Бізбен байланыс

050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы 143, 4-қабат, офис400.

Байланыс телефондары:

Бас редактор: 8(727)3944293

Бас редактордың қабылдау бөлмесі/факс: 8(727)3944193

Электронды пошта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жазылым

Индекс – 74262

Ұлттық- этнографиялық   "Дәстүр" журналына  жазылу жыл бойы жүргізіледі. 

"Уықты басқұр сақтайды, ұлтты дәстүр сақтайды" дейді халық даналығы.  Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білгіңіз келсе "Дәстүр" журналына жазылыңыз.

 Басылымның әр бетінен қазақы құндылықтарымыз жайлы танымдық, ғылыми мақалаларды, ұсыныстар мен пікірлерді оқи аласыз.

Елбасымыз Мәңгілік Ел идеясын ұсынып республика жұртшылығын ұлы мақсат жолында еңбектенуге үндеді. Осы орайда салт-дәстүрімізді білудің,  дамытудың,  жаңғыртудың маңызы зор екені даусыз.

Қадірлі оқырман, Қазақ елі салт-дәстүрімен әдет-ғұрпымен ғасырдан-ғасырға өмір сүріп келе жатқан халық. Ежелден келе жатқан бабалардың бағзы жолын қасиетті дағдысын, салиқалы ғұрпын қайта жаңғырту бүгінгі заман талабы.

Мәңгілік Ел болу үшін оның ішінде, Қазақ елі болу үшін қазақы қалпымызды, құндылықтарымызды сақтау ләзім.

"Дәстүр" журналы сіздерге осы бағытта қызмет көрсетеді. Тиісті орындарға барып жазылып, алдырып оқыңыз.

Әдет-ғұрпымызды дамыту тұрғысындағы ой-пікірлеріңізді, ұсыныс-тілектеріңізді редакцияға жолдап отыруды ұмытпаңыз.

Алматы қаласы бойынша

Аймақ/қала

Аудан/ауыл

6 ай – 1643,97

6 ай – 1676,52

6 ай – 1687,38

12 ай – 3287,94

12 ай – 3353,04

12 ай – 3374,76

Біздің журналға Қазақстанның кез келген елді мекенінде орналасқан «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелерінің бірінен жазылуыңызға болады. Және «Евразия-пресс», «Эврика-пресс», «Ернұр-пресс», «Тараз-пресс» агенттіктері арқылы жазылуды рәсімдей аласыз.  

Толығырақ...

Қазақ жері қазба байлықтарға өте бай өлке

Адамзат баласы тағылымды тарихтың талай парақтарын артқа тастаса да, саналы ғұмырына сәулесі мен нұрын шашқан, өміріне «бейнетімен» қоса, зейнетін сыйлайтын ғылымнан алшақтап кеткен емес. Әлемде ғылымның түрлі саласы бар деп бағамдасақ, қызығы мен шыжығы мол саналатын геология ғылымы да – сол ілімдердің бірі. Қазақ топырағында геология ғылымы өткен ғасырда Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың  тікелей бастамасымен дүниеге келді.

Толығырақ...

Ұлттық тәрбиенің ұлағатты тағылымы

Әрбір ұлағатты ұстаз өмірінде тәлім-тәрбие беретін тәжірбие жинайды, жинақтайды, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндейді. Түйгенін ой елегінен өткізіп, таразының екі басына салып саралайды, қорытындылайды. Тәрбие жөнінде аз-маз ой қозғасам, ойлыларға ой салар, балғын балалар болашаққа үкілі үмітпен үңілер деген ізгі оймен ой бөліспекпін. Тәрбиенің негізгі алтын діңгегі - ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген - ұлттық тәрбие тағылымы. Сан ғасырлар бойы шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтай шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиені жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толыққанды тайға таңба басқандай жеткізсек,  таптырмас тағылым болары сөзсіз. Сонымен сөз басын қазақ халқының даналығы мен халық педагогикасын байланыстыра баяндауды жөн көрдім.

Толығырақ...

Ата-баба аруағы жебесін

Аруаққа табыну салты - қазақтағы қайтыс болған туысқандардың, ру-тайпа көсемдерінің, ең ақырында елдің игі жақсыларының аруағы желеп-жебейді, ұрпақтарын қолдап-қоршайды, қолтығынан демейді деген ежелден қалыптасқан наным-сенімге байланысты атқарылатын ғұрыптар жүйесі. Аруаққа табыну - әлем халықтарында жиі кездесетін салт. Аруақ культінің пайда болуына байырғы адамдардың жанның мәңгіліктігі туралы түсінігі, бір сөзбен айтқанда, анимистік көзқарасы ілкіде баспалдақ болса, кейіннен қауымның әлеуметтік құрылымын нығайта түсуге себепші болған тотемизм сенімінің ықпалы зор болған. Байырғы тайпалардың мифтерінде рудың ілкі атасы зооантропоморфты тотем-бабалар ұрпақтарына ұдайы шарапат жасаушы бейне болып келеді. Мәселен, көк бөрі, ақ қаз, аққу, марал түрік халықтарының арғы нәсілін таратушы кейіпкер ретінде сипатталса, қырғыздардың бір руы - мүйізді бұғы-анадан, Шыңғыс ханның арғы тегі мен марал-анадан жаралғаны аңыздарда айтылады. Осы киелі аң-құстар көшпелі қауымның ежегі дәуірден табынатын нысанына айналып, аса қадірленеді. Кейіннен патриархалдық-рулық қоғам дамығанда аталмыш тотем-хайуанаттардың орынын біртіндеп тайпаның билігін ұстаған көсемдер  тұлғасы алмастырып, түйіндеп айтқанда, тотемизмді аруақ культі ығыстырғаны ғылымда дәлелденген. Әйткенмен тотемизмнен аруаққа табыну салты синкреті өмір сүрген кезеңдер мен ортақ мәдени қабаттарда байқалады. Соның салдарынан қаһарман рубасылардың дене мүшесіне тотем  аңның бір белгісі болғандығы туралы аңыздар таралады. Немесе ерекше тұлға туарда оның анасы киелі аң-құстың етіне жерік болады. Нәтижесінде болашақ қаһарман нысаналы жаралып, адами мүмкіндіктен артық алапат қуатқа ие болады. Айталық, наймандар мен қыпшақтардың ұраны болған Қаптағай атан жілікті, нар денелі, жараған бурадай қаһарлы болған деп түйемен байланысты аңыздалады, себебі қаптағай деген сөз - үйір-үйір болып түзде жүретін тағы түйенің бурасының атауы. Демек, Қаптағай бабаның киесі арғы тотемнен дарығаны халық аңызында тұспалданған деуге болды. Шапырашты бабаның тегі "Бөрі басы - ұраным, бөрілі менің байрағым" деп Сүйінбай ақын жырлағандай қасқырмен жанастырылса, Мүйізді Өтеген, Қаздауысты Қазыбек, Қудауысты Құттыбай деген теңеулерде ежелгі мифтік символдар белгілі дәрежеде бейнеленген. Қазақ шежірелерінде рубасы аруақ нәсілді таратушы ғана емес, ұлысты ұйыстырушы, оның әлеуметтік-психологиялық мәнге ие салтын, ереже-жарғысын қалыптастырып, нығайтып орнықтырушы, осы құндылықтарды ұрпақтарға мәңгі аманат етуші, ақырында тұрақты бақылаушы тұлға бейнесінде өсиеттеледі. Қазіргі ұрпақ сол аруақты атаның аманатын орындаушы, ақ жолын жалғастырушы буын ретінде таңбаланып, арғы баба мифтік энергияның сарқылмас көзіне, қиын-қыстау сын сағаттарда қуат беруші, ал ата жолын бұрмалаушыларды жазалайтын киелі күшке айналады. Сол себептен де "аруақ атсын" деген қарғыс өте қатерлі саналады.

Толығырақ...

Бұрымыңды кеспе, бойжеткен

(Жазушы Гулзат Шойбекованың "Бұрым" әңгімесін оқығаннан кейінгі ойлар)

Гүлзат Шойбекованың "Бұрым" әғгімесі шап-шағын, бар-жоғы екі-ақ беттік әңгіме. Әдемілікті қадірлей де, әдемілікке сүйсіне де білетін қазақ қос өрім, тілерсекке түскен бұрымды көргенде үлкен-кішіміздің, еркек-әйеліміздің бәріміздің таңданып, сүйсініп еріксіз көзімізбен қимай шығарып салатынымызда да рас қой. Шаш - әйел көркі. Бұрымды қыз бүгінгі ұрпақтың арасынан қырық қыздың ішіндегі жалғыз аққудай некен-саяқ.

Жалпы, қазақ халқы адамның шашына үлкен мән берген. Қай халық, қай ұлт болсын аяғы ауыр болған күннен бастап шашын қырықпай өсіретін аналардың ырымын жақсы білеміз. "Шашымды қырықсам, болашақ баламның өмірін қырыққаным" деп қорқатын ана танымы қаншама уақыт, қаншама техника ғасыры келсе де, еш өзгерген жоқ. Урбанизация, глоболизация, феминизм, гендерлік деп желпінетін, неге болса да даяр тұрған, жаңаның бәрін қабылдауға, еліктеуге даяр тұратын біздің әйелдік санамыз аяғымыз ауыр болған кезде шаш қырықпауға келгенде тым тұрақтымыз. Мейлі, ол белгілі қоғам қайраткері, атақты өнер жұлдызы, тіпті қатардағы әйел, жас ана болса да өздерінің жас ерекшеліктеріне қарамастан өз ұстанымдарына тым беріктігіне таң қаласыз. Қысқа шаш қоюдың себебін жас көрінеміз, заман талабына, сәндік сұранысқа сай және ыңғайлы деп сылтаурататын әйелдер қауымы аяғы ауыр кезде тым көнбіс, өз еркімен және саналы түрде көнгіш. Бұл да болса ананың баласының алдындағы асқан жауапкершілігінде, құдіреттілігінде жатқан шығар.

Толығырақ...

Киімге қатысты тиымдар мен ырымдар

Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию – жақсы ырым саналады.

Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.

Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау жаман ырым. Егер адам оны кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек.

Кір киімді киюге болмайды. Киімді әрқашан таза және ұқыпты ұстаған жөн.

Көпшіліктің алдында жалаңаш-жалпы жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.

Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады.

Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан улы жәндіктер болса ұшып түседі.

Толығырақ...

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31