Тәрбиенің төресі – еңбек

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығы бойынша қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» деп белгіленді. Атаулы мерекеге орай, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ұйымдастыруымен жастарға отбасылық еңбек құндылықтарды жеткізе отырып, еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Еңбек – жалпыға ортақ құндылық» тақырыбында кездесу кеші өтті.

 

Оған Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Ақтөбе облысы бойын­­ша департаментінің әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас­шысы Қ. М. Өтемұратов; Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы Ә. А. Жолмұратова; Үздік еңбек әулеті – Кучербаевтар отбасы қатысты.

Шарада Қ. М. Өтемұратов жастарға халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы туралы айқындап, еңбекті қорғау, еңбекті кұрметтеуге тәрбиелеу керектігіне тоқталды. Ә.А.Жолмұратова орталықтың қызметін, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Жастар тәжірибесі» өз бетімен өмірге аяқ басқан жасұрпаққа қатысты мемлекеттік бағдарламалар жөніңде толығырақ айтып етті.

Сондай-ақ, еңбек әулетінің бір өкілі, төрт ұрпағы теміржол қызметті жалғастырған, еңбек саласында елеулі із қалдырған, өз сүйген мамандықтарына балаларын баули білген Үздік еңбек әулеті – Юрий Сисенғалиұлы мен Ақжида Адекқызы Кучербаевтар өз отбасыңыздағы ұрпақ сабақтас­тығы, еңбек жолында болған қиын және қызықты кезендер туралы сөз етіп, ерінбей еңбектенудің арқасында ғана жетістікке жетуге болатынын жастарға айтып, болашақ мамандарды білімдерін шыңдауда аянбай еңбек етуге шақырды.

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің 1 курс студенті Қоғабаева Ажар және Қазақ гуманитарлық заң университеті колледжінің 2 курс студенті Ибраев Ернар қонақтарға ән шашуларын тартты.

Студент жастары сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар, «Еңбек ер атандырады» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.

 

Лиза ҚАРАҒОЙШИНА,

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе

облыстық әмбебап ғылыми

кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімшесінің меңгерушісі

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30