«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ОБЛЫСТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ

 Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына, «ЭКСПО–2017» Ха­лықаралық мамандандырылған көрмесіне, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы ОҚО əкімдігі, облы­стық мəдениет басқармасы жəне Созақ ауданы əкімдігінің ұйымдастыруымен Созақ ауданында өтті.Аталған дәстүрлі байқау 1992 жылдан бері Шымкент қаласында өткізіліп келсе, былтырғы жылы об­лыстық мəдениет басқармасы, Отырар ауданы əкімдігінің бастамасымен тұңғыш рет Ш.Қалдаяқовтың туған

топырағы Отырар ауданында ұйымдастырылған болатын. Шəмші өскен өңірден бастау алған ба­стама Созақ ауданында жалғасын тапса, келесі жылы Төлеби ауданында өткізу жоспарлануда.

Байқаудың мақсаты – композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын, оның ішінде туған жерге арналған патриоттық әндерін насихаттап дәріптеу, халық арасында ән өнерін дамыту, қа­зақ әндерін орындаушылар арасынан жас талант иелерін анықтап кәсіби бағдар беру, жеке шығар­машыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету, әншілердің орындау шеберліктерін арттыра оты­рып, оларға қолдау көрсету және отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу болып табылады.Дәстүрлі өнер додасының бірінші кезеңдеріне облысымыздың аудан, қалалары мен оқу орындарынан 15-29 жас аралығындағы жүзге жуық үміткер қатысып, ақтық кезеңге жиырма алты үміткер жолдама алған болатын. Байқауда композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі қазылар алқасына төрағалық етсе, ҚР Мә­дениет қайраткері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Жұбаныш Жексенұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық опера және балет театрының директоры Әбдіхан Бескемпірұлы, Қа­зақстан Композиторлар Одағының мүшесі, ОҚО композиторлар қауымдастығының төрайымы, халықа­ралық, республикалық байқаулардың лауреаты, композитор Құралай Шайзадақызы, ҚР Мәдениет қай­раткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, жазушы-журналист Тайжан Бахтияр өнер додасына төрелік жасады. Қазылар алқасының шешімімен Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық əн байқауының бас жүлдесін Шымкент қала­сынан «Сарын» тобы иеленді.

Бірінші орынға Созақ ауданынан Жұмашева Ақерке лайық деп танылса, екінші орынмен шардаралық Қожаназарова Қаламқас марапатталды. Шымкенттік үміткер Әлжан Нұрлыбек үшінші орынды иемденді.

Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының арнайы жүлдесімен шым­кенттік «Арбат» тобы, Созақ ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен Жеткербаев Роберт, «АҚМАҢДАЙ­ЛЫМ» жүлдесімен Мақтарал ауданынан Қалдыбай Малика, «АҚСҰҢҚАРЫМ» жүлдесімен Шымкент қаласының қатысушысы Әлімханов Санат, «Бәрінен де сен сұлу» жүлдесімен Созақ ауданынан «Ша­быт» квинтеті, «Ең жас орындаушы» жүлдесімен Бəйдібек ауданынан Сыдықов Асан марапатталды.

Созақ аудандық «Достар» орталық стадионында өткен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен га­ла-концертке облыс əкімінің орынбасары Сəдібеков Ұласбек Сəдібекұлы қатысып, ұлы композитор атын ұлықтайтын дүбірлі тоймен құттықтап, байқаудың бас жүлде және бірінші орын иегерлеріне Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық «Менің Қазақстаным» ән фестиваліне қатысуға жолдама табыстап, облыс намысын қорғайтындықтарына сенім білдірді.

Байқау аясында «Мыңжылқы» аудандық мәдениет сарайында «Теріскей, айналайын келбетіңнен...» көрмесі де көпшілік назарына ұсынылды.

 

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30