Қасымхан БЕГМАНОВ

Қасымхан Бегманов – Қазақстан Жастар Одағы және халықаралық Алаш сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері.

Көрнекті ақын Қасымхан Бегманов 1958 жылы тамыз айының 4 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Түркістан қаласына қарасты Бабайқорған орта мектебін бітіріп, Қ.И.Сәтбаев атындағы политехникалық институтының машина жасау факультетінің 1980 жылғы түлегі. Тұңғыш жыр кітабы «Бастау» деген атпен студент кезінде «Жалын» баспасынан шыққан. «Жазушы» баспасынан «Қарашық», «Бесіктен бейітке дейін», «Өлке» баспасынан «Сағыныш», «Ол көктем оралмайды», «Атамұра» баспасынан «Менің Түркістаным», «Қайнар» баспасынан «Ақ жаңбырлар әуені», және «Ұшпақ» баспасынан екі томдық таңдамалы кітаптары жарық көрген. Сонымен қатар жуырда «Дәстүр» баспасынан «Этногрофпен әңгіме» (бірінші басылым), «Салты мықтының – халқы мықты» (екінші басылым) «Өлке» баспасынан жарық көрді. «Мұстафа Шоқай жолымен» атты деректі фильм түсіріп, тұсау кесер рәсімін Алматы, Астана, Өскемен, Қызылорда, Шиелі, Шымкент, Кентау қалаларының әкімшіліктері өте жоғары деңгейде өткізді.

Өлеңдері өзбек, қырғыз, түрік, якут, орыс, қытай халықтарының тілдеріне аударылған. Көптеген елге кең тараған ән өлеңдерінің авторы. Шығармашылық өмірбаяны ұлттық және қазақ әдебиеті энцеклопедияларында жарияланған. Топтама жырлары қазақ поэзиясының антологиясында жарық көрген. Ақын жырлары мектеп оқулықтарының қазақ, өзбек тілдерінде шыққан хрестоматияларына енген.

Ақын сондай-ақ республикалық «Дәстүр» журналы мен «Дәстүр» баспасының президенті әрі құрылтайшысы болып табылады.

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30