АБАЙ АУДАНЫНДА...

Биыл заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың туғанына 120 жыл толып отыр. Осыған орай жазушы мерейтойы аясында, ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлына аудан орталығынан еңселі ескерткіш ашылды. Ескерткіш Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы негізінде қолға алынған шаралардың бірі.

Қыркүйек айының басында Абай ауданының шақыруымен «М. О. Әуезовтің 120 жылдығы мен Құнанбайға қойылар ескерткіштің қатынастым. Шығысқа барған бірінші күні-ақ Қоңыр әулиеге жүріп кеттік. Шыңғыс та

уын аралап, екі сағаттай жүріп, келген бойда «Қоңыр әулие» үңгірінің астына түстік. Биыл обылыс әкімі Д. Ахметовтың ұсынысымен басын жөндеп, Ағаш баспалдақтан жолын жасап жүруге ыңғайлы етіпті. Тау астында Үш көл бар көрінеді. Жалпы «Қоңыр әулие» үңгірі бүгінге дейін зерттелмеген екен. Бұрын полигонның әсерімен ұзақ жылдар жабық аймақ болыпты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», – деп атап көрсеткен болатын.

 Ақшоқыдағы «Құнанбай» қорығына келіп, мұнда Құнанбай, Әуез, Әбдрахман, Мағауия, т.б. бірталай адамдар тастан тұрғызған қорғанның ішінде жатыр екен. ҚҰРАН оқып, біраз әңгіме-дүкен құрдық та, бірден Абай мен Шәкәрім және Зере мен Ұлжанның басына беттедік. Жол жөнекей Семейден әкеле жатқан машинаның үстіндегі – Құнанбай ақсақалдың бейнесін бірінші болып көргенімізді жақсылыққа балап, көңілді күймен Жидебайға жеткен бойда алдымен Зере мен Ұлжан аналардың басына келіп Құран оқып суретке түстік. Содан келіп Абай мен Шәкәрімнің бастарына тағзым етіп дұғамызды оқыдық.

Сондай-ақ осы мерейтой күні белгілі қаламгер Əсет Мырзақасымның «Дала данышпаны – Құнанбай» атты жинағының тұсауы кесілді. Әсет Медеуханұлының бұған дейін «Ұлы Абай елінде» және «Абайдың әдеби хатшысы», «Абай аманаты» атты кітаптары жарыққа шығып, оқырманның ыстық ықыласына ие болғанын білеміз. Кітаптың авторы, қаламгер Әсеттен кейін маған сөз берілді.

Мен болып жатқан мерекемен байланыстыра келіп, қысқаша ғана «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі» жайында айтқанымды тыңдарман аса жылы қабылдап, сұрастырып жатты. Бірден алып келген «Ұлт тағдыры – Ұрпақ тәрбиесінде» атты кітабымның төрт данасын кітапхана қорына сыйға ұсындық. Жыйын осымен тәмәмдалып, бірден Құнанбайдың ескерткішін ашуға бардық.

 «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде іскер азаматтар мен қарапайым халықтың қолдауымен аға сұлтан Құнанбайға қойылды бұл ескерткіш, сәулет туындысы Балқаш мысынан жасалған, тұғыры – табиғи тас, салмағы – 12 тонна екен.

Ауданның «Мәдениет залында» концерт беріліп, одан шығысымен ауыл сыртына арнайы тігілген киіз үйлерде аруаққа арнап Ас дастарқанын жайды. Астан кейін жыйналған Халық Ат жарысын бәйгені тамашалауға қалды да... біздер (Анарбак, Роза, Совет-Хан) еш кідірместен Жидебайға келіп, өткен жолы кеш батып кеткендіктен көре алмаған Абай музейін аралап, арнайы жазып әкелген - «Ұлт тағдыры - Ұрпақ тәрбиесінде» - атты кітаптың бір данасын ескерткішке тапсырдық.

Тәрбиенің төресі – еңбек

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығы бойынша қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» деп белгіленді. Атаулы мерекеге орай, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ұйымдастыруымен жастарға отбасылық еңбек құндылықтарды жеткізе отырып, еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Еңбек – жалпыға ортақ құндылық» тақырыбында кездесу кеші өтті.

Оған Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Ақтөбе облысы бойын­­ша департаментінің әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас­шысы Қ. М. Өтемұратов; Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы Ә. А. Жолмұратова; Үздік еңбек әулеті – Кучербаевтар отбасы қатысты.

Шарада Қ. М. Өтемұратов жастарға халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы туралы айқындап, еңбекті қорғау, еңбекті кұрметтеуге тәрбиелеу керектігіне тоқталды. Ә.А.Жолмұратова орталықтың қызметін, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Жастар тәжірибесі» өз бетімен өмірге аяқ басқан жасұрпаққа қатысты мемлекеттік бағдарламалар жөніңде толығырақ айтып етті.

Сондай-ақ, еңбек әулетінің бір өкілі, төрт ұрпағы теміржол қызметті жалғастырған, еңбек саласында елеулі із қалдырған, өз сүйген мамандықтарына балаларын баули білген Үздік еңбек әулеті – Юрий Сисенғалиұлы мен Ақжида Адекқызы Кучербаевтар өз отбасыңыздағы ұрпақ сабақтас­тығы, еңбек жолында болған қиын және қызықты кезендер туралы сөз етіп, ерінбей еңбектенудің арқасында ғана жетістікке жетуге болатынын жастарға айтып, болашақ мамандарды білімдерін шыңдауда аянбай еңбек етуге шақырды.

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің 1 курс студенті Қоғабаева Ажар және Қазақ гуманитарлық заң университеті колледжінің 2 курс студенті Ибраев Ернар қонақтарға ән шашуларын тартты.

Студент жастары сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар, «Еңбек ер атандырады» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.

 

Лиза ҚАРАҒОЙШИНА,

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе

облыстық әмбебап ғылыми

кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімшесінің меңгерушісі

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30