Илья ЖАҚАНОВ

                                                                    СЫРЛЫ ЖҮРЕК ПЕРНЕСІ

                                                                                Лирикалық эссе 

   Кітапта Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның «Парасат», Қырғызстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері, Жамбыл және Ш.Айтматов атындағы халықаралық әдеби сыйлықтарының лауреаты, атақты композитор, белгілі жазушы, өнер зерттеушісі Илья Жақановтың Қазақстан Жастар одағы және халықаралық Алаш сыйлықтарының лауреаты, талантты ақын Қасымхан Бегмановтың өлеңдеріне жазылған «Оңтүстіктің алтын күзі» атты цикл әндерінің тарихы баяндалады.

     Қазақ өлеңінде өз қолтаңбасы айқын қалыптасқан дарынды ақынның шығармашылығына жан-жақты, терең талдаулар жасалынады.

    Сонымен қатар бұл кітапқа баспасөз беттерінде жарық көрген елімізге белгілі ақын-жазушылардың  Илья Жақанов пен Қасымхан Бегманов туралы мақалалары да еніп отыр.

  Кітап терең толғаныспен, көркем тілмен шынайы суреттелген.

 

 

Сырлы жүрек пернесі

(Лирикалық Эссе)

                 Мезгілде толас жоқ. Ағылады да жатады…

         Тағы бір күз келді. Ақ түбіттей шұбатылған алашарбы бұлт жайлап қана  тұп-тұтас жылжиды. Тіпті, оның қозғалып, маңып бара жатқаны сезілмейді де. Бұл кешегі бір жадыра-жайсаң күндерде ұлы тіршіліктің жазғы ду – дуы саябыр тартып, қырмызы гүлдері жайнаған даланың  жұпар лебі білінбей, күннің қызуы қайтқан  кез.

         Көк жүзінде  моншақтай тізіліп,  жылы жаққа бет түзеген құстар үні  әр нені ойландыра,  уһілете  еске салып,  мұңды әндерін жібектей сызылтып, алуан түске боялған тау-тоғайды, айдыны салқын өзен-көлді, үнсіз мүлгіген сары адырларды бесік жырындай тербетеді. Құстардың қиқулап қайтуы арман-тілегіңді әлдеқайда алып кетіп бара жатқандай көз талдыра,  сарылта қаратады.

          Күз  - сарғайған жапырақ, сары дала.

Күз – сарсаң ой. Қиялың жетпейтін сағым дүние. Сарылтқан сағыныш. Емінткен аңсау.

Күз - кешегі бір лебіңнен жалын атып, аспандағы  Күн мен Айға, жымыңдасқан жұлдыздарға қол создырып, өзіңді қоярға жер таппай, бұлғақтап жүрген ессіз күндеріңді жайната   елестетіп, бәр-бәрін алақанға салып, сол тәтті сәттерден қалай ғана  “көз жаздым” деп…  иә, өкіндіре “аһ” дегізетін толғаныс бір.

Күз –көлеңке басы ұзарған үлкен өмірдің бірте-бірте баяулап, қоңырқай тартып, қарауыта беретін сәті.

Көк торғын шәлі жамылған тау қойнауы, шалғыны  құлпырған  бел-белестердегі шоқ-шоқ қайыңдар мен теректердің  құбыла қалған осы бір қызылды-жасылды реңі  мені әр кез  элегия, романс әуезімен баурайды. Күз түссе болды,  табиғат төрінде  жүре бергім келеді. Дала үні… соған құлақ түрем.

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30