүйесі бойынша 404 тонна, Қапшағай су қоймасына 822 тонна және жергілікті маңызы бар су айдындарына 14,2 тонна балық аулауға рұқсат етілген. Жыл басынан табиғат пайдаланушылардың өтінімдері бойынша 34,4 млн теңге бюджетке төленіп балық аулауға 74, аң аулау үшін 422,26 мың теңге бюджетке төленіп, 12 рұқсат қағаздары берілді.

Аймақта 109 аңшылық шаруашылығы бар. Оларға 4,6 млн гектар аңшылық алқабы бекітілген. Жергілікті жерлерде қасқыр, шибөрі сияқты зиянкес жыртқыштарды жоюға 7,7 млн тенге бөлінген. Жыл басынан орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен 247 зиянкес жыртқыштар жойылды.

Жобаларды экологиялық сараптама бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын береді. Биылдың өзінде 377 нысанға мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы берілді және 484 табиғат пайдаланушыға қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар рәсімделді.

Бұл орайда, Елбасының бастамасымен қолға алынып отырған «Туған жер» бағдарламасына сәйкес алдағы уақытта тек құзырлы мемлекеттік органдар ғана емес, қазақтың ұлы даласының әсемдігін сақтауға, қорғауға әр азамат қалқан болса, қасиетті жеріміз өзінің өскелең ұрпағын әдемілігімен аялай да біледі. Тауы – қамал, суы – нәр, ауасы – жұпар қасиетті жеріміз бүтін болсын дейік!

Ғалым

ЖАЗЫЛБЕКОВ,

журналист

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Now I suggest going to the site ( FreePornHq.Net ) and have a good time you'll find, of course, in the meantime, to please you even more you offer different language options, for example, for German ( Freier Porno ) you may come to the address. But, of course, not just German Portuguese service offer like as T ( Pornografia Grátis ) that the point is to provide enjoyment and to enjoy our page we enjoy doing anyway. Of course, you also we haven't forgotten about that Russian in Russia ( бесплатно порно ) address of our service you can get. In the meantime, our industry is important one of the visitors, we haven't forgotten them either, we have prepared a pretty nice area for the Japanese in this field we hope you'll be glad you our in the Japanese ( 無料ポルノ ) connection using the Japanese, you will be able to get service. We don't have the blog in your opinion? Of course, there's our blog that details more clearly with our content we aim to achieve so to achieve this, se ( Hd Porn ) a snapshot of all the content we have added to our site address address address and are constantly changing as this is given we hope that you'll enjoy our blog. Finally, I want to pass our address to your plurk to address this, we have also updated the snapshot if you want to reach ( Free Porn ) and click the link contact us at the address you instant content update, as well as quality that you can continuously Follow us and a world-renowned social networking plurk to encourage our followers at we hope you will be pleased with all the services. Hopefully you'll have a nice time.