Сыр өңіріндегі рухани жаңғыру белестері

Мемлекет басшысы сәуір айында өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялағаны баршаға мәлім. Рухани жаңғыру елімізде алдыңғы жүргізілген саяси және экономикалық жаңғырудан кейінгі маңызды қадам. Мақалада айтылған міндеттер, көтерілген мәселелер тәуелсіздігіміздің 25 жылында пайда болған іс емес, бұл Алаш зиялыларының 100 жыл бұрыңғы мақсат-мұраты, халықтың жадында жүрген арман-тілегі. Елбасы бабалар аманатын орындап, қоғамның қажеттілігін әркез бағамдай білетін көреген саясаткер ретінде рухани жаңғыру мақаласы арқылы халық санасын дүр сілкіндіріп отыр. Бағдарлама халқымыздың рухани болмысын түгендеп, тарихи тағылымы арқылы болашаққа деген даму тетігін көрсеткен маңызды саяси-идеологиялық құжат болып есептеледі.

 

Бағдарламалық мақаланы жүзеге асыруда «Туған жер» жобасы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобалары ерекше назарды аудартады. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы әрбір азаматтың туған жеріне, өзі өсіп-өнген өлкесіне көмек жасауға қолдау және оларды ынталандыру, еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді жаңғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, оларды насихаттау, тарихын зерделеуге жол ашылады. Бұл ұлттық бірегейліктің басты тірегіне айналып, жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегі болады деп сенеміз.

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Туған жер» бағдарламаларын іске асыруда бірқатар міндеттер жүктеді.

Облыстық ассамблея рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында құрылған өңірлік жобалық кең­семен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Облыстың маңызды жобалар тізбегіне «Ұлы Дала Елі» тарихи-танымдық экспедициясын ұйымдастыру мен «Өңірлік қайырымдылық жасаушылар форумы» секілді жобалар енгізілді.

Мақаладан туындайтын міндеттерді ілгерілету мақсатында облыс көлемінде 350-ге жуық түрлі форматтағы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ғылыми-сарапшылық топ және қоғамдық пікір жетекшілерінің қатысуымен жоғарғы, арнаулы орта оқу орындарында арнайы дәрістер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, саяси ғылымдарының докторы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың Достық үйінде «Тәуелсіз Қазақстан этносаясатының қалыптасуы» тақырыбындағы дәрісімен қорытындыланды. Дәрісті 300-ге жуық түрлі этнос өкілдері, ардагерлер, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының профессор оқытушылар құрамы, мектеп директорлары мен мұғалімдер, сала мамандары және үкіметтік емес ұйым өкілдері тыңдады.

«Отан оттан да ыстық» дейді халық даналығы. Отанға сүйіспеншілікті дарыта­тын ол – тарих. Ал тарихты білу өзіңді тану­дан басталады. Осы аксиоманы басшылыққа алған облыстық ассамблея «Ұлы Дала Елі» тарихи-танымдық экспедиция­сын ұйымдастырды. Экспедицияның мақсаты «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасы аясында сан алуан этнос өкілдеріне Сыр өңірі мен көршілес облыстардағы киелі жерлерді аралатып, оларға туған өлкенің тарихы мен мол рухани құндылықтарымен сусындату. Жоба жүзеге асыру 2017-2018 жылдар аралығына жоспарланған. Тамыз айында жобаның алғашқы кезеңі басталып Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысының тарихи-мәдени орындарына саяхаты ұйымдастырылды. Экспедиция құрамына этно­мәдени бірлестік белсенділері, облыс­тық ассамблея құрылымдарының өкілдері, сарапшылар, ғалымдар, БАҚ және шығармашылық зиялы қауым, ҮЕҰ өкілдері, жас­тар қатысты.

Экспедиция жұмысы IX ғасырдан XV ғасырға дейінгі кезеңдегі Қазақстан аумағындағы ең ірі, әрі рухани-мәдени орталығы болған Отырар қаласынан бастау алды. Одан әрі Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы мен руһани тәлімгері Арыстан баб кесенесінде болып, өз жұмысын ортағасырлық сәулет өнерінің жарқын үлгісіне айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жалғастырды. Сондай-ақ XIII ғасырдың орта шенінде керуен жолы бойындағы ірі сауда қалашығы Сауран мен Сыр өңіріндегі тарихи ескерткіштердің бірегейі - Қыпшақ хандығының, Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының, кейін Қазақ хандығының астанасы болған, екі мың жылдық тарихы бар көне қала – Сығанақта жалғасын тапты.

Экспедиция қорытындысы бойынша бейне­сюжет түсіріліп, республикалық жә­не жергілікті телеарналарда көрсетілді. Арнайы бейне роликтер, суреттерден фотоальбом әзірленеді. Сарапшы-ғалымдардың бастамасымен тарихи орындарды жаңғырту, қалпына келтіру жұмыстарын жетілдіруге ұсыныстар дайындалуда. Қазан айында экспедицияның екінші кезеңін ұйымдастыру жоспарлануда. Экспедиция барысында облыстың батыс аудандарына барып ортағасырлық Жанкент қалашығы, Жаңқожа батыр кесенесі, Ғ.Мұратбаев мұражайы, сондай-ақ Қорқыт Ата мен Қалжан ахун мешіт-медресесі сияқты рухани ескерткіштерді қамту жоспарлануда.

Алғашқы сапардан мол рухани серпіліс алған экспедиция құрамы Алаштың анасына баланған Сыр өңірінің шежірелі тарихымен сусындады. Алдағы уақытта экспедиция жұмысына бұқаралық сипат беру басты міндеттердің бірі.

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық қайырымдылық іс-шараларының үйлестірушісі ретінде «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде маңызды жобаларды іске асыруды бастап кетті. Қайырымдылық жасаушы кәсіпкерлер мен меценаттардың деректер қоры мен әлеуметтік көмекті қажет етуші тұрғындардың мәліметтер базасы жасалды.

Облыстық ассамблея «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы шеңберінде «ҚХА-20 игі іс» республикалық акциясы, «Тайқазан» эстафетасы, «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциялары сәтті өткізіп, «Қайырымды ел» жобасын жүзеге асыруда. Бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша 732 іс-шара ұйымдастырылып, жалпы саны 59,289 млн. теңгенің қайырымдылық көмегі жасалды.

Биыл алғаш рет қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың I облыстық форумын өткізу жоспарланып отыр. Жобаны дәстүрлі түрде ұйымдастыруды көзделіп отыр. Аталған жоба аясында Сыр өңіріндегі қайырымдылық жасаушы меценаттар мен кәсіпкерлерді қолдау, қайырымдылықтың жағымды бейнесін қалыптастыруды көздеп отырмыз. Форум барысында меценаттар арнайы марапатқа ие болады. Қайырымдылыққа белсене атсалысқан меценаттар Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық ұйымдарының, меценаттар мен донорлардың республикалық III съезіне қатысатын болады. Аталған жобаны аудандарда ұйымдастыруды қолға алудамыз. Себебі, аудандарда өз аймағының өркендеуіне қолдау көрсетіп, бірақ тасада қалып жатқан қайырымгерлер баршылық. Біз соларды елге үлгі етіп көрсетуіміз керек. Жоба тек бір реттік форум өткізумен шектелмейді.

Елбасының мақаласынан туындай­тын міндеттерді іске асыруда облыстық ассамблея белсенділері әрдайым алдыңғы қатардан көрініп, қазақы­лық­тың қаймағы бұзылмаған Сыр өңі­рін­дегі ұлттық жаңғырудың берекелі жұмыстарының бастауында тұруға дайын.

 

Л.Б. ТӨРЕШОВА

Қызылорда облыстық Қазақстан ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30