ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «Барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін  әрқашан есте сақтауымыз керек.

Тілден күшті еш құдырет жоқ маған,

Ілестірме,

Тілге лас,

Шөп-шалаң.

Жауған оқтан,

Жасқанбаған қазағым,

Толығырақ...

Мемлекеттік тіл – ұлт мәртебесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандық­тарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек. Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. Қазақ тілінің мәселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған тіл мәселесін жаңа ғасырдың алғашқы жиырма жылдығында түбегейлі шешуге мемлекет те мүдделі. Ата заңымыздың 7-бабында: «1. Қа­зақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Толығырақ...

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ТАРИХИ ТАҢДАУ

Тарих беттерін парақтай түссеңіз. Қазақ жазуының басынан не қилы заман өтпеді дейсіз! Әу баста А. Байтұрсынұлы қалыптастырып берген жазу үлгісінен айрылғаннан бастап, қазақ жазуы кириллица тұтқынында өмір сүріп келді. Жазу ұлттық үлгіден адасып, орыстақылық кейіпке түсті. Сол үлгімен әлі күнге жүріп келеміз.

Елімізде Тәуелсіздік таңы атқалы бері осы мәселе күн тәртібінен түспей келеді. Бұл заңды құбылыс.

Іргелі ұлттар өмірінде орын алған тарихи оқиғалар көбімізге мәлім. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында Қазақ елінің тархында да осындай іргелі оқиғалар болды. Қайсыбірін еске ала отырған жөн сияқты.

Толығырақ...

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – БАРШАМЫЗҒА ПАРЫЗ

Қазіргі уақытта Жетісу өңірінде Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына байланысты нақты жоспарлар жасалып, оның барынша нәтижелі орындалуына ерекше назар аударылуда. Солардың ішінде «Туған жер» бағдарламасы бойынша қоғамдық сананы жаңғырту, білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу, экологияны жақсартуға және елдімекендерді көркейту, көріктендіру және аббаттандыруға арналған іс-шаралар белгіленген.

Толығырақ...

ТУРИЗМ ТАРИХЫНАН

Әлемдік және отандық туризм тарихына үңіліп көрелік. Негізі о баста саяхаттар жаңа сауда жолдарын ашу, дүниені тану, жаңа елдер мен жерлерді ашу мақсатында өткізіле бастаған. Сонау ежелгі Рим дәуірінде бай ақсүектер императордың рұқсатымен демалу мақсатында Мысырға, басқа да елдерге сапар жасапты.

Әлемдегі алғашқы саяхаттар VIII ғасырда француз королі Ұлы Карл (742-814) мен «Мың бір түнде» талай әңгімеленген халиф Һарун әл-Рашид арасында достастық қатынастар орнатылған кезде шығарылған екен. Осыдан кейін француз шонжарлары Палестина мен Кіші Азия елдеріне жиі-жиі экскурсияларға бара бастаған.

Толығырақ...

ЖЕРДІҢ АТЫ – ТАРИХ ХАТЫ

Мұсатай ҒАЛЫМҰЛЫ,

Өлкетанушы,

фольклортанушы

ғалым, профессор:

– Қазақтың жер-су аттары халықтың шежіресінен, тарихынан сыр шертеді. Ақмола облысының жер-су аттарына, аңыз, әпсаналары туралы айтыңызшы.

–       Бізден ғылымы, әскери потенциялы басым мемлекеттер бар. Бірақ біз еш мемлекеттің саяси және рухани үстемдігін мойындамауымыз керек, себебі оны мойындаған халық рухани жаңғыра алмайды.

Толығырақ...

ҰЛТТЫҚ ТУРИЗМНІҢ БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Қазақстанның киелі және тарихи жерлерін дәріптеу, ұлттық туризмді насихаттау және дамыту міндетін өзекті мәселе ретінде алға тартқаны баршамызға белгілі. Осыған орай Оңтүстік өңірде ұлттық туризмнің дамуына атсалысып жүрген туристік кешендер аз емес. Осы мәселені қолға алып, оның ішінде ішкі туризмнің қарқынды дамуын қолдап-қуаттап, жанашырлық білдіріп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа айтар алғысымыз көп. Біз осы саланың қаншалықты жұмыс жасап жатқанын және оның алда тұрған міндеттерін білу үшін Шымкент қаласында орналасқан «Жаңа талап» спорттық және туристік агенттігіне атбасын бұрдық.

Толығырақ...

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30