ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ

Барша қазақстандықтардың даналығы мен толеранттылығынан қолдау көріп отырған ұлтымыздың Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси қалауы біздің мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіріп отырған фактор болып тұр. Жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған «Татулық пен келісімнің жол картасы» атты мегажобаның бүкіл республика бойынша жүзеге асырылып жатқандығы осының айқын дәлелі. ҚХА мерейтойына даярланған жоба ҚХА ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің саласындағы жұмыстарының көпжылдық тәжірибесін паш етіп отыр. Бұл мегажобаның басты мақсаты Қазақстанда тұрып жатқан барлық этнос­тардың салттары мен дәстүрлерін, тілдерінің тарихы мен мәдениетінің дамуын, татулық пен келісімді сақтау және де еліміздің барлық аймақтарының арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды орнату болып табылады.

 

Ұзақ мерзімді мегажоба 2013 жылы басталып кетті. 2013 жылдың желтоқсан айында Астанадан Алматыға «Татулық пен келісімнің жол картасы» атты кітап тапсырылды. Мегаполистің 8 әкімшілік орталығы жұмыстарының есебі туралы жазбаларды және мемлекет пен ҚХА-на арнап тілектерді жаза отырып кітапты Алматы қаласы әкімінің аппаратына тапсырады.

Жобаның мақсаты – келісім мен толеранттылықты, саяси тұрақтылықты, қазақстандық отансүйгіштік пен ұлтаралық келісімді, Алматы қаласының ҚХА ұлтаралық келісімді нығайтушы ролін көрсету және Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің жетістіктерін баршаға паш ету.

Алматы қаласының Қазақстан халқының Ассамблеясы «Татулық пен келісімнің жол картасына» Қазақстанның басқа аймақтары секілді түрлі мерекелік іс-шараларды қосты. 2014 жылдың 26 маусымында Алматы қаласында 2015 жылдағы ҚХА-ның 20 жылдығы мен Астана қаласының Қала күніне арналған «Татулық пен келісімнің жол картасы» атты мегажоба басталды. Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары Алматы қаласының Қазақстан халқының Ассамблеясы мен Алматы метрополитені. Мегажоба Алматы қаласының метрополитеніндегі мәдени-патриоттық іс-шарадан басталды. Әрбір бекетте этномәдени бірлестіктердің өкілдері ұлттық ойындарды ұйымдастырып, ұлттық тағамдарды даярлау бойынша мастер-кластар мен сән көрсетілімін, Ассамблея туралы сұрақтар қойылған викторина мен концерттік бағдарламаларды ұйымдастырып отырды.

«Татулық пен келісімнің жол картасы» атты мегажобаның аясында мүгедек балаларға, табысы аз отбасылар мен көпбалалы отбасылардың балаларына көмек пен қолдау көрсетуге арналған әлеуметтік іс-шаралар эстафетасы Алматы қаласының Алатау ауданына өтті.

Алатау ауданының әкімдігі этномәдени бірлестіктермен тізе қоса отырып бірқатар мәдени іс-шараларды, қайырымдылық шаралары мен кездесулерді ұйымдастырды. Жеңістің 70 жылдығына арналған Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтау салтанаты өтті. Табысы аз отбасыларға, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынан айрылып қалған балаларға көмек көрсетілді.

«Татулық пен келісімнің жол картасы» жобасының нышандық «Тілектер кітабын» Наурызбай ауданының әкіміне тапсыру кезінде Алатау ауданының әкімі Бағдат Сайланбайұлы Манзоров: «Қазіргі таңда әлемдегі көп елдер ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін мойындап, жоғары бағалады. Біз бүкіл әлемге біздің елімізде жүз отыз ұлттың өкілдерінің тату-тәтті түрде өмір сүріп жатқандығын көрсеттік», – деді.

 

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30