Бала кезден жырсыз таңым атпаған

«Қасымхан Бегманов! Лермонтовтай тұңғиық, зілді, терең, тәкапар; Есениндей  есіле жөнеліп, аһ ұра беріліп, сүйгеніне, сүйіктісіне құлай түсетін және тез жерініп, тез опынатын ақындық ерекше жаратылыс, ақындық болмыс…» белгілі композитор, өнер зерттеушісі, жазушы Илья Жақанов өзінің Қасымхан Бегманов туралы «Сырлы жүрек пернесі» атты кітабында осылай деп толғайды.

«Бірге өткен кештерім үшін,

Қалсын осы ән естелік үшін.

Сені мәңгі аялап өтем,

Жүректегі   көктемім үшін...» –деп көпшіліктің көңіл түкпірінен орын алған ойларды ақын әдемі ұйқаспен өрнектеп жеткізгендей. Бірде тарих пен этнографияны тереңнен зерделеп жазса, енді бірде махаббат аралына еркін еніп, кеңінен көсілген көрнекті ақын Қасымхан Бегмановты қыркүйектің 26-шы жұлдызында журналистика факультеті баспа ісі және дизайн кафедрасының 3 курс студенттері кездесуге шақырды.

Кеш Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің Т.Қожакеев аудиториясында өтті. Кездесуде ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған белгілі эстрада әншілері орындап жүрген танымал әндері шырқалды. Кешке Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы-журналист Зәкір Асабаев, ҚазҰУ-дың әлем тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, деректанушы Қамбар Атабаев, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Нұридин Балқияев,  ақын Алмат Исәділ, Сағатбет Медеубекұлы, Мұрат Шаймаран және Тараздан арнайы келген Шәріп Дәулетбаевтар өз лебіздерін білдірді. Эстрада әншісі Шаба Әденқұлқызы ақынның сөзіне жазылған «Алматым – әнім», «Бақыт туралы баллада» әндерін нақышына келтіре орындап, кештің көркін аша түсті. Жыр кешінің соңында Қасымхан Бегманов сөз сөйлеп, өзінің кітаптарын ерекше көзге түскен  әдебиет жанашырларына  сыйға тартты.

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30