Достықтың киелі бесігі

Мемлекетіміз тәуелсіздігін алғалы бері татулық, бірлік, келісім сынды құндылықтарды ту етіп, көтеріп келеді. Еліміздің осы жылдар ішінде жеткен жетістігі тұрақтылық пен бейбітшіліктің арқасында болса, оның негізі Елбасы айқындаған этносаралық келісім мен бірліктен бастау алады. Бүгінгі күні Қазақстанда әлемде теңдессіз саналатын татулық пен бірліктің, көпэтникалық қоғамдық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасқаны баршаға аян.

Бірлік пен татулық тәлімінің қазіргі көп этносты Қазақстан жағдайында маңызы ерекше. Мемлекет құраушы, елдің, жердің иесі ретінде қазақ халқы өзге ұлттар мен ұлыстарға оның асқан үлгісін көрсетіп келеді

десек артық емес. Тарихымызға үңілсек, оған анық көз жеткізе аламыз. Қиын-қыстау кезеңге тап болған өзге этнос өкілдеріне қамқорлық танытып, мейірімін аямаған қазақ халқы тағдырдың тауқыметімен жер аударылып келген түрлі ұлт өкілдеріне төрден орын беріп, бір үзім нанын бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың өткен және бүгінгі буыны шексіз риза. Қазақ жерінде қазір 130-тан аса ұлт пен ұлыс өкілі өмір сүріп жатыр. Ал, Алматы облысында 105 этнос өзара ынтымағы жарасып, тату-тәтті өмір сүруде. 23 облыстық этномәдени бірлестік пен олардың аудандардағы 38, қалалардағы 10 филиалы барлығы 71 этномәдени бірлестік тіркелген. Еліміздегі этностарға өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүрлерін сақтауға лайықты жағдайлар жасалған. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында тұрақты негізде ғылыми-сараптамалық топ, этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың клубы, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Аналар кеңесі», «Облыстық Қоғамдық келісім кеңесі» және «Бірлік» жастар қауымдастығы, «Парасат» тіл жанашырлар клубы, «Өрнек» би ансамблі, «Полония» вокалды тобы, «Көркем-ай» өнер-тәлім отауы, «Вайнах» шешен-ингуш ән-би ансамблі, «Melоdi Kids» ән студиясы жұмыс істейді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығы» қызметінің тағы бір басты саласы – жастардың бойына отаншылдықты сіңіру, рухани-ағартушылық бағыттағы жобалар мен ұлттық салт-дәстүр, мәдени мұраны сақтау, ұлттық құндылықтарды өнеге ету арқылы өңірдегі тұрақтылық пен достықты қамтамасыз ету.

Қазақстан халқының бірлігін нығайту, аймақтық Ассамблеялармен мәдени байланысты дамыту мақсатындағы «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мега жобасы, «Жібек жолындағы сұхбат» халықаралық мәдени жобасы, Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметіне арналған «Ауылым – алтын бесігім» облыстық форумы, халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Талаптыға нұр жауар», Қазақстандық отбасы күніне арналған «Ортақ шаңырақ аясында» фестивальдері мен 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Өнерім-өмірім», Тұңғыш Президент күніне арналған «Елім деп соққан жүрегі» байқауларын өткізу дәстүрге айналды.

Өзге этностардың қазақ тілін меңгеруіне методикалық көмек көрсететін Мемлекеттік тілді дамыту бағытында ұйымдастырылып тұратын жұмыстардың да этносаралық қарым-қатынасты дамытуда өз үлесі баршылық. Мәселен, 2008 жылдан бері жұмыс істейтін тілдерді оқыту орталығында жыл сайын 40-тан астам өзге этнос өкілдері қазақ тілін оқып, меңгеріп шықса, қазақ тілін еркін меңгерген түрлі этнос өкілдерінен құралған «Парасат» тіл жанашырлары клубымен бірлескен рухани-ағартушылық жобалар жүзеге асырылуда.

Соңғы жылдары өңірімізде тұратын түрлі этностардың мәселен, поляк, қытай, орыс, корей, татар, болгарлардың тарихи отаны болып есептелетін мемлекеттердің елшілік өкілдері өз диаспораларымен кездесуі секілді шаралар да тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

2015 жылы Ресей мемлекетінің Барнауыл қаласында Алтай мемлекеттік университетінде этнограф, фольклорист, саяхатшы, ағартушы, зерттеуші Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған іс-шаралар кешені ұйымдастырылып, көрермендер «Шағала» би ансамблі, «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің өнеріне тәнті болды.

2016 жылы Қырғызстан мемлекетінің Токмок қаласында өткен қырғыз бауырлармен тәжірибе алмасуға арналған шарада жергілікті халық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының», Алматы облысының шығармашылық ұжымдарының өнерін жылы қабылдады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы еліміздің экономикалық және саяси жетістігін дамытудың рухани бағдарламасын ұсынып отыр. Келешектің жарқын, нұрлы күндері үшін мән-маңызы жоғары міндеттер қарастырылған мақалада айтылған алты бағыттың да өзіндік ерекшелігі бар, әрі бір-бірімен тығыз байланыста. Расында, Президент айтқандай, «еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін» батыстық өмір сүру, ойлау стандарттарын қазақ секілді салт-дәстүрі ерекше халықтарға жаппай таңудың болашағы бұлыңғыр. Біз осы тұрғыда ұрпақ тәрбиесін қатаң түрде қадағалауға мойын бұруымыз қажеттілігі анық. Демек, Рухани жаңғырудың басты шарты – ұлттық менталитетті сақтай білу. Осы тұрғыда қолға алынатын «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламаларды, ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлеу керектігін бір ауыздан қолдаймыз.

Елбасының «Ұлт жоспары:100 нақты қадам», «Болашаққа бағдар:Рухани жаң­ғыруда» көрсетілген ұлт бірлігі мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау бойынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының XХV сессиясында қойылған жаңа міндеттерді облысымызда жүзеге асыруда «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының» да қосар үлесі зор.

2017 жылдың сәуір айынан бастап облыстағы қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен құрылған топ Достық үйінде, аудан, қалаларда, оқу орындарында, әртүрлі ұйымдарда, Елбасының кезекті жолдауын, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша өңір жұртшылығының арасында ақпараттық-насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде.

Жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының жоспарына сәйкес, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен 300-ден аса үлкенді-кішілі іс-шаралар өткізіледі.

Достық пен ынтымақ – бұзылмайтын қорған, жол көрсетер баған десек, осы тұрғыда өңірдегі әрбір диаспора, әр этномәдениет өкілдері өз мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрлерін сақтауға мүмкіндік ала отырып, ел игілігі жолында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға атсалысу арқылы олар Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағының астына тығыз топтаса түсуде.  

Ұлт бірлігін арттырып, өңіріміздің мәртебесін көтеретін, әр ұлт өкілдерін татулық пен бейбітшілікке үндейтін Достық үйіндегі өткізілетін өнеге тұтарлық игі шаралар мен бастамалар, қызықты да қажетті жобалар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

 

Тәңірберген ҚАСЫМБЕРКЕБАЕВ

"Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының" директоры

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30