https://www.cialissansordonnancefr24.com/cialis-en-ligne/

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ТАРИХИ ТАҢДАУ

Тарих беттерін парақтай түссеңіз. Қазақ жазуының басынан не қилы заман өтпеді дейсіз! Әу баста А. Байтұрсынұлы қалыптастырып берген жазу үлгісінен айрылғаннан бастап, қазақ жазуы кириллица тұтқынында өмір сүріп келді. Жазу ұлттық үлгіден адасып, орыстақылық кейіпке түсті. Сол үлгімен әлі күнге жүріп келеміз.

Елімізде Тәуелсіздік таңы атқалы бері осы мәселе күн тәртібінен түспей келеді. Бұл заңды құбылыс.

Іргелі ұлттар өмірінде орын алған тарихи оқиғалар көбімізге мәлім. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында Қазақ елінің тархында да осындай іргелі оқиғалар болды. Қайсыбірін еске ала отырған жөн сияқты.

Ең алдымен, Тәуелсіздік қарсаңында «Қазақ тілі» қоғамының құрылып, елім деген азаматтардың ана тілінің жоғын жоқтауға жаппай жұмыла кіріскенін айтар едік.

Ел Тәуелсіздігін жариялап, әнұранын шырқап, көк тудың желбірегенін атар едік.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымызға сауын айтылып, Ұлы көштің қайта жанданғанын қосар едік.

Шегарамызды шегендеп, мемлекеттілігіміздің тұғырын нығайтқанымызды мәлімдер едік.

Ел ордасын ел орталығына көшіріп, сәулеті мен дәулеті келіскен жаңа тұрпатты Астанамызды қалыптағанымызды ауызға алар едік.

Осылардың қай-қайсысынан да кем соқпайтын, ел тарихында тағы бір ұлы өзгеріске, жаңа кезеңге бастайтын айшықты оқиға ретінде қазір қызу қолға алынып жатқан қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру талабын атасақ, ешқандай артық емес деп ойлаймыз.

Әліпби мәселесі басталған алғашқы сәтте-ақ Елбасы бұл мәселемен А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты айналысуы тиіс екенін тапсырған еді. Міне содан бері Тіл білімі институтының ғалымдары бұл мәселемен түбегейлі айналысып келді. Латынға көшкен көрші елдер тәжірибесін жан-жақты зерттеді. Ізденістер жасады. Ғылыми тұрғыдан негіздеуге тырысты. Бұл дұрыс та еді. Өйткені жазу мәселесі кез-келген маманның қолынан келе қоятын шаруа емес. Бұл өмір бойы өзін осы жолға бейімдеп, оның барлық соқтықпалы-соқпақты жолдарынан өтіп, ұлттық мүдде тұрғысына қарай адал ниетпен қызмет ете алатын жандардың ғана айналысатын шаруасы. Жол-жөнекей қосыла кетушілерге жол жоқ. Сондықтан Тіл білімі институты ұсынып отырған жобаны ысырып тастап, ұлттық мүддені емес, басқа бір уақытша табыс көзіне айналдыруға тырысатындарға қолдау көрсетуді тарихи қателік деуге тура келеді. Қазақ жазуын жолға қоюдың реті енді келді ме деген кезеңде тағы да өкініп қалатын түріміз бар.

Алайда ел Елбасыға алаңдауда. Өйткені әлгі санамалап айтылған оқиғалардың барлығының да бастауында тұрған, іске асуына ұйытқы болған – еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Байыптап қарайтын болсақ, жоғарыда аталған шаралардың барлығы да тәуелсіздігімізді тұғырлы, елдігімізді ғұмырлы етуге бағытталған іргелі істер екендігіне, ұлттық мемлекет құру жолындағы қадау-қадау қадамдар екендігіне көз жеткіземіз. Сондай-ақ, бұлар ретімен, сәтімен, уақытымен іске асырылып жатқандығын, бір-бірімен сабақтаса ұласуда екендігін байқаймыз. Бүгінгі күні қызу қолға алынған әліпби ауыстыру мәселесі осылардың логикалық түйіні іспеттес.

Әлбетте, бұл – бір-екі жыл бедерінде кездейсоқ көтеріле қоймаған мәселе. Бұл идеяны тәуелсіздігіміздің елең-алаңында алғаш ауызға алып, жұртшылықтың назарын аударған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Әбдуәлі Туғанбайұлы Қайдар еді. Ол осы бастаманы көтеріп қана қоймай, сонымен қатар оны ғылыми тұрғыдан негіздеп, өзіндік үлгісін де ұсынған болатын. Бұл ұсыныс Елбасының ойымен де ұштасты. Елбасы сол кезден бастап латынға көшу мәселесіне ауық-ауық қайта оралып, ғалымдарға, тиісті мамандарға бұл мәселені жан-жақты қарастыруды, зерттеп-зерделеуді тапсырды. Уақытты асықтырмай, бастаманың табиғи түрде пісіп-жетілуін, оның ғылыми да, экономикалық та алғышарттары мен қажеттіліктері кемеліне келуін, қоғамның да бұл іске дайындығының толық болуын күтті. Бұл мәселе ұзақ уақыт бойы әбден талқыланды, иі қанды. Әсіресе А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мамандары атқарған іс-шаралар ұшаң-теңіз. Өйткені Елбасы бұл шаруамен
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты айналысуы тиіс дегенін қайталап еске аламын. Осынау қажеттіліктердің бәрі сай болғанда, Елбасы тарапынан түпкілікті саяси шешім қабылданды. Сөйтіп, латын қажет пе, жоқ па деген талқылау сатысынан өтіп, нақты әліпби нұсқасын таңдап, бекіту сатысына көштік. Нағыз жауапты сәт енді басталды. Сондықтан бұған асқан байыптылықпен, зор жауапкершілікпен қараудың кезеңі туды.

Өйткені әліпби ауыстыру жай ғана таңба ауыстыру емес. Бұл, түптеп келгенде, сананы өзгертуге талпыныс, жаңаша өмір сүруге деген ұмтылыс. Басқаша айтқанда, бұл сапалық та, саналы өзгеріске бастайды. Сол себепті те бұл істе қателесуге қақымыз жоқ.

Ұлттық жазуымызды өз еркімізге сай, бүгінгі графикалық қажеттіліктеріміз бен болашақтағы мүмкіндіктерімізді ескере отырып жасақтап алу – зор тарихи мүмкіндік. Осы тарихи мүмкіндіктен айырылып қалмауымыз керек екенін баршамыз түсінгеніміз мақұл.

Осы уақыт аралығында латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінің көптеген үлгілері мен нұсқалары әзірленді. Бұған түрлі сала мамандары қатысты. Бұл дұрыс та. Дегенмен, «шымшық сойса да қасапшы сойсын» деген қағидатты да ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан әліпбимен Тіл білімі институты мамандарының айналысуы заңдылық.

Сол көптеген әліпби нұсқалары екшеле келгенде екі бағыттағы жобаның жіктелгені байқалады. Оларды шартты түрде тілшілер жобасы және бағдарламашылар нұсқасы деп бөлуге болатын секілді. Әлбетте, екі тараптың да айтар уәжі, келтірер дәлелі орынды, негізді. Бір жағынан, мұнда дәстүршілдік пен батысшылдықтың да тартысы бой көрсететіндей. Билік тарапы жас өкілдерінің бағдарламашылар ұсынған нұсқаға көбірек бейілді екендігі аңғарылып қалды. Бұл ретте екі нұсқаның, екі түрлі көзқарастың бірін таңдау емес, қабылданған жаңа әліпбидің тіліміздің бар қасиетін толық қамтуы, еліміздің даму келешегін қамтамасыз етуге қауһарлы болуы маңызды. Сондықтан да бізге әліпбидің барша қырын, барша мүмкіндігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін толық ескерген, кемінде алдағы 50-60 жылдай даму болашағымыз жайлы болжамдарды қамтитын, түрлі тараптың көңілге қонымды талап-тілектері мен ұсыныс-пікірлерін қаперге алған жобаны бекітіп, жедел іске асыруға кірісу қажеттігі сөзсіз.

Ол үшін, ең алдымен, латын графикалы қазақ әліпбиін жасақтау тұжырымдамасын әзірлеп, мамандардың жан-жақты талқылауынан өткеннен кейін ресми жоғары деңгейде Елбасының жобасы ретінде бекіту қажет. Бұл тұжырымдама жобасында латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін әзірлеуде басшылыққа алынатын басты қағидаттар тұжырымдалғаны жөн.

Біздіңше, бұлар жалпылама алғанда мынадай басты қағидаттардан тұруы керек:

1. Қазақ тілінің төлтума заңдылықтарын барынша толық қамту.

2. Түркі халықтарынан ірге ажыратпай, ортақ ғылыми-ақпараттық кеңістік құруға мүмкіндік тудыру.

3. Жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін ескеру және соған сай болу.

Міне, осы іргелі үш қағидаттың әрқайсысы өз ішінен шағын көптеген өлшемдерді туындатады. Бұларға жекелеп қыс­қаша тоқталып өтейін.

1. Қазақ тілінің төлтума заңдылықтарын барынша толық қамту дегенді қалай түсінеміз.

Бірінші қағидат, сөз жоқ, ең басты әрі маңызды. Кириллицадан латын жазуына көшудің басты әрі негізгі себебі осы. Егер де жаңа әліпби қазақ тілінің табиғи қалпынан туындап жатқан төл заңдылықтарын ескермейтін болса, онда әліпби ауыстырудың да қажеттігі де, ешбір маңызы да болмас еді. Сондықтан әліпбидің қай нұсқасы болсын, бұл бірінші кезектегі басты талап болуға тиіс. Тіл білімі институты ұсынып отырған жоба осы талаптарға сай жасалған. Мұнда мынадай өлшемдер басшылыққа алынды:

- бір дыбысқа бір таңба;

- қазақ тілінің фонетикалық-фонология­лық, грамматологиялық сипатына толық сай келу;

- ықшамдылық, яғни басы артық әріптерге әліпбиден орын бермеу;

- икемділік, яғни тілдің болашақ даму өрісіне жол қалдыру;

- тұрақтылық.

Әзірше негізгілері осы. Тіл мамандары мұны басқа да қағидаттармен, өлшемдермен толықтыра түсер деп ойлаймын.

Әдетте, батысшылдар ноқаттардан бас тарту үшін роман-герман әліпбилерінің үлгісімен бір дыбысты қосарлама таңбалармен белгілеуді алға тартады. Бұл жерде мына мәселені ескеру керек. Роман-герман тілдерінің барлығы ноқатсыз деу шындыққа сай емес. Айталық, еуропалық тілдер: неміс, испан, португал, итальян, швед, голланд, фин, дат, поляк, чех, т.б. әліпбилерінің барлығы да диакритиканы пайдаланады.

Екіншіден, қазақ тілі өзге де түркі тілдері секілді – жалғамалы тіл (агглютинвативті). Ал роман, герман, славян тілдері – флективті, яғни қопарылмалы тіл. Қопарылмалы тілдерде бір дыбысты бірнеше таңбамен белгілеуге мүмкіндік бар әрі қолайлы да. Түбірі тұрақты жалғамалы тілдер үшін бұл тәсіл ыңғайлы емес әрі тарихи, табиғи түрде бір дыбысқа бір таңба белгілеу үрдісі әбден қалыптасып, орныққан. Сондықтан, бізге осы қағидаттан ауытқымау барынша тиімді.

2. Түркі халықтарынан ірге ажыратпай, ортақ ғылыми-ақпараттық кеңістік құруға мүмкіндік тудыру.

Бүгінде әлемде қырықтан астам үлкенді-кішілі түркі халқы бар, олардың ұзын-саны – 300 миллиондай болады. Бұлар ортақ тарихқа, ортақ сенім мен туыстас тілге ие. Осынау тарихи даму сабақтастығы мен ортақ дәстүрдің Кеңес өкіметінің қасақана араласуының салдарынан үзілгеніне бір ғасырдай уақыт болды. Болашақ – ортақ ақыл-қайрат біріктіру мен ынтымақтастықта. Сондықтан, түркі халықтарының тілдік, мәдени, ғылыми тұрғыда бір-бірімен етене араласуы, ортақ ғылыми-ақпараттық кеңістік қалыптастыруға ұмтылуы – тарихи да, табиғи да, материалдық та қажеттілік. Осы қажеттілікті өтеуде жаңа әліпбидің де рөлі зор болмақ. Олай болса, жаңа әліпби жасақтауда бұл қағидат та бастылардың қатарынан табылуға тиіс.

Бұл қағидаттан туындайтын өлшемдерге мыналарды жатқызамыз:

- түркі халықтарына арнап бекітілген ортақ түркі әліпбиіндегі таңбаларды ескеру;

- латын жазуына көшкен түркі халықтарының тәжірибесін зерделеу, қателіктерін қайталамау;

- ортақ ғылыми термин қор құруға алғы­шарт қалыптастыру.

Тіл білімі институты тарапынан бұл талаптардың да бәрі түгелге жуық ескерілгендей.

3. Жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін ескеру және соған сай болу.

Тіл табиғи, жанды әрі басты құбылыс. Технология тілден туындайды. Яғни, технология – туынды, жасанды жүйе. Демек, тілді, тілдің дыбыстарын бейнелейтін таңбалар жүйесін технологияға емес, технологияны тілге, тілдің табиғи даму жүйесіне бейімдеген жөн. Десек те, жаңа ақпараттық технологиялар, оның құралдары мен тетіктері, ұғымдық аппараты төлтума өнім емес, өзге елдікі әрі халықаралық сипат алғандықтан, оның стандарттарын ескермеу, белгілі деңгейде оған икемделмеу мүмкін емес. Сондықтан жаңа әліпби жобасын жасақтауда бұл фактордың да маңызы бар. Мәселе, мұны қалай, қандай талаптармен ескеруде. Біздіңше, мұнда мынадай өлшемдерге сүйену керек:

- еуропа елдерінің латын жазулы әліпби жүйелерін салыстыра зерттеу;

- латын жазуын пайдаланбайтын іргелі елдердің – қытай, жапон, араб, үнді елдерінің әліпбилерін және оның ақпараттық технологияға иемделуін зерделеу;

- техникалық, экономикалық тұрғыдан барынша тиімділікті басшылыққа алу;

- ықшамдылық, көрнекілік, ыңғайлы­лық, тиімділік қағидаттарын ұстану.

Осы айтылған талап-тілектер негізін түбегейлі ескерген А.Байтұрсынұлы атын­­­дағы Тіл білімі институтының мамандары Тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіз жазу нұсқасын тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың үлгісі ретінде ұсынуды жөн көреді. Өйткені бұл үлгі Елбасының нақты тапсырмалары негізінде жасалып отыр.

Қысқасы, Егемен ел болу үшін, оның егемен тілі болу керек, Егемен тілі болу үшін, оның егемен жазуы болу керек, Егемен жазуы болу үшін, оның егемен әліпбиі болуы керек, егемен әліпбиі болуы үшін, ол Ұлттық болу керек дейді тілшілер. Еліміз егемен елдіктің басты шарттарының бәрін орындады. Қазіргі жетпей тұрғаны – жазу (әліпби) егемендігі. Қазақ жазуы (әліпбиі) саяси өктемдік салдарынан әлі шыға алмай отыр. Ал бүгінгі мүмкіндікті ұлттық мүддеге сай пайдалана алмасақ біздерді тарих кешірмейді.

 

Өмірзақ Айтбайұлы,

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі

институтының Бас ғылыми қызметкері,

филология ғылымдарының докторы,

 профессор, ҰҒА-ның академигі

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Now I suggest going to the site ( FreePornHq.Net ) and have a good time you'll find, of course, in the meantime, to please you even more you offer different language options, for example, for German ( Freier Porno ) you may come to the address. But, of course, not just German Portuguese service offer like as T ( Pornografia Grátis ) that the point is to provide enjoyment and to enjoy our page we enjoy doing anyway. Of course, you also we haven't forgotten about that Russian in Russia ( бесплатно порно ) address of our service you can get. In the meantime, our industry is important one of the visitors, we haven't forgotten them either, we have prepared a pretty nice area for the Japanese in this field we hope you'll be glad you our in the Japanese ( 無料ポルノ ) connection using the Japanese, you will be able to get service. We don't have the blog in your opinion? Of course, there's our blog that details more clearly with our content we aim to achieve so to achieve this, se ( Hd Porn ) a snapshot of all the content we have added to our site address address address and are constantly changing as this is given we hope that you'll enjoy our blog. Finally, I want to pass our address to your plurk to address this, we have also updated the snapshot if you want to reach ( Free Porn ) and click the link contact us at the address you instant content update, as well as quality that you can continuously Follow us and a world-renowned social networking plurk to encourage our followers at we hope you will be pleased with all the services. Hopefully you'll have a nice time.