Аналар кеңесі үлкен қайырымдылық жұмыстарын жүргізіп отыр

Қазақстанның барлық аймақтарында Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында Аналар кеңесі қызметін атқарып келеді. Ана-әйелдер қоғамдық-саяси, қоғамның мәдени және рухани өміріне белсенді түрде араласады. Олардың жоғары білімдік әлеуеті бар. Олар айтарлықтай еңбектік, ұйымдастырушылық және кәсіпкерлік тәжірибеге ие.

Жайлы отбасылық ахуалды құру мәселесі бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінде Аналар кеңесі, Әйелдер клубтары, Әйелдер комитеттері ұйымдастырылып, қызмет етіп келеді. Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінің жанында Аналар кеңесі тіркеліп өз қызметтерін жүргізіп отыр.

 

Ал білім мекемелерінде – «Аналар мектебі», «Қыздар» топтары жұмыстарын жүр­гізуде. Олардың қызметінің басты бағыт­тары: Ата-аналардың балалары алдындағы жауапкершілігі, отбасының қоғам алдындағы, мемлекет алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ отбасыда толеранттылық ахуалының қалыптастырылуы, өсіп келе жатқан буынды тәрбиелеу.

Алматы қаласының Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының жанындағы консультатив­тік-кеңесші орган болып табылатын Алматы қаласының ҚХА-ның жанындағы Ана­лар кеңесі үлкен қайырымдылық жұмыстарын жүргізіп отырады. Оны Нұрия Исмагилқызы Ниязова басқарады.

Аналар кеңесінің отырысында отбасы­дағы үйлесімді қарым-қатынастарға, от­ба­­сының маңыздылығы мен жеке тұл­ға­ның әлеуметтендірілуі, балалар мен жас­өспірімдерді тәрбиелеу, аналардың денсау­лығы, әйелдердің құқықтарын қорғау, әдет-ғұрыптар мен тілді, мәдениетті сақтап қалу секілді мәселелерге байланысты сұрақтар талқыланады.

«Жат балалар болмайды», «Бала күлкісі барша әлемге жарық сыйлар» науқандары дәстүрлі шараларға айналып кетті. Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығындағы, Балалар хирургиясы мен педиатрия орталығындағы онкогематология бөліміндегі балалармен түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Бұл іс-шаралар мен науқандардың мақсаты балаларға моральдық, психологиялық қолдау көрсету, оларға жылы, достық ахуалдағы салтанат пен мейрам жағдайын жасап беру.

Алматы қаласының «Щинсын» дүнген этномәдени бірлестігінде 1989 жылдан бері Әйелдер кеңесі жұмыс істеп келеді. Оның қызметі үй шаруашылығымен айналысатын әйелдердің қарым-қатынастарын, бос уақытын ұйымдастыруға, қыздармен тәрбие жөнінде әңгімелерді өткізуге, отбасы іші мен тысында толеранттылық қарым-қатынастарды қалыптастыру бойынша жас отбасылармен жұмыстарды жүргізуге, мемлекеттік нышандарды, мемлекеттік тілді және мемлекеттік мерекелерді насихаттауға бағытталған.

Алматы корей этномәдени бірлестігінде 2008 жылы «Саимдан» әйелдер клубы ұйымдастырылған. Оның мүшелерін отбасыда жарасымдықты, татулық пен келісімнің ахуалын қалыптастыру, жас ұрпақты қоршаған ортадағы барлық нәрселерге, Қазақстан мен тарихи Отанның мәдени мұрасына құрметпен қарауға үйрету деген құлшыныс біріктіріп отыр.

Этномәдени бірлестіктің жанында мәдени-бұқаралық, қоғамдық-ағартушылық, күрд этносының әйелдері мен өсіп келе жатқан жас буын арасында тәрбие жұмыстарын жүргізіп келе жатқан Әйелдер комитеті қызмет етеді.

Сонымен қатар Алматы қаласының басқа да этномәдени бірлестіктерінде Аналар кеңесі жұмыс істейді. Алматы қаласының ҚХА-ның жанындағы Аналар кеңестері ұлтаралық келісімнің мәселелерімен айналысады, отбасылық құндылықтарға, қазақстандық отансүйгіштік пен ұлтаралық толеранттылыққа баул уға қатысты үлкен ақпаратт ы қ-насихат жұмыстарын жүргізіп отырады.

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30