ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

Дәстүрдің аясы өте кең. Бұл ғасырлар бойы қалыптасып, толысып, кемеліне кел­ген бабалар жолы. Дәстүрдің өзі сан түрлі тармаққа бөлінеді. Соның бірі, жыршылық, әншілік, күйшілік дәстүр. Кезінде бұл үш өнер түрі бір адамның бойынан табылға­нымен уақыт өте бұлардың өзі салаланып, әрқайсысы жеке-жеке өнер болып қалып­тасты. Халық өзі жасаған дәстүрлі өнер түрін уақыт өткен сайын дамытып, сүзгіден өткізіп, жас буынға үйретті, насихаттады, аманат етті. Осылайша, асыл өнер бүгінге жетті.

 

Халық музыкасы және оны орындаушы­ларға байланысты «Қазақстанның музы­калық мәдениетінің бай мұрасын сақтап қалу және дамыту үшін композиторлар мен дәстүрлі және классикалық музыка орындаушыларын, дарынды халық орын­даушыларын қолдау жөнінде пәрменді шаралар қажет», – делінген ҚР Мәдени са­ясатының тұжырымдамасында. Шынында, Үкімет тарапынан дәстүрлі музыка өнеріне, оны дәріптеп келешекке жеткізуші өнер­паздарға қамқорлықтың қажет екені шын­дық. Тұжырымдамада көрсетілген ұлттық өнерді дәріптеуге байланысты пәрмен­ді шаралар, біріншіден, дәстүрлі музыка өнеріне көрсетілген құрмет, бабалар ама­натына деген адалдық. Екіншіден, халықты ұлттық рухани қазынамен сусындатып, түптамырдан ажырап қалмауына септі­гін тигізуде, жас буынды ұлттық болмыста тәрбиелеуде дәстүрлі музыка өнеріне тең келер тәрбие құралы жоқ.

Халық арасында қалыптасқан «Дәстүр­лі өнер тек халыққа ғана керек, билік үшін ең маңыздысы бұл емес» деген қа­саң пікірдің бүгінде көбесі сөгілді. Бұған елімізде соңғы жылдарда дәстүрлі өнер­ге көрсетіліп жатқан қамқорлықтар дәлел бола алады. Тәуелсіздік алғаннан бері қа­рай «өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп», ұлттық болмысымызды қайта тапқан күн туды десек те, дәстүрлі музыка өнеріміз өз дәрежесінде кең қанат жая алмаған еді. Жыр-термеміз бен ән-күйіміз әр ай­мақта өтетін конкурс, жиындарда орын­далғанымен ол тек сол аймақтағы көрер­менге ғана жетті. Бір ғана айтыстан басқа, дәстүрлі өнер мерекелері республикалық телеарналардан көрсетіліп, жалпы ха­лыққа таратыла бермейтін. Әрине, кейбір арналарда жиырма минуттық-жарты сағат­тық бағдарламалар болды. Мұндай көлемі аз, әрі сирек көрсетілетін бағдарламалар халықтың ұлттық өнерге деген сұраны­сын қанағаттандыра алмады. Көрермен бұл олқылықтың орнын эстрадамен, одан қалды батыстың жеңіл-желпі даңғара әу­ендерімен толтырды. Бір сөзбен айтқанда, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары деп атала­тын алмағайып заманда біз халқымыздың өз ұлттық өнеріне деген қызығушылығын, ата-дәстүрге деген құрмет пен ықыласын жоғалтып алар күйге жеттік. Әлбетте, мұ­ның бәрі дәстүрлі өнердің дәріптелуінің аздығынан еді.

Азаттыққа қол жеткізгелі біршама уақыт өтіп, еліміз еңсесін тіктеді. Дамудың даңғыл жолына түсіп, Тәуеліздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміз бен кемшілік­терімізді саралап, қарадық. Осы тұста бұрын ескерілмей, назардан тыс қалған дүниелерге жаңаша көзқараспен қарай бастадық. 2014 жылы ҚР Мәдени ссаяса­тының тұжырымдамасы қабылданды. Ол мәдени саланы дамыту ісіне тың өзгері­стер әкелді. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығының тойлануы еліміздің та­рихқа, руханиятқа деген өзгеше ұмтылы­сын көрсетті. Халық санасында серпіліс пайда болды. Мемлекет көлеміндегі ме­рейтойда дәстүрлі музыка өнеріміздің де өрісі кеңейді. Сол жылы ұлттық өнерді дәріптейтін біраз шаралар өтті. Ізін ала, 2016 жылы Алматы қаласында «Алатау» дәстүрлі өнер театры ашылды. Бұл ұлт­тық өнерге деген үлкен қамқорлықтың көрінісі еді. Олай дейтініміз, Қазақстан Республика болып қалыптасқан ХХ ғасыр мен бүгінге дейінгі аралықта халық му­зыкасын насихаттайтын, дамытатын дәл мұндай өнер орталығы болған жоқ. Енді дәстүрлі өнерді өркендетуге мүмкіндік­тің үлкен жолы ашылып отыр. Астанадан, еліміздің басқа да өңірлерінен де осын­дай театрлар ашылмақшы. Бұл – алдағы күннің ісі. Жоғарыда атап өткен «Алатау» театрында аз ғана уақыттың ішінде атқа­рылған істердің өзі көңіл қуантарлықтай. Атап айтсақ, 28-ші бүкіл (әлемдік қысқы Универсиада тұсында әншілік және күй­шілік мектептерінің концерттері өтті. Арқа, Сыр, Батыс, Алтай-Тарбағатай, Жетісу өңір­лерінің өнер майталмандарының концерт­тері, елімізге танымал дәстүрлі әнші-күй­шілеріміздің шығармашылық кештері тоғыз күн бойы күн құрғатпай жалғасты. Небір терме-толғаулар, ән-күйлермен бірге желілі жыр-дастандардан үзінділер орындалды. Бүкіләлемдік Универсиада тәрізді айтулы шара кезінде алматылықтар, қала қонақта­ры мен шет елдік меймандарға ұсынылған ұлттық музыканың жақұттары еді бұл. Бұ­дан кейін де дәстүрлі өнерпаздарымыздың жекелеген шығармашылық кештері, айтыс, ән-күй мерекелері көптеп өткізіліп келеді. Жақында, Астана күніне орай өткен «Ұлы Дала елі» фестивалінде Өзбекстан, Қырғы­зстаннан және еліміздің әр аймақтарынан келген орындаушылар өнер көрсетті. ЭКС­ПО-2017 халықаралық көрмесінде Респу­бликаның барлық облыстарының филар­мониялары Астанаға келіп, ұлттық өнердің маржандарын шет елдік тыңдарманға паш етті. Мұның бәрі соңғы уақыттарда дәстүр­лі музыка өнерінде болып жатқан оң бет­бұрыстың белгісі. ҚР Мәдени саясатының тұжырымдамасындағы «Қазақстан бәсе­кеге қабілетті 30 елдің қатарына мәдениет пен өнердегі дамудың жоғары деңгейімен кіреді» деген мақсаттың орындалуы үшін жасалып жатқан шаралар деуге болады.

Биылғы жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық мәдени құндылықтарды жаңғыртуға ба­сымдық берді. «2017 жыл жер жүзіне мә­дениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды айқындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ. Содан соң бірегей бағдарламаны 5-7 жылда тыңғылықты жүзеге асырамыз. Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін бо­лады», – деді Мемлекет басшысы. Әрине, Елбасымыз айтқандай әлемге танытар бол­сақ, төл мәдениетімізде жұртшылық тамса­нып, таңдай қағар мұраларымыз аз емес. Мәселен, жыршылық дәстүрді алайық. Басқасын қоспағанда, бір ғана жыршылық дәстүріміздің өзі тұнып тұрған мәдениет. Жырдың көлемі, мазмұн-мағынасының те­реңдігі туралы әңгіме бөлек. Жыршылық дәстүрдегі мақам саздардың өзі жеке қа­зына. Жыршылар шығармашылығындағы дидактикалық сарындар, тарихи әңгімелер, мұның бәрі үлкен тәрбиенің бастауы. Жыр­шылық дәстүрге тек өнер ретінде ғана қа­рап, музыкалық, әдеби мұра деп білу аздық етеді. Жырда тарих, сөз өнері, саз өнері, ұмытыла бастаған салт-дәстүрлеріміз, эт­нографиялық атаулар, діни таным, адами құндылықтар тәрізді мол қазынаны ішіне бүккен тұтас мәдениет жатыр. Жоғымызды іздеп, түбін қазар болсақ, жыршылық өнер­ден бұлардан басқа да талай құнды дүние таба аламыз.

Мұндай дәстүрлі өнер мұралары өзінің лайықты бағасына ие бола бастады. Жақын уақыттарда желілі жыр-дастандарымыз үл­кен сахналарда, мемлекеттік мерекелер­де орындалып, эфирден сағаттап беріліп, әлем жұртшылығын таңдай қақтырар ға­жап өнердің қатарынан орын алатынына сенім мол.

Н. КАМАЛ

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30